Осы жиынға Қазақстаннан қатысқан ресми делегацияның мүшелері маусымның 26-ы күні Астанада арнайы баспасөз мәслихатын өткізді.
Қазақстандық делегация құрамында Женевада болып қайтқан Қазақстанның адам құқықтары жөніндегі уәкілі Болат Байқадамов мырзаның айтуынша, БҰҰ-ң комитеті Қазақстан үкіметінің жұмысына оң баға беруімен бірге, осы салаға байланысты қабылданған заңдарды жүзеге асыруға бөлінген қаражаттың шектеулі болып отырғанына назар аударған. Сонымен бірге халықаралық ұйым Қазақстан өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен бергі өткен мерзім ішінде елде қалыптасып отырған әлеуметтік- экономикалық және саяси проблемалардың күрделі жағдайда екенін, соның салдарынан республикада өмір сүру деңгейінің төмендеп, тұрғындар арасында жұмыссыздық пен кедейлік деңгейі өсіп отырғанын атап көрсеткен.
Балалар құқықтары туралы халықаралық Конвенцияны Қазақстан Республикасы 1994 жылы бекіткен болатын. Содан бері осы салаға байланысты Қазақстанның әзірлеген баяндамасы БҰҰ-ның комитетінде биыл алғаш рет тыңдалып отыр.