Accessibility links

Бельгия өзінің соғыс қылмыскерлері туралы заңына түзетулер енгізбек


Адам хұқтарының белсенділері 1993 жылы Бельгияның адамзатқа қарсы қылмыс істегендер мен соғыс қылмыскерлерін ол қылмыстың қай жерде жасалғанына қарамастан, сотқа тартуға мүмкіндік беретін заңды қабылдағанының 10 жылдығын атап өтті.

Адам хұқтарының жақтаушылары бұл заңды үлкен жеңіс деп есептегенімен де, он жылдың ішінде Бельгияның аталған заңға бірқатар өзгерістер енгізуіне тура келді.

Бельгияның жетекшілері бұл заңның қабылданғанына 10 жыл толу қарсаңында оған тағы да түзетулер енгізуге мәжбүр болуда. Жаңа үкіметті жасақтаудағы келіссөздер барысында премьер-министр Гұй Верхофстадттың Либералды партиясы мен Социалистік партия аталған заңға тағы да өзгерістер жасауға келіскендіктерін осы демалыс күндері айтқан. Бұл жолы олар Бельгияның мүдделеріне қатысты емес жайлардың бәрінде бұл заң бойынша жауапқа тартылмайтындай мүмкіндік беретін өзгерістерді қамтымақшы.

Бастапқыда бұндай заңның қабылданғанын мерекелеген Адам хұқтары ұйымдары енді алаңдаушылық білдіре бастады. Брюсселдегі Адам хұқтары ұйымының халықаралық кеңсесінің өкілі Джералдине Маттиони былай деп атап көрсетеді:

- Біз үкіметтің бетімен кеткендік, жазаланусыздықпен күресте шын мәнінде алдыңғы қатарда болған бұл заңның күш-қабілетін азайтып, төмендетпекші болып отырғанына өкініш білдіреміз.

Ақпарат жаңалықтар агенттіктері демалыс күні осы заңға байланысты айтылғандарды толық жеткізу үшін өткізілген әңгімелердің стенографиялық жазбаларын пайдаланған. Мәселен Рейтер агенттігі Бельгия жексенбі күні соғыс қылмысы туралы даулы заңды өзгертетіні жөнінде айтты. Бірақ бұл нақты емес,өйткені Бельгия жаңа үкіметтік құрылымдар мен парламент келіспейінше, ешнәрсе істей алмайды деп хабарлаған. Маттиоли де бұл шындығында әділдеу болжам болып көрінуі мүмкін деген:

-Үкіметтің мұндай өзгерістерді ұсынатындығы мейлінше айқын болып отыр. Енді біз парламенттегі бағыттың қандай болатынын көреміз. Бірақ та менің ойымша, парламент те үкіметтің бағытынан алыс кетпейді, сол ізбен жүретін болады.

Бүкіл әлемдгі белсенділер арасында халықаралық заңдық талаптар тұрғысында бесаспап немесе жан-жақты әділдік жане жазаланусыздық яғни жазалауға ұшырамайтындар деген ұғым қалыптасқан. Жазаланусыздыққа адамзатқа қарсы қылмыс жасады деп айыпталған жане өздерінің бұл қылмысы үшін жауап бермейтіндігіне сенімді айыпкерлер жатады. Жан-жақты юрисдикция кейбір қылмыстардың ауырлығы, қатыгездігі соншалықты, олар жер бетінің қай жерінде болсын сот алдына тартылуы керек деген шарттарды қарастырады.

Адам хұқтары топтары АҚШ-ы Америка азаматтарына қатысты осындай бүкіләлемдік жазаланусыздық болсын деген науқанды жүргізіп отыр деп айтыптауда.

Гаагадағы Халықаралық қылмыстық сот- басқадай сотқа тартыла алмайтын халықаралық адам хұқтары талаптарын бұзушыларды сот алдында жауапты ететін жаңа трибунал. АҚШ оның жұмысына қатысудан бас тартқанымен қоймай, бірқатар мемлекеттерді Америка азматтарының бұл сотқа тартылмайтын қорғанысы-иммунитеті болуы қажет деген келісімдерге қол қоюларына көздерін жеткізе алған.

Десекте, Бельгия үкіметінің басшысы Верхоуфстадт сөз болып отырған заңға кіргізілмекші өзгерістер Американың тарапынан болған қысымға жауап ретінде жасалғалы отырған жоқ дейді. Ол бұл заңның кейбір жағдайларда дұрыс қолданылмағандығы осындай қадамдарға жетелеп отыр деген. Мүмкін бұл айтылған пікірдің де шындыққа жақын болуы, бірақта Американың ресми өкілдері Бельгияның астанасы Брюсселдегі халықаралық маңызды кездесулердің бірталайында бұл жан-жақты әділеттік заңына үлкен тоқпақпен қарсы шығып келді. Бір ғана мысал, НАТО одағының жақында Брюсселде өткен бас қосуында АҚШ-ң қорғаныс министрі Дональд Рамсфелд Бельгияның соғыс қылмыстары туралы заңы жөнінде былай деген:

-Бұл мәселе шешілмейінше, біз Брюсселдегі НАТО-ң жаңа штабының құрылысын бұдан былай қаржыландыруға қарсылық танытатын боламыз. Өйткені бұл ұзақ жылдардан бері жалғасып келе жатқандықтан да, НАТО-ң жұмысын осында жүргізуге Бельгияның одаққа қонақжайлылық пейіл көрсетіп отырғанын біз әзірге білмейміз.

Жақындағы апталардың өзінде Бельгия соғыс қылмысы заңына осы жылдардың ішінде қосылған жеңілдік баптарының арқасында бірнеше сот істерін қараудан бас тартты. Айдың басында Израилдың премьер-министрі Ариел Шарон 1992 жылы қорғаныс министрі болып тұрған кезде соғыс қылмысын жасады деп қозғалған істі Израилдың өзіне берген. Сондай ақ, Ирақ тұрғындарының бір тобынан Ирақтағы АҚШ бастаған соғыста әскерлердің бас қолбасшылығын атқарған генерал Томи Фрэнксті жауапқа тарту жөнінде түскен талап арызды да Америкаға берген.

Бельгияның бұл соғыс заңына жақын уақытқа дейін ашық қарсылық танытып келген сыртқы істер министрі Луис Мичел мұның бәрі де Бельгияны халықаралық күлкі, мазаққа қалдырып отыр деп айтқан.
XS
SM
MD
LG