Қазақстанның Жер туралы кодексі республиканың Негізгі заңына толық сәйкес деп танылды. Мұндай шешім маусымның 10-күні өткен Қазақстанның Конституциялық Кеңесінің отырысында қабылданды.
Бұл кодекс дүйсенбі күні Конституциялық Кеңестің қарауына республика президенті Нұрсұлтан Назарбаевтан келіп түскені туралы “Азаттық” радиосы хабарлаған болатын.
Естеріңізге сала кетейік, осы кодекске байланысты Қазақстанның атқарушы және заң шығарушы органдары арасында туындаған келіспеушілік биылғы жылғы мамыр айының 19-ында Қазақстан Парламентінде үкіметке сенім білдіру мәселесінің қаралуына негіз болған еді. Жасырын дауыс беру барысында Мәжілістің 55 депутаты үкіметке қарсы пікір ұстанғанымен, дауыс беру нәтижесін қорытындылауда Қазақстан парламентінің жоғарғы шатыры Сенат депутаттарының басым дауыспен үкіметке қолдау танытуы есепке алынып, Жер кодексі дауысқа қойылмай қабылданды деп танылған болатын. Сөйтіп ол жолы Жер кодексі Президенттің қол қоюына жіберілген еді.
Бұдан кейін Қазақстан Парламентінің бір топ мүшелері мен елдегі бірқатар қоғам қайраткерлері бұл кодексті бүкілхалықтық референдумға шығаруды сұрап, Президентке ұсыныс жасады. Бірақ, өткен аптаның соңында Бурабайда өткен баспасөз мәслихаты кезінде Қазақстан Президенті “Жер мәселесіне қатысты ешқандай референдум болмайды, ондай коммунистік керітартпалыққа жол берілмейді” деп мәлімдеме жасады. Сонымен бірге ол бұл мәселенің заңға сәйкестігін сұрап Конституциялық кеңеске жүгінетінін айтқан болатын.
Президент Назарбаевтың осы мәлімдемесінен кейін арада екі күн өткенде елдің Конституциялық Кеңесі жер кодексін Қазақстанның Негізгі заңына сай деп тауып отыр. Конституциялық Кеңестің бұл шығарған шешімі түпкілікті болып табылады және қабылданған сәттен бастап күшіне енеді.