Accessibility links

Үкімет отырсында білім беру жайы талқыланды.


Үкімет отырсында білім берудің жайы талқыланды. Шілде айының 23-і күні Қазақстан үкіметінде бас министр Даниал Ахметовтың төрағалық етуімен елдегі білім беру жүйесін дамыту мәселесіне арналған кеңес өтті деп хабарлайды Қазақстан үкіметінің баспасөз қызметі.

Кеңесте Қазақстанның білім және ғылым министрі Жақсыбек Күлекеев баяндама жасап, онда білім беру сапасын жақсартуға қатысты міндеттерге тоқталды. Осы Кеңесте мемлекеттік білім беру тапсырыстарын орналастыру және жаңа білім беру технологияларын қолданысқа енгізу, шағын мектептерді дамыту, бастапқы кәсіби білім беру мекемелерінің желісін кеңейту жайы талқыланған.
  • 16x9 Image

    Кенжебек НҰРҚАСЕНҰЛЫ

    Кенжебек Нұрқасенұлы - 1967 жылы туған. Семей мемлекеттік университетін тәмамдаған.
    Семейдегі «ТВК-6» телеарнасында, «СолDAT» газетінде, «Қазақ тарихы» журналында жұмыс істеген. Азаттық радиосында 2001 жылдан бері еңбек етеді. 

XS
SM
MD
LG