Accessibility links

Қазақстан басшысы Израильдің бас раввинін қабылдады


Маусымның 16 күні Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Израйыл мемлекетінің жаңадан Бас Раввині болып тағайындалған Йона Мецгерді қабылдады. Кездесуден кейін журналистерге сұхбат берген Йона Мецгер Қазақстан басшысымен үстіміздегі жылдың қыркүйек айында Алматыда өтетін әлемнің ірі дін өкілдерінің конференциясы жайында әңгіме өрбіттік деді.

Сонымен қатар Израйыл елінің Бас Раввині Қазақстан басшысына мұсылман мемлекетін басқарып отырса да, еврей елімен қарым-қатынасын нығайтып отырғанына ризашылығын білдіретіндігін айтты. Осы кездесуді пайдалана отырып,– деді Израйыл елінің Бас раввині Йона Мецгер, – Еуразия еврейлер одағының Президенті Александр Машкеевичке алғысымды білдіргім келеді,– деді.
XS
SM
MD
LG