Сильвио Берлускони бас министрлікке келмей тұрып, ірі кәсіпкерлікпен айналысқан, оның есімі бірнеше коррупциялық шатаққа қатысты. Сильвио Берлускони әлемдік саясатта әдеттен тыс қимылдарға көп барады, сөйтіп қоғам назарын өзіне ерекше аударып отырады.
Сильвио Берлускони деген миллионер кәсіпкер сексенінші-тоқсаныншы жылдарда Италияда аса шалқып тұрды. Бір ғана Италия емес, Европа және әлем көлеміндегі "қаймақтардың" бірі -Сильвио Берлусконидің негізгі бизнесі – бұқаралық ақпарат компанияларын дамыту болатын. Теледидарды шексіз табыс көзіне айналдыру да – осы кәсіпкердің ойлап тапқаны. Қазақстан сияқты өтпелі кезең мемлекеттерінде жеке адам бас министр болған соң ғана өз радио-теле-газет құрылымын жасақтайды, Сильвио Берлускони бұған табиғи жолмен келді.
Сильвио Берлускони бас министрлікке жеткен соң, оның соңына жабысқан коррупциялық іс айыптары өрши түсті. Мафия билігінің күштілігімен әйгіленген Италия, мафияға қарсы күреспен әйгіленген Италия деген мемлекеттің парламенті жақында бас министр Сильвио Берлускониге тергелуге түспейтін қорғаныс қабілетін- иммунитет құқын берді.
Бұл сипаттағы тәсіл демократиялық мемлекеттің табиғатына қайшы келген соң, Италияның атына талай сын айтылды. Бұрынғы советтік республикаларда, айталық, Ресейде, Қазақстанда не Қырғызстанда кешегі-бүгінгі басшыларға тергелу қаупінен кез-келген жағдайда босатылу құқы берілгенде шуылдайтын Европаның келбетіне Италия парламентінің ерекше шешімі дақ түсіргендей болды.
Сондықтан Европа одағының кезекті алты айлық басшылығына Италия келгенде, яғни Европа төрағалығының кезегі Сильвио Берлускониге өткенде, Европа Одағы басқару құрылымдарының бірқатар мүшесі еріксіз намыстанды. Европа парламентінің сәрсенбі күнгі отырысында Сильвио Берлускониге талай наразылық танытылды. Дегенмен, ол Европа Одағының шаруаларын алға жылжытудан қаймықпайтынын, демократиялық жолмен сайланған үкіметтің басшысы ретінде өз басына қатысты күдіктерді қабылдамайтынын көрсетті.
Европа парламентінің төрағасы Пәт Кокс Италия бұның алдындағы төрағалықты атқарған Грекияның табысты істерін жалғастырады деп үміт білдірді.
- Грекияның қол астында басталған қызмет, байыпты және анық сыртқы саясатты жүргізуге бағытталған қызмет Ирақ дағдарысы жөнінде Европа басшылығының өте сабырлы ұстанымы болды деп білемін. Бұл дағдарысты Грекия президенттігі қоздырған жоқ. Дағдарыстың ең нашар тұстарынан өтуге бұл сабырлылық айтарлықтай септігін тигізді, - деді Пәт Кокс.
Сильвио Берлусконидің жеке басының келбеті Италияда даулы болғаны өз алдына, Сильвио Берлускони Европа одағының сыртқы саясатына қатысты әдеттен тыс қимылдарды жасағаны бар. Мәселен, Таяу Шығысқа жақындағы сапарында Сильвио Берлускони Европа Одағының ұстанымдарын бұзып, Палестина басшысы Ясир Арафатқа және Франция президенті Жак Ширакка тіл тигізді. Ирақ мәселесінде Американы қолдаған жеке шығысевропалық мемлекеттерге де Сильвио Берлускони қатты шүйліккен.
Сильвио Берлусконидің мұның сыртында Европа комиссиясының президенті Романо Продимен қарым-қатынасы ертеден жақсы емес. Романо Проди Сильвио Берлусконидің сексенінші жылдары жекешелендіру науқанындағы күдікті істерін қатты сынаған. Дегенмен, Европа комиссиясының президенті Романо Проди Сильвио Берлусконимен қызмет бабында тіл табысатындығын мәлімдеді.
- Біз қол ұстасып жұмыс істеуіміз керек. Бұл жерде серіктестік орын алады деп түйемін. Бұл жерде ешқандай мәселе жоқ. Мекеменің аты мекеме. Қандай да бір мәселе туындаса - оны қалай шешу керек екенін білеміз. Италияның президенттігі Грекиянікіндей табысты болады деп үмтіттенемін, - дейді Романо Проди.