Accessibility links

Шығыс Европа елдерінде есірткі қолдану деңгейі өсіп барады.


Шығыс жане оңтүстік Европадан қосылатын 10 мемлекетпен кеңейгелі отырған, Еуроодақ елдерінде Ауғанстаннан толассыз ағылып жатқан апиынды қолданушылар саны Батысты да басып озып барады деп сәрсенбі күні Европаның есірткімен күрес агенттігі ескерткен.

"2004-ші жылдың алғашқы жартысында ЕО-на қабылдануға тиіс, шығыс Европаның сегіз және оңтүстік Европаның екі елінде батыс Европа елдері ұзақ жүріп өткен есірткі жолы - аса бір шапшаң қарқынмен дамып барады деп," ескерткен Европалық нашақорлық жане есірткіні бақылау орталығының директоры Георгес Естиевенарт.

Бақылау орталығының директоры Франсс пресс агенттігінің тілшісіне берген интервьюінде, шығыс Европадағы есірткі қолданудың түрлі жолдары Батысты қуып жетіп, енді басып озып барады деген. Бұның өзі салыстырып қарағанда, 1989 жылы коммунизм құлағанға дейін, бұрынғы Совет елдерінде нашақорлық атымен болған жоқ десек, одан бергі кезеңде героинды қан тамырлары арқылы қолдану өлшеусіз өсіп кеткендігін көрсетеді.

"Батыс Европа елдерінде 70-ші, 80-ші, 90-шы жылдары кең етек алған героин қолдану, нашақорлық қазір бұл елдерде өріс алып, қанат жайып барады, сондай-ақ, СПИД індеті мен гепатит-сары ауру түрлерінің де осылай жайылып бара жатқанын байқауға болады", - деп атап көрсеткен Естиевенарт.

Бұл айтылғандарға қосымша, қазіргі жастар арасында негізгі отаны- Польша болып табылатын синтетикалық есірткілерді қолдану өте кең таралып отыр. Синтетикалық есірткі дегеніміз- түрлі химиялық жолмен алынатын, қолдан жасалған жасанды героин. Естиевенарттың айтуына сәйкес, Европа одағы елдерінде бүгінде 1-1,5 миллион аралығында әртүрлі есірткілік дәрі-дәрмек пен апиын қолданушылар болса, келесі жылы одақ кеңейген соң, бұл көрсеткіш бірден екі миллионның үстіне бір-ақ шығуы мүмкін. Бұл егер шығыста есірткілік тәуелділікпен күрес шараларының әсіздігін ескерсек, аса қауіпті жағдай деген болатын Европа орталығының директоры. Біз негізінен нашақорлық пен есірткі қолдануды емдеу мен алдын-алу шараларында бастапқы кезеңде ғана тұрмыз. 300,000 адамға арналған Метадон бағдарламасы батыс Европадағы нашақорлардың тек үштен бірін ғана қамтиды. Одаққа жаңадан қосылатын елдерде есірткімен күресте бар болғаны 6 мың адаммен ғана жұмыс істей алады деп назар аударады Естиевенарт.

Ал, бұл екі аралықта Ауғанстанда апиын өсіріп, дайындау өркен жайып, жылдан-жылға кең дамып барады. Мәселен, соғыстан әлсіреген 2000-шы жылдың өзінде елде 200 тонна апиын дайындалса, биылғы жылы бұл көрсеткіш 3,400 тоннаға жетіп жығылған, ал оның басым бөлігі Европаға шығыстан келеді.

- Европа одағының қазіргі 15 мемлекетінің көлемінде героин қолдануды бақылап, тұрақты бір деңгейде ұстайтындай шаралар жағы қарастырылған, ал бірақ есірткі тасымалының жолына айналып келген транзиттік 10 елдің одақ қатарынан орын алуымен бірге, бұл өзекті мәселе күн тәртібіне одан да өткірірек қойылатын болады-, деп атап көрсеткен Естиевенарт, біз енді ЕО-ң 25 елінде бұрынғыдан да күрделене, қиындай түскен есірткі проблемасымен бетпе-бет келеміз дей келе, Одақ тарапынан бұл мәселелерге деген үйлестіруші жан-жақты жауаптың әзір жоқ болып тұрғанына қынжылыс білдірген.

- Одақ қатарына жаңадан қабылданатын бұл елдер есірткімен күресте үлгі аларлық іс- шараларды қажет етеді, ал бізде олардың көбі жоқтың қасы. ЕО-да қауқарлы, біртұтас есірткі саясаты жасалмаған, сондықтан да біз бүгін 15 түрлі саясатты ұстанып отырсақ, ертеңгі күні ол бір-ақ сәтте 25-ке жететін болады,- деген Европа орталығының директоры.

Аталған орталық Европа Одағының конститутциясы үшін жауапты болып, оны дайындаған Европаның болашағы келісіміне есірткімен күресте жалпы жауапкершілік жөніндегі саясатты түзу, анықтау туралы өтініш білдірген, алайда ол жобада сөз болып отырған ғаламдық өзекті маселе турасында ештеңе айтылмаған.

Десекте, алғы күнге үмітпен қараған Естиевенарт "Есірткімен күрес маселесінің маңыздылығын қоғам жақсы түсінеді. 2002 жылғы Евробарометр шолуында есірткі проблемасы Европадағы алдыңғы қатардағы өзекті деген үш-төрт мәселенің қатарынан орын алды," деген әңгіме соңында.
XS
SM
MD
LG