Мамырдың 31-інде Түркіменстанның бас прокуроры Құрбанбүбі Атажанова баспасөз мәслихатын өткізіп, Құрбанмұрадовқа қарсы қойылған алғашқы айыптаманы көпшілікке жариялаған болатын
- Құрбанмұрадов жауапты қызметте жүріп сыбайластарымен, шетелдік компаниялармен және «Ерко» фабрикасымен заңсыз бизнестер жасаған. Қылмысты топтармен байланысы бар. Көп мөлшерде пара алған. Сондықтан, біз оның үстінен қылмыстық іс қозғадық, - деді бас прокурор.
Ал одан кейін көп ұзамай Құрбанмұрадовқа жаңа айыптар тағылды. Түркіменстан Ұлттық қауіпсіздік министрі Гелдімұхаммед Әшірмұхамедовтың президент Ниязовқа және кабинет мүшелеріне айтуынша, Құрбанмұрадовтың тағы да өзге қылмысты істері бар екен.
- Йоллы Құрбанмұрадов өткен жылдың қазан айында шетелдік барлау қызметінен түрікмен жанармай, газын арзан бағамен сатып алу жөнінде интернет хат алған. Шетелдік барлау қызметімен бейресми байланыс жасаған, оларға өз қызметін ұсынған. Ұлы басшым мен тергеу құпиясына байланысты ол мемлекетті атай алмаймын, - деген министр Г.Әшірмұхамедов.
Сондай-ақ, қауіпсіздік министрінің айтуынша, Құрбанмұрадов Түркіменстандағы тұрақтылықты бұзып, елге әлеуметтік бейберекеттік жағдай алып келген көрінеді. Оның үстіне, 2004 жылдың желтоқсан айында ол бүкіл елде қолдан жанармай тапшылығын жасауға әрекеттенген дейді қауіпсіздік министрі Г.Әшірмұхамедов:
- Бірақ, біз ондай арандатудың алдын ала білдік.
Одан кейін президент С.Ниязов министрден Құрбамұрадовтың қанша ақша ұрлағаны жөнінде мынадай қойды:
- Доллармен есептегенде Құрбанмұрадовтан мемлекеттің қанша ақшасы қайтарып алынды?
Бұан министр Г.Әшірмұхамедов, айып тағылып отырған Құрбанмұрадовтан 188 млн доллар шамасында ақша қайтарылды деп жауап берді.
- Міне, бұл негізгі нәрсе. Болмаса біз отырып қалар едік. Сол қайтарылған қаржы үшін саған рахмет. Егер ол ақша табылмағанда, мен қатты ренжіген болар едім, - деді президент Ниязов.
Бірақ, әзірге Құрбанмұрадов шетелдің пайдасына шпиондық жасағаны жөнінде ешқандай сөз жоқ. Ал президент Ниязов мұнай және газ министрі Илияс Чарриевтің 3 айлық жалақысын ұстап қалуға бұйрық бергені мәлім болып отыр. Оны 2004 жылдың соңындағы бензин тапшылығы үшін кінәлаған еді. Ал енді сол Чариевке 99 млн доллар ақша ұрлаған деген айып және тағылып отыр.
Түркіменстан Орталық банкінің бұрынғы бастығы, қазір шетелден баспана алған Құдайберді Оразов мұның барлығы Ниязовтың қитұрқылы деп санайды.
- Сапармұрат Ниязовта қалай ақша жымқырудың өзіндік тәсілі бар. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында көптеген ресми басшылар заңсыз ақша табуға белсенді кіріскен болатын. Сол ақшадан олар міндетті түрде Ниязовқа өз үлесін беріп тұрған. 1995-96 жылдарға қарай әлгі басшыларды қызметтен қуа бастады. Олардың кейбірі қызметте қалғанымен, бәрібір өздерін Ниязовқа жақын адамбыз деп есептей алмайды, - дейді Қ.Оразов.
Ал бұл жолы президент С.Ниязов бас министрдің бұрынғы орынбасары Йоллы Құрбанмұрадовты «өтірікші», «сатқын», «шпион» деп атап, оны ауыр жазаға тарқызайын деп отыр.
Ашғабаттан хабарланғанындай, осы аптада Түркіменстан президенті Сапармұрат Ниязовтың осы қызметте отырғанының 13 жылдығы үлкен салтанатпен аталып өтті. С.Ниязов бұл уақыт ішінде жалғыз ғана рет дауысқа түсіп, 99,5 пайыз дауыспен президент болып сайланған болатын.