Америка мен Европаның бір топ ғалымдары осыдан 12 жылдан астам уақыт бұрын пайда болған СПИД вирусының нақты шығу тегін анықтадық дейді. Төрт жылдың алдында осы зерттеушілер тобы адамдар ең алғашқы иммунитет жетіспеушілігі вирусын Африканың шимпанзелерден жұқтырғандығын анықтады. Ал, өз кезегінде шимпанзелердің бұл дертті қайдан жұқтырғандығын тек тұспалдап қана айта алған. Африкадағы кейбір тайпалар шимпанзенің етін азықтанады.
Сонымен зерттеушілердің алдында шимпанзе бұл вирусты қайдан, қалай жұқтырды деген сауалға жауап табу мақсаты тұрды. Иммунитет жетіспеушілігі вирусы адамдарда болатын генетикалық вирус па, жоқ болмаса тек хайуанаттарда кездесетін вирус па деген сауал толғандырды. Енді міне сол жұмбақтың кілті табылып, құпиясы ашылғандай. " Азаттық" радиосының тілшісіне телефон арқылы берген интервьюінде Англиядағы Ноттингем университетінің генетикалық даму профессоры Паул Шарптың айтуынша, оның зерттеушілер тобы Африка маймылдарының екі түрінен қызыл маймыл мен үлкен теңбіл тұмсықты маймылдан табылған СИВ тектес түрлі вирустардың қосындысы, адамдарға шимпанзеден жұққан - ВИЧ немесе иммунитет жетіспеушілгі вирусы деген қорытындыға келген.
Ғалым Паул Шарп кішкентай маймылдарды аулайтын шимпанзелер бұл вирусты ең бірінші болып жұқтырған дейді. Шимпанзенің ағзасында қосындыға айналып, түрін өзгерткен екі вирус, кейін адамдарға таралып, ол ВИЧ деген атпен белгілі болғаны мәлім. Бір көңіл аударарлық, таңданысты жағдай СИВ маймылдарда ертеде пайда болған вирус болуы мүмкін, ал адам текті шимпанзелер вирустардың қосынды-гибридін беріде ғана жұқтырғандығы дейді. Сонымен Шарптың тұжырымдарына назар аударып көрейік:
- Біз шипманзедегі СИВ инфекциясының табиғи биологиясы жөнінде бірқатар түсінік- мәліметтер ала бастадық. Біздің шындығында бұдан да көбірек білгіміз келеді.
Ең бір таңданарлық жаңалық -адамдардан бір айырмашылығы шимпанзелерде СИВ вирусынан қандай да бір ауруға шалдығу салдарлары байқалмайды деп атап өтеді ғалым:
- Әрине біз шимпанзедегі СИВ жұқпалы дерті жайында неғұрлым көбірек білгіміз келеді, өйткені шимпанзе табиғи жолмен СИВ вирусына шалдыққанда ауру белгілері байқалмайды. Соған қарағанда бұл маймылдардың әр түрінде болатын СИВ табиғи вирустары олардың ағзасында әлдебір жұқпалы дертті тудырмайтын тәрізді.
Зерттеушінің пікірінше ендігі ең бір маңыздысы - хайуанаттың екеуіндегі де, маймыл мен шимпанзедегі, СИВ вирустарын тереңірек зерттеп, мүмкін вирустардың басқа да бір түрлері кездесетін, кездеспейтіндігіне көз жеткізу. Бұл ретте Паул Шарптың өз сөзіне кезек берсек:
- Мүмкін маймылдардың ағзасында адамдарға қарай жол іздеген әлі де көптеген вирустар болуы ғажап емес. Мұның өзі адамдар (Африкадағы кейбір тайпалар)шимпанзелерді аулап, ұстап оны қорек етуді тоқтатуы қажет, өйткені олардан әлгідей вирустарды жұқтырып, тұрғындарға тарату қаупі бар.
Бүкілдүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2002 жылдың аяқ кезінен бері қарайғы уақыттың өзінде әлемде 20 миллионнан астам адам СПИД індетінің құрбаны болса, тағы да 42 миллион адам ВИЧ вирусын жұқтырғандар санатында деп хабарлайды. Олардың 38,6 миллионы ересек адамдар болса, тең жартысы айелдер. Шамамен 3,2 миллионы 15 жасқа да жетпеген сәби балалар. 5 миллионға жуық адам әр жыл сайын ВИЧ вирусының тұтқынына түседі. Әзірге індетке қарсы тұрарлық қауқары бар ешқандай дауа табылмай тұр.