Айталық, президент Назарбаевті Канаданың бас министрі Жан Кретьен қарсы алудан бас тартты. Қазақстан президентін әуежайда тек Сыртқы істер министрлігі протокол бөлімі бастығының орынбасары Роджер Портеланс деген төменгі буындағы қызметкер қошеметтеді. Канадалық газеттер болса Назарбаевті ашықтан ашық диктатор деп сипаттап жатыр.
Канада жеріне табан тірегенде Қазақстан президентін қарапайым кеңсе қызметкері күтіп алғаны аз болғандай, Канада астанасы Оттава қаласындағы қабылдау тарлау өтіп жатыр. Канада бас министрі Жан Кретьен парламент үйінде президент Назарбаевпен бірге журналистердің алдына шықпай қойды. Парламент төрағасы Дениель Хейс Назарбаевпен ресми қонақасында кәне жүздесті. Канада жеріндегі ең үлкен басшы генерал-губернатор Андриен Кларксон Назарбаевты ресми емес, жеке қонақ ретінде қабылдады. "Оттава Ситизен" газеті 24 маусымда сілтеме жасағандай, бас министрдің кеңсесі мұндай ахуалды "Назарбаевтің сапары мемлекеттік сапар деңгейіндегі шара емес" деп сипаттады.
Қазақстан президентіне қонақасын бергізуге бір кәне Канада еврей конгресі күш салды. Бұл жерде Назарбаев Қазақстанның шағын еврей қауымдастығы мен елдің басым қаумы боп табылатын мұсылман жамиғатының тату-тәттілігін қамтамасыз етті деп сипатталды. ИТАР-Тасс агенттігі 25 маусымда Оттава қаласынан хабарлағандай, президент Назарбаев парламенттегі қонақасы барысында Канада компаниялары Қазақстанға екі миллиард доллар құйды деп айтты. "Халақыралық терроризмге қарсы соғысқа жан-жақты қолдау жасадық. Тұрақтылықты қамтуда Біріккен Ұлттар Ұйымы мен оның Қауіпсіздік кеңесінің орны алға шығу керек", - деді Қазақстан президенті.
Президент Назарбаевтің сапары басталған күні көршілес Америка Құрама Штаттарында Қазақстандағы сыбайласқан жемқорлыққа байланысты сот мәжілісі ашылды деп екі оқиғаның сәйкес келгеніне назар аударады "Оттава Ситизен" газеті. Американдық мұнай компанияларының адамдары Қазақстанның екі жоғары басшысына 78 миллион доллар пара берді, сөйтіп тиісті заңдарды бұзды деп айыпталып отыр.
24 маусым күні сондай ақ "Глоуб енд Мейл" газетінде Канада парламентінің депудаты Джейсон Кеннейдің мақаласы жарияланды. Канада үкіметі диктатор басшылар мен автократтарды қонаққа жиі шақырады, өз елін қорлайтын басшылармен көп ауыз жаласады деп сын айтып отыр Джейсон Кенней. Мақаланың тақырыбы да өткір, бас министр Жан Кретьеннің қонақтардың алдына жаятын қызыл кілемі тозып жатыр дегенді білдіреді. Канада үкіметінің талабын Куба диктаторы Фидель Кастро құлағына қыстырмай, бір қатар саяси қарсыласын тағы езгіге салды. Бұл аз болғандай, Канада адам құқытарының жағдайы ең сорақы Қытай мемлекетімен достық қатынас орнатып отыр. Енді міне осы аптада бас министр Жан Кретьен Қазақстан диктаторы Нұрсұлтан Назарбаевті қонақ қылды, деп жазады Канада парламентінің депудаты Джейсон Кенней.
Ал Қазақстандағы нашар жағдай АҚШ конгресі, Европа парламенті және басқа халықаралық ұйымдардың тарапынан жан жақты хатталған, дейді мақала иесі. Назарбаевтің үкіметі сөз бостандығын қор қылды, бірнеше тәуелсіз газеттің кеңсесіне өрт қойылды, бірнеше журналист соққыға жығылды және сот арқылы құдаланды. Назарбаевтің туған туыстары Қазақстан баспасөзінің басым көпшілігін тікелей қарауына алды. Қазақстанда діни бостандық шектеліп отыр.
Назарбаевтың үкіметі канадалық компанияларды да қорлады, мәселен Қазақстанда жұмыс істеген "Уорлд Уайд Минералз" компаниясы қуылып, отыз миллион АҚШ долларын жоғалтты. Назарбаев Канадаға сапар шегуге көптен бері күш салды, ақыры дегеніне жетті, сапарын өз нәсихатына пайдаланып жатыр. Еркін бағыттағы либералды сыртқы саясатымыздың нәтижесін енді көріп отырмыз. АҚШ президенті Джордж Буш Канадаға жоспарланған сапарын жасамайтын болды, деп жазады "Глоуб енд Мейл газеті".