Маусымның 4-күні Астанада «Қазақстан үкіметі мен Дүниежүзілік банктің мал шаруашылығы саласында бірлескен экономикалық зерттеулері» тақырыбында ұлттық конференция жұмысы болып өтті. Қазақстанның ауылшаруашылық министрлігі мен Дүниежүзілік банк ұйымы өкілдерінің қатысумен өткен бұл жиында Қазақстаның мал шаруашылығы саласында жүргізіп жатқан саясатының макроэкономикалық құрылымы мен оның салаға әсері талқыланды. Жарыссөзде сөз алғандар жақын онжылдықта Қазақстанның мал шаруашылығы саласындағы макроэкономикалық құрылымды қалыптастыратын екі негізгі бағытты атады. Олар -республикада қарқынды дамып келе жатқан мұнай-газ саласы және жақын болашақта Қазақстанның Әлемдік сауда ұйымына мүше болу мүмкіндігі. Кеңестік дәуірде Қазақстанның негізгі салаларының бірі болған мал шаруашылығы соңғы 13 жылдың көлемінде айтарлықтай кенжелеп қалды дейді Қазақстанның ауылшаруашылық министрлігінің ал шаруашылығы департаментінің бастығы Совет Сатығұл.
Совет Сатығұл, Қазақстанның ауылшаруашылық министрлігінің ал шаруашылығы департаментінің бастығы:
- 1990-жылдан бастап Қазақстанда ешқандай зерттеулер жүргізілмегендіктен, біз қазір қолдағы малдың тұқым қоры қандай дәрежеде екенін біле алмай отырмыз.
Совет Сатығұл мырзаның айтуынша, қазірде Қазақстанға жыл сайын шеттен 50 мың тонна ет өнімдері әкелінсе, оның 48 мың тоннасын тауық еті құрап отырған көрінеді. Ал, қазақстандық құс өсіретін шаруашылықтар үшін өнімнің өзіндік құны қымбатқа түсіп отырғандықтан, олар шетелдік өнім өндірушілермен бәселестікке төтеп бере алмай отыр.