Ираққа күш жұмсауға негіз салған қаңтар айындағы мәлімдемесінде президент Джордж Буш кейбір қате құпия мәліметке сүйенген-сүйенбегені анықталып жатыр.
АҚШ Орталық барлау агенттігінің Джордж Бушқа берген бір мәліметі Саддам Хұсейн Нигер мемлекетінен уран сатып алмақшы дейтін. Ираққа күш жұмсауға негіз салған қаңтар айындағы мәлімдемесінде президент Джордж Буш Ирақ атом қаруын өндіріп жатыр деп ауыз толтырып сөйледі. Енді осы жекелеген дерекке күмән туды. Мәселені АҚШ сыртқы істер министрлігінде барлау шаруасымен айналысқан бұрынғы қызметкер Грег Тиелман көтерді. Бұл азамат қызметінен қыркүйек айында кетіп қалған екен. АҚШ әскери бақылау бірлестігінің шеңберінде өткен баспасөз мәслихатында Грег Тиелман Джордж Буш әкімшілігіндегі жоғары басшылар барлау мәліметтерін бұрмалауға әуес болып алды деп айып тақты:
- АҚШ әкімшілігі нақты барлау мәліметіне сүйендік деп білді. Алдымен шешім қабылдап, сосын барлау мәліметін оған сәйкестендіру қимылына ұқсайды бұл тәсіл. "Сұрақтың жауабын білеміз. Енді бұл жауапты сүйемелдейтін барлау мәліметін әкеле қойыңдар" дегенге саяды АҚШ әкімшілігінің қимылы.
Осы сарындағы дау дамай Британияда жүріп жатқаны өз алдына, Ирақ соғысы бекер жасалды деген күдік енді АҚШ астанасына жетті. АҚШ конгресінің сенаты яки парламенттің жоғары палатасы сәрсенбі күні мәселені Қарулы мекемелер комитетінің деңгейінде талқылады. Қоғамдық тыңдау мәслихатына АҚШ қорғаныс министрі Дональд Рамсфельд және Англия-Америка одағының әскерін Ираққа бастап кіргізген генерал Томми Фрэнкс шақырылды. Томми Фрэнкс, айталық, АҚШ-тың Парсы шығанағындағы әскерінің қолбасшылығынан жақында босап, зейнет демалысына шықты.
Қорғаныс министрі Дональд Рамсфельд Ирақ соғысы қателіктен басталды деген жалпы жорамалмен келіскен жоқ. Ирақтың жойқын қаруы өндіріп жатқаны – сөзсіз шындық болды. Бұл мәселеге 11 қыркүйектегі шабуылдардың тұрғысынан қарап қимылдадық. Әрине, Ирақ жөнінде түсіп жатқан барлау мәліметтері 100 процент нақты деп ешкім күтпеді, жеке қатенің болуы табиғи нәрсе, бұдан бүкіл қызметті теріске шығаруға болмайды, дейді Дональд Рамсфельд:
- Бір нәрсе ретсіз іске асты деген тұжырым бар деп ойламаймын. Не болсада – бүкіл барлау мекемесін бір бояумен түстеу дұрыс емес.
Ираққа тағылған айып әсіре сілтенді деген жорамал жоққа шығарылғанымен, Республикандық партияның өкілі боп табылатын Джордж Буштың саяси қарсыластары – Демократиялық партияның Конгрестегі өкілдері үлкен сынға жүгінді. Мәселен, Демократиялық партия ұлықтарының бірі, сенатор Карл Левин төменгі бұындағы барлаушылардың қатесіне жоғары басшылар еріп кетті деп сын айтты:
- Бұл маған әбден қорқынышты жағдай боп көрінеді. Бұл жағдай Орталық барлау агенттігінің негізгі бұынында қалай орын алды? Жоғары дәрежелі ықпалды саясаткерлер болса мынандай мәлімдеме жасайды. Осының анық қанығына жеткіміз келеді деп білемін.
АҚШ президенті Джордж Буш конгресте осындай дау-дамай қарастырылып жатқан тұста Африка сапарында жүрді. "Саддам Хұсейннің әлемге қауіп төндіргенінде еш күмән жоқ, оны биліктен кетіргеніміз дұрыс шешім болды", деп мәлімдеді Джордж Буш Оңтүстік Африка Республикасында сөйлегенде.