Қазақстан Бас прокуратурасының баспасөз хатшысы Сәулебек Жәмкеновтің айтуынша бұл кездесуде Америка елшісі өз елінің сыртқы істер мекемесінің Қазақстанға байланысты қабылдаған шешіміне орай АҚШ елшілігі нотасының көшірмесін табыс еткен.
- АҚШ елшісі республика Бас прокурорына Қазақстанды демократияландыру және адам құқығы саласындағы талаптарға сай келетін ел деп тану, американ жағының қаржы көмегін беретіндігі туралы АҚШ Мемлекеттік Департаментінің шешіміне қатысты АҚШ елшілігі нотасының көшірмесін табыс етті. Наппер мырза бұл мәлімдемеде Қазақстанның қоғамды демократиялық реформалау және адам құқығын нығайту саласында айтарлықтай қадамдар жасағандығын атап көрсететіндігін айтты.
Кездесу барысында кейіннен сексуалды және еңбекке пайдалану мақсатында адамдарды заңсыз әкетумен күрес саласындағы бұдан арғы стратегиямен байланысты мәселелер талқыланды. Бұл проблеманы шешудегі айтарлықтай қадам ретінде 2003 жылғы шілденің 9-ында елбасы қол қойған Қылмыстық кодекске өзгертулер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы атап өтілді. ҚР Бас прокуроры АҚШ елшісін Қазақстан Республикасында қылмыстың осындай санатымен күрес жөнінде республика құқық қорғау органдары қолға алып отырған қадамдар туралы хабардар етті. Елдің Бас прокуратурасы өткен айда шетелдік жұмыс күшін тарту және жұмыс күшін мемлекет аумағынан сырт жерге әкету тәртібін реттейтін, адам саудасымен күрес саласындағы жұмыстың жағдайы мен қолға алынып жатқан шаралар туралы ҚР қолданыстағы заңнамасының орындалуына тексеру ұйымдастырған болатын. Оның нәтижесі үстіміздегі жылғы шілденің 30-ында Қазақстан құқық қорғау органдарының үйлестіру кеңесінде талқыланады.
Осы үйлестіру кеңесінде адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алуға және жолын кесуге бағытталған іс-шаралар жоспарының жобасын қарау жоспарлануда.
Қазақстанның Бас прокуроры АҚШ елшілігі өкілін үйлестіру кеңесінің жұмысына бақылаушы ретінде қатысуға шақырды.
Кездесу нәтижесі бойынша Қазақстан құқық қорғау органдарының қызметкерлері үшін американдық сарапшылардың қатысуымен семинарлар мен тренингтер ұйымдастыру туралы келісімге қол жеткізілді, - деп хабарлады Қазақстан Бас прокуратурасының баспасөз хатшысы Сәулебек Жәмкенов.
Сондай-ақ, сәрсенбі күні АҚШ-тың Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Ларри Наппер Қазақстанның Ішкі істер министрі Қайырбек Сүлейменовпен кездесті деп хабарлайды ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінен. Кездесу кезінде министр Қ.Сүлейменов Қазақстанда адам саудасына қарсы жүргізіліп жатқан іс-шаралар туралы американ елшісін хабардар еткен. Министр бұл істе қазақстандық тәртіп мекемесінің жетістіктерінің бірі ретінде республиканың iшкi iстер органының құрамында әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғайтын бөлімшелердің құрылғанын мысалға келтірген. Алайда, сонымен бірге Қ.Сүлейменов республикадағы көші-қон бақылау жүйесі әзірге адам саудасын ауыздықтауға байланысты кең көлемді шараларды жүзеге асыруға мүмкіндік бермей отырғанын атап өткен.