Әкім орынбасарын Сенат депутаттығына осы облыстағы Шортанды, Қорғалжын және Ерементау аудандарының мәслихаттары ұсынған. Сенат депутаттығына үміткерлерді ұсыну шілде айының 22-іне дейін жалғасады. Ал Сенат депутатын сайлау тамыздың 23-іне белгіленіп отыр.
Бұның алдында Ақмола облысынан Сенат депутаттығына сайланған Марат Қойшыбаев мемлекет мүлкін талан-таражға салған деген айыппен сот үкімімен 5 жыл мерзімге шартты жазаға кесілген болатын. Сол себепті биыл жазда Парламент Сенаты оны депутаттық мандатынан айыру туралы шешім қабылдаған еді.
Сонымен бірге алдағы қыркүйек айының 20-сында Қазақстанда жергілікті өкілді органдар – маслихаттарға депутат сайлауы өткізілетін болады. Мәслихат депутаттығына үміткерлерді ұсыну маусымның 27-сінде басталып та кетті.