Ал соғыс басталғанда олар қолдарына қару алып, бір-біріне қарсы шықты. Екеуі екі майдан шебінде болған достар енді сол өткен күндеріне өкіне ме, келешек жайында не ойлайды?
Милиянович - Горазде қаласынан 7 шақырым жерде жатқан шығыс Босниядағы қорғансыз үш ауылдың бірі еді. Босния соғысы барысында Милиянович алдымен Босния-Серб әскері басқарған майданның алдыңғы шебінде қалса, кейіннен бұл ауыл Босния мен Герцоговина әскер күштерінің қолында болды. Соғыстың бірінші оғының өзі-ақ бұл ауылдың іргелес отырған тұрғындарын бір-бірімен жауластыратын сына болып қағылды. Енді тату-тәтті көршілер бірі екіншісінің үйін өртеп, қораларын қиратуға кірісті. Төрт жылға созылған соғыс кезінде олар бір-бірін тек қарама-қарсы мылтық кезенген сәтте ғана көретін еді.
Йован Йованович 1967 жылы туған, оның барлық балалық шағы осы Милиянович аулында өтті:
- Менің босниялық та , сербтер де достарым көп болды. Адамдарды ұлты мен дініне қарап бөле- жара қарамаған кезде, менің көптеген босниялық достарым болды.
Ал Йованның мектептегі парталас досы болған Мұхамед Буква өздерінің соғысқа дейінгі бірге өткізген жылдарын сағынышпен, қимастық сезіммен еске алады:
- Біз-бірімізге демалыстарда баратынбыз. Олар біздің діни мейрамдарға қонақ болып келетін. Олардың ішінде менің ең жақын , балалық кезден сенімді деген досым, әріптесім Йован Йованович болатын. Біз мектепке бірге бардық, түрлі кештерде бірге жүретінбіз, ауылдағы жәрмеңкелерде бірге қыдыратынбыз-, деп есіне алады Мұхамед.
Алайда, соғыс басталған алғашқы күні ақ достардың әрқайсысы өз адамдарымен екі жақтағы майдан шебіне аттануға мәжбүр болды. Сол қиын-қыстау күндерді Йованович былайша есіне түсірді:
- Әркім өз жағына кетті. Мен өз адамдарыммен әскерге алындым. Мұхамед те солай. Көп қиын, ауыр сәттер болды. Өйткені соғыстың тек қайғы-қасірет әкелетіні белгілі...
Достардың екеуі де соғыстан сәл қолдары қалт еткен кезде бір-бірін еске алып, ойлағандықтарын жасырмайды:
- Мен досымды жиі еске алатынмын, қазір ол қайда, не істеп жүр деп. Ешкім де маған оның қайда екендігін айта алмайтын, мен бәрібір де қайталап осындай сауалдарды өзіме де қоятынмын, оның қарны ашып қалған жоқ па, мені ойлай ма екен, деген жайттар мазалай беретін мені-, деген болатын Мұхамед.
Тараптардың екі жағынан да атылған кез-келген оқ олардың әрқайсысын да кез келген сәтте өлтіре салуы мүмкін еді. Екі дос егер майдан даласында бір- бірімен бетпе-бет кездесіп қалсақ қайтер едік деген сауал төңірегінде ойларын айтты. Йованович:
- Мен қару асынған досымды кездестірсем не болар еді? Мен де Српска республикасы әскерінің солдаты ретінде қаруланғанмын, ол да федерация әскерінің солдаты. Біз қол алысып, құшақтасар ма едік , жоқ бір-бірімізге оқ атар ма едік? Мен өзім үшін жауап берсем, біз соғыста болғандығымызға қарамастан, онымен құшақтасып көрісер едім, мен оны жақсы білемін, ол да дәл солай еткен болар еді. Біздің достық жылдарымыз, соғыс кезеңінен ұзағырақ-,деп ағынан жарылған Йованович, өз кезегінде Мұхамед те бұл тұрғыдағы ойын бүгіп қалған жоқ:
- Соғысқа дейінгі тағдырларымыз ортақ , бір-бірімізбен жақын достар болған біздер егер кездесе қалсақ, қолымыздағы қаруымызды жерге тастай салып, қол алысып, құшақтасып, отыра қалып әңгімелесіп, шер тарқатқан болар едік. Соңынан қаруларымызды асынып, әрқайсымыз өз жағымызға кетер едік.
Бүгінде бұл екі дос қайтадан бірге, қатар өмір сүріп жатыр. Босниялықтар да , сербтер де өртенген, қираған ауылдарына қайта оралып туған жерлерін қалпына келтіруде. Олар енді төрт жылғы соғыс жүдеткен ауылды көркейтіп, кедейлікке душар еткен жоқшылықпен күресуде. Біздің кейіпкерлеріміздің екеуі де соғысқа кеткен жылдарын өкінішпен еске алады:
- Өміріміздің жақсы жылдары босқа кетті. Бірақ біз сол соғыстың кішкентай бір бөлшегі ғана болдық. Біз екеуміз ғана ешнәрсені өзгерте алмаушы едік. Соғыстың бәрі де, адамдар ойлап тапқан ең үлкен қайғы-қасірет, ешқашанда оның орны толмайды. Мен қалған өмірімде ешуақытта соғысқа қатыспаймын, егер ондай жағдай бола қалса, мен қару алып соғысқа бармаймын, оның есесіне қапшығымды арқалап, соғысы жоқ, бейбіт өмірі бар, басқа бір жаққа кетіп қаламын -, десе Йовановик, Мұхамед те осы ойдан алшақ кетпейді.
Енді олар ауылдарының еңсесін бірлесіп көтеріп, болашаққа ортақ жоспар құруда. Милияновичтің тұрғындары бұл күндері діни мейрамдар мен рождестволарды қайтадан бірге тойлай бастады. Балалар да бірге ойнап, мектепке бірге барады. Мұндай кешірімділік пен келісімді әркім ақ түсіне бермейді, сондықтан да Йованович айтқан мына ойлар барлық адамзат баласына қаратылған өсиет тәрізді:
- Біз алғы күнге үмітпен қарап, балаларымыз үшін жарқын болашақты жасауымыз қажет. Өткеннен сабақ алып, оны қайталамауымыз керек, мұндайды ешбір ұрпақтың басына бермесін.