Accessibility links

Қазақстан президентi Германия канцлерiмен телефон арқылы тiлдестi


Шiлденiң 14-iнен бастап қысқа демалысқа кеткен Қазақстан Президентi Нұрсұлтан Назарбаев сәрсенбi күнi Герман Федеративтiк Республикасының канцлерi Герхард Шредермен телефон арқылы сөйлестi деп хабарлайды президенттiң баспасөз қызметiнен.

Қазақстан президентi мен немiс канцлерi екi елдiң арасындағы экономикалық қатынастар туралы пiкiр алмасып, Қазақстанда жұмыс iстеп жатқан германиялық кәсiпорындар жайлы ойларымен бөлiскен. Осы орайда президент Назарбаев Алматы қаласының маңынан ашылып отырған технопарк үшiн ақпараттық коммуникация саласында белгiлi германиялық “Сименс” компаниясының жұмысы маңызды екендiгiн атап өткен. Бұдан өзге техникалық жәрдем және “Гермес” қоры мен Қазақстанда құрылған экспортты сақтандыру жөнiндегi Корпорацияның тарапынан несиелердi сақтандыру мәселелерi сөз болған.

Сонымен бiрге Қазақстан президентi мен герман канцлерi Орталық Азиядағы қауiпсiздiк пен терроршылдыққа қарсы күреске қатысты мәселелердi талқылаған. Телефон арқылы болған тiлдесу кезiнде президент Н.Назарбаев канцлер Г.Шредер мырзаны ресми сапармен Қазақстанға келiп қайтуға шақырған. Герман канцлерi бұл шақыруды қабыл алып, биылғы жылы желтоқсан айында Қазақстанға келуге ниет етiп отыр, онымен бiрге Қазақстанға немiстiң iрi компанияларының жетекшiлерi де келмекшi делiнген Қазақстан президентiнiң баспасөз қызметi жария еткен баспасөз баянында.
  • 16x9 Image

    Кенжебек НҰРҚАСЕНҰЛЫ

    Кенжебек Нұрқасенұлы - 1967 жылы туған. Семей мемлекеттік университетін тәмамдаған.
    Семейдегі «ТВК-6» телеарнасында, «СолDAT» газетінде, «Қазақ тарихы» журналында жұмыс істеген. Азаттық радиосында 2001 жылдан бері еңбек етеді. 

XS
SM
MD
LG