Accessibility links

Қазақстан үкіметінің қаулысымен бірқатар орталық мекемелердің жетекшілері тағайындалды


Маусымның 20-күні Қазақстан үкіметінің қаулысымен елдегі бірқатар орталық басқару органдарының жетекшілері тағайындалды деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.

Үкімет қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігінің төрағасы болып Бақыт Оспанов; Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттігінің төрағасы қызметіне Қабидолла Сәрекенов; Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігінің төрағалығына Әбдіқалық Нәлібаев; Қазақстанның Статистика жөніндегі агенттігінің төрағасы қызметіне Қали Әбдиев тағайындалса; Дәулет Тұрлыханов - Республиканың Туризм және спорт жөніндегі агенттігінің төрағасы; Заманбек Нұрқаділов - елдің Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің төрағасы; Болатбек Бұлғақбаев – Қазақстан Республикасы Қаржы полициясы агенттігінің төрағасы; ал Бердібек Сапарбаев - Кедендік бақылау жөніндегі агенттігінің төрағасы болып тағайындалды.
  • 16x9 Image

    Кенжебек НҰРҚАСЕНҰЛЫ

    Кенжебек Нұрқасенұлы - 1967 жылы туған. Семей мемлекеттік университетін тәмамдаған.
    Семейдегі «ТВК-6» телеарнасында, «СолDAT» газетінде, «Қазақ тарихы» журналында жұмыс істеген. Азаттық радиосында 2001 жылдан бері еңбек етеді. 

XS
SM
MD
LG