Президент Сапармұрад Ниязов орыстілді азаматтарға екі елдің біреуін таңдауға 22 көкекте екі ай берген болатын. Сапармұрад Ниязов бұл шешімін Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен кездескенде жариялады. Міне, санаулы күнде шартың шегі келеді. Ресей сыртқы істер министрлігінің делегациясы жақын арада Түркіменстанға келіп, қосазаматтық келісімін қайта қалпына келтіруге тырысты.
Алайда, ұмтылыстан түк шықпады. Ресей ресми өкілдері сәтсіз келіссөзден кейін Түркіменстандағы орыстілді азаматтарға қайырылып, 22 маусымнан кейін оларға ешқандай төтенше қауіп төнбеуге тиіс деп мәлімдеді. Дегенмен, Түркіменстандағы орыстілді азаматтар беймарал ойдан аулақ.
Түркіменстандағы "Русская община" яки "Орыс қауымдастығы" ұйымының бұрынғы төрағасы, "Адам құқықтары жөніндегі Халықаралық Хельсинки федерациясының" мүшесі Анатолий Фомин жаңа шешім әсіресе орта буындағы орыстілді азаматтарға қиын соғады дейді.
- Түркіменстан азаматтығынан бас тартатын болсаңыз үйіңізді сатуға тиім салынады, жұмыстан шығып қаласыз. Ресейде болса жер алып, картоп отырғызып, әйтеуір күн көруге болады. Түркіменстанда бұл мүмкін емес, айналаның барлығы құм. Орыстілділер болса тек қалаларда тұрады. Түркмен ауылдарында егіндік жер жоқ. Демек, олар жұмыссыз қалса аштан өледі, - дейді Анатолий Фомин.
Бұл пікірмен "Халықаралық дағдарыс тобының" Ош қаласында жұмыс істейтін бақылаушысы Филип Ноубел келісі отырып, мәселе қайда – Ресей арқылы әлемге шығып тұру кең мүмкіншілігі Түркіменстан азаматтарына енді қақпақ сияқты жабылады, дейді.
- Бұл жағдайдың барлығын әсіре боямалап отырмыз деп ойламаймын. Себебі қосазаматтық көптеген жұрттың үмітін демеді, жұрт Түркіменстанда тұрмыс нашарлай түссе кез-келген уақытта Ресейге кете аламыз деп білетін. Бұл экономикалық жағынан да тиімді болды. Көптеген жұрт Ресей мен Түркіменстан арасында сауда жасайды, көптеген азамат Ресейде оқиды. Бұл әлемнің басым көпшілігіне қол жалғайтын маңызды жол болды. Енді бұл мүмкіншіліктердің барлығы шорт үзіледі де, Түркіменстан одан сайын оқшалау қалады, - дейді Филип Ноубел.
Ресейдің Ашхабадтағы елшілігінің алдында орыстілді азаматтар қазір қаптап жүр, олар Түркіменстан үкіметінің шешіміне мазасызданып, елден кетуге қамдануды жөн көреді, деп жазады "Азаттық" Радиосының тілшісі Фарангиз Наджибулла. Совет Одағы күйреген соң Түркіменстаннан ондыған мың орыс кетіп қалған. Енді қалған орыстар Түркіменстанда тұрмыс бола ма, Ресейге барсақ жұмыс табыла ма деп ойланады. Красноводск қаласында орналасқан "Фламинго" бейүкіметтік ұйымының төрағасы Вячеслав Мамедов жағдайды былай сипаттайды.
- Қосазаматтықа ие көптеген азаматтардың Ресейде туыстары болғандықтан бұл жарлық олардың қатынасын қиындатты. Бұл, әрине, қосазаматтыққа ие Түркіменстан азаматтарының қатты алаңдаушылығын туғызды. Түркіменстанда өмір сүріп жұмыс істей береміз дегендердің өзі осы жарлықтың іске қосылып, жарияланғанынан соң, әрине, Ресейге көшіп кетуді ойлана бастады. Себебі жұрт ертеңгі күніне сенімін жоғалтты,- дейді Вячеслав Мамедов.
Түркіменстан сыртқы істер министрлігі осындай алаңдаушылықтарға жауап қайтарып, жаңа шешім санаулы азаматты кәне мазалай алады, себебі қосазаматтықты Түркіменстанда 47 тұлға кәне қабылдаған дейді. Ресей сыртқы істер министрлігі Түркіменстанда шамамен жүз мың орыстілді азамат тұрады деп айтады. Халықаралық дағдарыс тобы бұл мәліметті растап отыр.