Accessibility links

НАТО Бас хатшысының Орта Азияға сапары Одақтың бұл аймақпен байланыстарын жақындата түсетін болады.


НАТО бас хатшысы Джорж Робертсон Қазақстан мен Қырғызстанға екі күндік ресми сапары барысында Одақтың Орта Азия өлкесімен террорға қарсы күрестегі ынтымақтастығын арттыруға шақырды.

НАТО бас хатшысы Джорж Робертсонның бұл жолғы Қазақстан мен Қырғызстанға сапары және алдағы қыркүйек айында осы Орта Азия өлкесіне қайта жоспарланып отырған екінші сапары да Одақтың аталған аймақпен қарым-қатынас, байланыстарын кеңейте түсу мақсатына арналып отыр. Бұндай қадамдардың жасалуы бір жағынан жақын уақыттарда Ауғанстанның астанасы- Қабулдағы Халықаралық бейбіт күштер жетекшілігін әскери Одақтың өз қолына алуға дайындалып жатқанына да байланысты. Алматыда Қазақстан президенті Н. Назарбаевпен өткен кездесуде Джорж Робертсон осы жайларға баса назар аударды.

- Орта Азия ендігі жерде НАТО-ң күн тәртібіндегі маңызды бір бөлікке айналғалы тұр, өйткені Одақ Ауғанстандағы тұрақтылықты қамтамасыз ету жасақтарының басшылығын өз қолына алғалы отыр, - деген болатын Джорж Робертсон.

Робертсон сондай-ақ қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатындағы Қазақстанның құлшыныстарына ризалық білдірді. Ол алдағы айда Ирақты қайта қалпына келтіру жұмыстарына үлес қосу үшін Астананың ол елге мамандардың 25 жасағын жіберу туралы шешімін де құптап қарсы алды. Бұл Орталық Азия елдерінің Батыс бастаған тұрақтылық науқанына бірінші рет қатысуы деген бас хатшы.

- Мен әсіресе Қазақстан президенті Н. Назарбаевты және елдің параламентін Ираққа мамандарды жіберу арқылы мұндағы тұрақтылыққа қолдау білдіріп, НАТО аясындағы Польша бастаған міндетті бөліскендерімен құттықтаймын-, - деп атап өткен болатын ол.

НАТО басшысы бүгінгі әлемдегі қауіпсіздік жақсы оқытып-жаттықтырылған жасақтар мен кеңейтілген әскери ынтымақтастыққа тікелей қатысты болады деген пікір білдірді. Суық соғыс қару-жарағы жетілдірілген әскери технологиямен алмастырылғаны керек деді ол.

Сондай-ақ террормен күресте НАТО Орта Азия республикаларына елеулі көмек міндетін атқаратын болады деген бас хатшы. Бақылаушылардың бірқатары Орта Азия елдері террорға қарсы күрес шараларын ісламдық топтармен күреске бағыттауы мүмкін деген де ескертулер айтып, қорқыныш білдірген болатын. Робертсон бұл орайда қауіпсіздік мақсаттары азаматтық еркіндіктің есебінен жүзеге аспауы қажет дегенді айтты. АҚШ бастаған Ауғанстандағы террорға қарсы науқанға қолдау білдіргендіктен де, Орта Азияның кейбір мемлекеттерінде адам хұқтарының талаптары өрескел бұзылып жатыр деп те баяндалып жүр. Қырғызстан мен Өзбекстан болса, жүздеген коалиция күштеріне өз жерлерінен бүгін де орын беріп меймандостықтарын жалғастырып отыр.

Жақын жылдардан бері Орта Азияның елдері НАТО-ң Бейбітшілік үшін серіктестік бағдарламасына да тартыла бастады. Қазақстаннан кейін Бішкекке келгенінде, Қырғыз президенті А. Ақаевпен кездесуден соң НАТО-ң бас хатшысы Джорж Робертсон, тараптар қарым-қатынастарын кеңейте түсуге келісті деп атап өтті.

- Біз қазіргі таңда жаңа және қатерлірек әлемде өмір сүрудеміз. Міне онымен күрес мақсатында біз НАТО-ны қайта құрдық. Бірақ Қырғыз республикасы мен НАТО арасындағы мықты байланыстар жаңадан орнаған нәрсе емес. Бізде бірлескен жақсы бағдарлама бар, соны бұдан былай да кеңейтіп, тереңдете түсуге келістік, - деген бас хатшы.

Сөйтіп Робертсон Қырғызстан мен Одақ арасындағы қазіргі қарым-қатынастарды мақтаған болатын.

Қырғыз президенті А.Ақаев та өз кезегінде әскери Одақтың шекара қауіпсіздігін нығайтуға қолғабыс тигізуін сұрады.

Робертсонның Орта Азияға сапарының алдында НАТО-ның өкілі Итар-Тасс агенттігіне Бас хатшының бұл сапарында Қазақстан мен Қырғызстанның Одақтың бейбіт мақсат топтарына көмектесуінің жолдары талқыланатын болады деп айтқан еді. Өзбекстан НАТО-ң Ауғанстандағы қызметіне медициналық және гуманитарлық жүктерді тасымалдау жолдарымен қол үшын беруге дайынбыз деп мамыр айында жариялаған болатын.
XS
SM
MD
LG