Accessibility links

Oрталық Азия елдерінде İсләмшіл топтерға қарсы күрес науқаны одан әрі жалғасуда


Міне осындай намазға шақыру Азаны, Тәжікстан астанасы Душанбедегі мешіттерде, тәулігіне бес рет жаңғырып тұрады. Бірақ бұрыңғы кезден айырмашылығы, қазір Азан дауыс ұлғайтқышпен таратылмайды.

Душанбедегі мешіттер қайта ресми тіркеуден өткізіліп, енді қала әкімінің жарлығымен Азан шақырылған кезде техникалық құралдар пайдаланылмайтын болған.

Тәжікстандағы діни мәселелер бойынша комитет жетекшісі Саид Ахмадовтың пікірінше, ондай шара дұрыс жасалған.

“Дін жөніндегі жаңа заңға орай, барлық діни мекеме, ұйымдар тіркеуден өтеді. Бұл оларға еркін әрекет құқығын береді. Ал еркіндік заң бойынша қорғалады. Сондай-ақ, тіркелген ұйымды үкімет біліп, бақылап отыруға мүмкіндігі бар”, - дейді діни комитет жетекшісі.

Жаңа заңға орай, 15 мың адам қажет деп қол қоймаса, жаңа мешіт салуға рұхсат берілмейді. Ал бірақ, еурейлердің синагогасын немесе християндардың шіркеуін салу үшін 10-15 адамның өтініші мен қолы болса жетіп жатыр екен. Сондықтан кейбір ісләмшіл топтар “Үкімет діни қауымдарды алалауда”, - деген шағымдар айтуда.

Дегенмен, Тәжікстандағы басым көпшілік мұсылман мұндағы діни шараларға өкпелі емес . Оған негізгі себеп, Тәжікстан, Орта Азия аймағындағы діни саяси қозғалыс – İсләм Қайта өрлеу партиясын ресми тіркеуден өткізген жеке дара ел.

Бұл партияның басшы орынбасары, Парламент мүшесі Мұхаммад Химматзоданың тілшімізге айтуынша, İслам Қайта өркендеу партиясы , Тәжікстан үкіметінің бұл партияға деген жылы көзғарасына риза екен.

“Біздің жұмысымызға заң жүзінде кедергі жоқ. Себебі партияның іс әрекеті ата заң бойынша қорғалады. Бірақ іс жүзінде кейбір жергілікті әкімдер біздің белсенділерімізге жұмыс істетпейді. Мысалы, Кулоб обылысындағы басшылар аймақтық кеңселер ашып, жыйындар өткізуімізді қаламайды. Соған қарамастан, біздің партиямыз заң шеңберінде, бұл маселелерді, шешуге әрекет жасап келеді”, - дейді Химматзода.

Жалпы алғанда, İсләм Қайта өрлеу партиясы Тәжікстандағы саясатқа үлкен әсер ете алмайды. 2000-жылғы парламенттік сайлауда екі-ақ орынды жеңіп алды. Бірақ қалықаралық бақылаушылар ол сайлаудағы заңсыздықтар үшін сынады.

Дегенмен, парламенттегі екі орын және бір шама діни еркіндіктің өзі, көршілес Өзбекстандағы жағдаймен салыстырғанда , айтарлықтай үлкен жетістік еді.

Human Rights Watch ұйымының Тәшкендегі өкілі Матилда Богнердің айтуынша, Өзбекстанда, İсләм қозғылысына қатысты деп алты мыңдай адам түрмеге жабылған.

“Жайғана бейбіт діни тірліктері үшін мыңдаған Өзбек азаматы абақтыда жатыр. Бірақ ол азаматтар шын мәнінде қылмыс, зорлық-зомбылық жасаған емес. Мойындарына айып та қоялмайды. Өзбектер İсләмшіл топтарды жазалау арқылы ішкі саяси оппозицияға қарсы шабуылды күшейтуде”, - дейді Матилда Богнер.

Богнердің айтуынша, Өзбек үкіметінің өзі де саяси қарсыластарды басу үшін экстремистік тәсілдерден пайдалануда. Богнердің пікірінше, Өзбекстан İслам қозғалысы да, Хезб ұт-Тахрір де ел арасында үлкен қолдауға ие емес.

Дегенмен, негізінен Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстанда кездесетіндігіне қарамастан, Орта Азиялық бес мемлекетте де Хезб ұт-Тахрір топтарына қарсы белсенді күрес жалғасуда.

Ал, İсләм Қайта өрлеу партиясы жетекшілерінің бірі Химматзоданың тілшімізге айтуына қарағанда, олардың партиясы өзге ісләмшіл , әсірешіл, терроршыл топтармен ешқандай байланысы жоқ.

“Хезб ұт-Тахрірдің біздің партиямен ешқандай қатысы жоқ. Керісінше олар бізді айыптап, сынап келеді. Біз зайырлы жүйемен бейбіт байланыс жолын таңдадық. Заң шеңберінде жұмыс істейміз”, - деген Химматзода.

Университет шәкірті Бахтиердың айтуынша, ол İсләм Қайта өрлеу партиясын қолдамайды екен. Бірақ

“Меніңше біздің қоғамға барлық партиялар жат емес. Демократтар да, İслам Қайта өрлеу партиясы да, коммунистер де жүре берсін. Олардың ар қайсысының қоғамдық орны бар”, - дейді стүдент. “Әркім өзі біледі, өз құқығы бар, бірақ мен өзім мешітке бармаймын”, - дейді Бахтиер.
XS
SM
MD
LG