Ұлттық салтты қолдаушылардың айтуынша, бұл дәстүр әйелдерге деген құрмет ретінде қаралып, отбасылар арасындағы байланысты жақсарта түседі. Алайда, жұмыссыздық пен кедейлік жайлаған бұл елде қазір көп адамның мұндай әрекетке баруға шамасы келмейді, сондықтан олар жерлерін сатуға немесе қалың малға ақша табу үшін шет елге шығуға мәжбүр.
Ауғандықтардың айтқандарына қарағанда, әлемдегі ажырасу оқиғалары бойынша Ауғастан ең төменгі орында тұр. Әсіресе, ажырасу өте ұятты жағдай болып саналатын Пуштун әулеттерінде отбасылардың бұзылу оқиғасы тіпті болмайды. Некені ұзақ сақтап қалудың бір себебі –көп ауғандықтар үшін қалың малдың арзанға түспегенінен болуы мүмкін. Ежелгі Ислам дәстүріне сәйкес, күйеу жігіт қалыңдықтың ата-анасына “махр” немесе “валвар” деп аталатын қалың мал төлеуге міндеттеледі.
Сарапшылардың айтуынша, бас кезінде “махр” дегенді әйелдердің қаржылық тәуелсіздік деңгейін бағалап, оған құрмет ретінде берген болса, соңғы кезде ол ұмытылып, қазіргі күні көп ауғандық махрды үйленгендегі төлем түрі деп қарайды. Дәстүрі бойынша, махр екі жақтың қалауымен, екі жас қосылғанда немесе келіншектің әке-шешесіне той кезінде берілетін қажетті ақша болуы тиіс. Бірақ, ауғандықтардың қазіргі күндегі негізгі ұстанымдары көбіне өзгерген. Қалыңдықтың үй-іші қалың мал үшін көп ақша сұраса, жігіттің туысы тойға келген жүздеген қонақтан қымбат сыйлық пен бағалы зат-киімдер күтеді. Және махр үшінгі ақшаның көлемі әр аймаққа байланысты болады. Пактика провинциясының бір жас жігіті "Азаттық" радиосына берген сұхбатында, бұл дәстүр күйеу жігіттің отбасына үлкен қаржылық шығын әкеледі деді.
- Пактиканың Зурмат аймағында валвар, қазақшалағанда қалың мал 500 000 мен 1 миллион Пәкістан рупиі, яғни долларға шаққанда 9,000 мен 18,000 доллар тұрады. Бұл Пактика мен оған көршілес аймақтағылар үшін берік ұстанатын салт-дәстүр.
Дәулетті ауғандықтардың валвар сияқты ақшасының көлемі барған сайын өсіп барады, ал олардың кедей көршілері бұл әдет-ғұрыпты сақтай алмайды. Олардың көпшілігі жерлерін сатып, туыстарынан қарыз алып, болмаса Пәкістан мен Араб елдеріне ақша табу үшін жұмыс іздеп кетеді. Кейбіреулері осылай үйлену үшін ақша табамыз деп жүріп, жасы 40-қа жеткенде үйленеді екен.
Қабулдың бір тұрғыны қалың мал берешегінен құтылу үшін өзінің жаңа үйленген әйелін үйіне қалдырып, шетелге жұмыс іздеп кетуге мәжбүр болғанын айтты.
- Менің туыстарым қалыңдығымның қолын сұрауға барғанда, оның ата-анасы қалың мал, демек махр үшін көп ақша сұрамауға уәде берген болатын. Бірақ, менің әке-шешем алданып қалыпты, біз үйлене салысымен, олар бізден доллармен 7,300 болатын- 400,000 Пәкістан рупиін сұрады. Біздің мұндай мүмкіндігіміз жоқ болды, біраз ақшаларды қарызға алдық , жерімізді саттық. Көп уақыт өтпей-ақ , бізге қарыз берген адамдар ақшаларын сұрап келе бастады. Той өте салысымен, 10 күннен соң менің жұмыс табу үшін Пәкістанға кетуім керек болды.
Махрды төлей алмау Пуштундар арасында тағы бір дәстүр “бадал” дегенді демек, келінді айырбастауға әкелді. Қалың малды төлей алмаған отбасылар келіннің бауырына немесе туысына өз қыздарын береді. Бірақ, бұл бадал салты барлық кезде мәселені шешпейді. Қабулдың тағы бір тұрғынының айтуынша, бұл бадал жағдайы қарындастары тым жас немесе еш қарындасы жоқ жігіттерге өте қиын болып отыр.
- Менің ойымша, бадал деген жақсы емес. Бойжеткен туысы немесе қарындасы жоқ адамдар отбасындағы қыздар өсіп, қыз алмасқанша ұзақ жылдар күтуі керек. Мен валварды жақсы көрмеймін.
Сын айтушылар қалың мал төлеу дәстүрі қалыңдықты қаржымен жеткілікті қамтамасыз етеді дегенмен де оның отбасы бұл ақшаны қыздарымен бөліспейді дейді. Сондықтан, көптеген жаңа үйленгендер махр жүйесінің салдарынан қарызға батып кетіп жатады. Бүгінде махр дәстүрі қалалық жерлерде жоғалып барады. Оқыған ауғандықтар өздері үшін ендігі бұл жүйенің маңызды емес екенін айтады. Дегенмен, біраз аймақтарда әсіресе, пуштун мен түрікмендер арасында бұл дәстүр бұрынғысынша сақталған.