Христиан қауымдастығының кейбір басшылары АҚШ әскері соғысты жеңді, бірақ елде бейбітшілік әлі орнаған жоқ, болашағымызға алаңдаймыз дейді.
Ирактың шағын болса да оқшалау қалған христиан қауымы Саддам Хусейнді әр түрлі сипаттайды. Мәселен, Уильям Нюрвин деген тегі британдық мына католик азамат Саддам Хусейнді қанаушы диктатор емес, жарылқаушы көсем деп қабылдайды. Уильям Нюрвиннің жасы отызда, ол Саддам Хусейннен басқа ел басшысын көрмеген.
- Бізді ешкім қорлаған жоқ, және ол ешкімнің қолынан келмес еді. Себебі біз Саддам Хусейннен қолдау көрдік. Христандар оның көңілінен шықты, Саддам Хусейн оларға барлық еркіндікті берді,- дейді Уильям Нюрвин.
"Азаттық" Радиосының Бағдаттағы тілшісі Валентинас Митте жазып отырғандай, Уильям Нюрвин – бұрыңғы бас министр орынбасары Тариқ Әзіз сияқты санаулы христиан азаматтарының қатарында Саддам Хусейннің қасына іліккен.
Уильям Нюрвинге қарағанда Юсиф Томас Миркис христиан қауымының тұрмысын өзгеше сипаттайды. Юсиф Томас Миркис Бағдатта Доминикан католиктерінің шіркеуін басқарады, "Христиан санасы" атты араб тілді журналда бас редакторлық қызмет атқарады. Иракта шамамен бір миллион христиан болса, олардың басым көпшілігі Саддам Хусейннің үкіметінен жақсылық көрген жоқ. Жалпы барлық диктатоллар шағын қауымдастықтарға ойына келгенін істейді, дейді Юсиф Томас Миркис.
- Егерде діні христиан азамат не оның әйелі исламға өтсе, олардың балалары бірден мұсылман деп есептелетін. Ер азамат болсын, әйел азамат болсын мұсылмандыққа өтуге мәжбүрленді. Бұл Баазс партиясының билігі құрған ереже болатын, - дейді католиктер шіркеуінің пасторы Юсиф Томас Миркис.
Ирак христандарының саны жалпы көбірек болған, дейді Юсиф Томас Миркис. 1991 жылғы Парсы шығанағы соғысынан кейін Саддам Хусейннің Баазс партиясы жеңілістен кейін елдің рухын көтеру мақсатында ислам қағидаларын әсіре қанаттандырды, өзге діндірді кемсіте бастады. Сондықтан Ирактан шамамен 200 мың христан азаматы кетіп қалды. Христиан қауымы басым елді мекендерде негізгі жағдай тек мұсылман азаматтарына жасалды. Мектепте бір мұсылман оқушысы болса христиан балалары өз дінін оқи алмады не болмаса құранды жаттауға мәжбүрленді. Христан қаумы Иракта шағын және өз алдына тағы бөлшектелген, халдей католиктері, армян және сирия православтары, грегориян және тағы-тағы осылай бөліне береді.
Ара Керебид деген Армян православ шіркеуінің мүшесі Ирак азаматтарын құдалау діни тұстан алшақ болды, Саддам Хусейннің қанаушы билігінің тоқпағы барлығына бірдей тиді дейді. Христиан ретінде бұрыңғы үкіметтен қысым көрген жоқпын, Саддам Хусейн христиандарды барша ирактықтардан ажыратып, әдейлеп жеке құдалаған жоқ, Саддам Хусейн халықты езгіге тең салды, дейді Ара Керебид.
- Саддам Хусейн христиан халқына кейбір қолдауды көрсетті. Алайда, әлде кім Саддам Хусейнге қарсы шықса, Саддам Хусейн оның дінін ажыратпайтын, христан, шиит не болмаса суннит екен деп ойланбайтын. Саддам Хусейнге сес көрсеткен кез келген азамат не өлтірілетін, не қорлық көретін не болмаса абақтыға жабылатын. Саддам Хусейн баршаға бір келкі нашар басшы болғаны аян, -дейді Армян православ шіркеуінің мүшесі Ара Керебид.
Бағдат католиктері шіркеуінің пасторы Юсиф Томас Миркис Ирак христиандарының басым көпшілі болашағына сенбейді дейді. АҚШ әскері тұрақтылықты орната алмай отыр, Саддам Хусейннің кезінде қысым көрген шиит мұсылмандары діни ұрандарды жиі жиі айтады, қақтығыстардың нысанасына алына басталды, соған алаңдаймыз, дейді Юсиф Томас Миркис.