Accessibility links

Европа Одағы өз әскерін қарқынды дамытатын тәрізді.


Европа одағы өзінің әскер күштерін тез дамытып барады. Осы жылдың басында оның бейбіт жасақтарының көп бөлігі Македонияға жіберілсе, одан кейін Конгоға да бейбіт мақсаттағы күштер орналастырылды.

Енді Одаққа мүше елдің бірі – Нидерланды Молдоваға да жасақтар жіберу жөнінде ұсыныс жасап отыр.

Францияда дәстүрлі Бастилия күнін атап өтуге арналған әскери шеру қашан да ерекше сән-салтанатты болады. Алаңда сап түзеген әскерлердің қатарын көк аспанда әдемі із қалдырып әрлі-берлі самғап өтетін реактивті ұшақтардың тізбегі толықтыра түседі.

Биылғы жылғы 14 шілдедегі революция күнін мерекелеуде бұрын байқалмаған бір жаңалық болды. Жаяу әскерлер сапының ең басында атты әскер мен механикаландырылған жасақтар, неміс генералы кетіп бара жатты. Олардың өкшесін баса, Европа Одағының ұлттық әскери киімдерін киіп, иықтарындағы әскери белгілері жалт-жұлт еткен жаңа күштері кетіп сап түзеген. Бұл бірқатар жылдар бойына жасақталуы тоқтап, іркіліп қалған Одақ әскерінің құрылу сәттерінің бастапқы нышандары болатын. ЕО осы жылдың наурыз айында ғана Одақтың бірлескен әскерлерін жасақтау ісін қолға алып, алғашқы жеңіл қаруланған 300 адамдық бейбіт күштерін Македонияға жіберген болатын-ды. Алты айлық мерзімге келген бұл күштердің мұнда болатын уақыты Македония президенті Борис Трайковскидің өтініші бойынша тағы да үш айға созылуы мүмкін.

Ал маусым айында Демократиялық Конго республикасында азаматтық соғыс етек алған кезде күштердің бір бөлігін осылай қарай аттандыруға тура келді. Қалыпты тыныштық орнаған Македониядан бір айырмашылығы, Конгода әсіресе оның солтүстік-шығысындағы "ыстық нүктеге" айналған Бұниа қаласында француздар бастаған бейбіт күштердің атқарар ісі маңызды болды. Бұниядағы ЕО-ның бейбіт жасақтары қатаң ережелер мен міндеттерге бағындырылған, енді Одақтың сыртқы саясат жетекшісі Хавер Солана БҰҰ-ң Конгодағы бейбітшілікті қолдау жолындағы мандатын күшейту бағытын ұстануда.

Бұнияда ЕО-ның әскерлері өз күштері мен қорларын бірінші рет қолданды. Македонияда НАТО-дан қалған жабдықтар мен электронды есептеу машиналарын пайдаланған болатын.

Брюсселдегі Саяси зерттеулер орталығының әскери талдаушысы Марк Хоубен былай дейді:

- Мысал үшін айтсақ, Конго операциялары ең алдымен француздар басқарған қимылдар болды. Бұл шындығын келгенде француздардың атқарған ісі болғанымен де, оған ЕО-ның шеңберіндегі әрекеттер деген мән берілді. Бұл аралықта Македониядағы қимылдар масштабы жағынан оншалықты ауқымды болмаса да, оған өте бір маңызды деп қарауға болады-, дейді талдаушы.

Осы аптада ЕО-ның бейбіт күштерін тағы да бір жаңа аймаққа жіберу жөнінде сөз болды. Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтасытқ ұйымының ағымдағы басшысы Нидерланды Молдова билік басылары мен өз алдына бөлінген Трансднестр аймағы арасындағы жағдайдың ретттелуіне көмек ретінде бейбіт мақсаттар жасақтарын жіберу жөнінде ұсыныс жасады.

ЕО-ның ақпарат көздері бұл мәселенің Одақтың қауіпсіздік жане саясат комитетінің 22 шілдедегі бас қосуында талқыланатын болады деп хабарлайды. Комитет төрағасы Мауризио Мелани Молдоваға бейбіт күштерді орналастырудан бас тарту турасында шешім қабылдануы да ықтимал дейді. Бұл аймақта Ресейдің өз мүддесі бар екендігі түсінікті. Және бұл елде ұзақ уақыт бойына Ресейдің әскерлері болды, сондықтан да дипломаттар мұнда ЕО-ы күштерінің келуі, Мәскеудің келіспеушілігін болдырмайтын жақтары да ойластырылғаны жөн дейді.

Лондондағы Европа реформалары орталығының талдаушысы Хиатер Грабб бұл тұрғыда былай деп атап көрсетеді:

- Бұл шындығында ЕО-ның шекаралас аймақтар саясатындағы дағдарысты даму деуге болады, өйткені бұл екі бірдей ең үлкен мәселені көтереді. Оның бірі - бұның Одақтың өзіне қайтарымы қалай болады, бұған араласу қаншалықты қажеттіліктен туындап отыр дегенді зерттеп және негізгісі - Балқанда орын алған қателіктерді болдырмаудың жолдарын қарастыру.

Екінші мәселе Одақтың мұнда күштерді қаншалықты деңгейде қодланғысы келетіндігіне байланысты болады деген талдаушы Грабб Ираққа күш қолдану төңірегінде болған терең қайшылықтарды еске алады. Дегенмен де, ЕО-ның мүшелері егер мәселе тікелей өз ықпал -әсерлеріне қатысты болған жағдайда, бір мәмлеге тез келе алады деп те атап көрсетеді ол.
XS
SM
MD
LG