Accessibility links

Британия мұсылмандары экстремизмге қарсы бірлесіп күрес жүргізуі қажет.


Британия мұсылмандары АҚШ-қа жасалған 11 қыркүйек шабуылынан кейінгі уақытта өздеріне деген жаулық қарым-қатынас, жек көрушілік көзқарастың ұлғайып бара жатқаны турасында айтады.

Сарапшылар мұндай жайдың белең алуын бір жағынан İсләм экстремистері мен қарапайым бейбіт мұсылмандар арасындағы айырмашылықты анықтап- ашып жаза алмаған ақпарат құрладарымен байланыстырады. Олар ендігі жерде мұсылмандарға деген сенімді қалыптастыру жауапкершілігі – әлемдік мұсылман қауымдастығының өз қолында дейді. Олардың қатарында британиялық 3 миллион мұсылман қауымы да бар.

Британиялық талдаушылар Ұлыбританияның террористердің нысанасы болуы тек уақытша туындап отырған мәселе деген пікірлерді айтады. Өйткені мұндай шабуылдар бола қала қалған жағдайда оның салдары Британиядағы 3 миллион мұсылманға қарсы қайыра соққы болып тиер еді, олар онсыз да 11 қыркүйек оқиғасынан кейінгі екі жылдан бері өздеріне деген салқын көзқарасты сезініп отыр дейді олар. Алайда талдаушылар көптеген елдердің бейбіт мұсылмандары Европадағы дәстүрлі демократиялық құндылықтар жолындағы күрес пен жауынгерлік азшылыққа қарсы күресті бірлесе жалғастыруды қажет етеді деген.

Десек те, сарапшылардың енді бірқатары Британияның мұсылман қауымдастығы осындай жалпы себептерге байланысты біртұтастықты қажетсінуі мүмкін бе деген сауалды алға тартады. Лондондағы İнжіл колледжінің ісламдық зерттеулер орталығының профессоры Питер Ридделл:

- Англияның ішінде мұсылман қауымдастығы негізінен түрліше болып келеді және мұнда сіз İсләм мектебі деп атайтындай мектептер өте көп. Олардың идеологиялық негіздегі бағыты айқындалған болады. Мәселе реформалық ойлау жүйесіне негізделген либералды арнайы мектептер бар ма, дегенге келіп тіреледі, - дейді профессор.

Ол сонымен қатар Британияда орын тепкен мұсылмандар мәселен, ғалым Тариқ Малдуд және Иазмин Алиби Браун тәрізді "тәуелсіз" тілші реформистік либералды бағыттағы İсләмді қалыптастыра бастады дейді. Бірақ та Англияда реформистік либералды бағыттағы İсләмнің толыққанды мектептері қалыптасып, ол бүкіл Британиядағы мұсылмандарға әсер-ықпал еткенше, әлі де біршама уақыт керек болады дегенді де айтады.

Бақылаушылардың кейбірі мұндай көзқарасқа да күмәнмен қарайды. Өзін "Рашид" деп атап, шын аты-жөнін жасырған , иммигрант ғалым Англияда жауынгерлік İсләм күшейіп барады деген пікір жағында.

Ол 1970 жылдары Пәкістанның İсләм жамиғаты фундаменталистік партиясының жоғарғы лауазым иесі және Талибан милициясы саясатының жақтаушысы болған Хұрам Мұрадд Англияға келіп, Лестерде İслам қорын құрған кезден бұл жәйт біршама төмендеген болатын дейді. Қордың 1982 жылы жарияланған декларациясында İсләм қозғалысы- İсләм қоғамында İсләмды, әсіресе әлеуметтік-саяси салада өмірдің толықтай кодексіне, басты бағытқа айналдыру үшін жүргізілетін ұйымдасқан күрес деп жазылған.

Мұрадд 1996 жылы қайтыс болғанымен де, İсләм қоры әсер-ықпалының өсуі жалғасып келеді. Лестердегі іслам орталықтары мен мешіттерінің саны көбейе түскен, олар Әл-қаиданың бастауыш ұйымдарының баспаналайтын орындары да болған. Рашид дегенмен де, Англияда либералды ісләмдық ойлау жүйесінің шынайы мектептері болады деп үміттенетіндігін айтады. Рашид сондай-ақ Англияда Құран негіздеріндегі 4,500 мектеп бар дейді, бұлар Үкіметтің ешқандай бақылау-басқаруынсыз жұмыс істеп жатқан үлкен оқыту жүйесі деп атап көрсетеді ол. Сондықтан да балалардың көпшілігі ісләмдық жауынгерлердің ықпалында кетуі мүмкін деген ғалым өз ойын былайша жалғастырады.

- Бізге бұлардың бәрінің де бір ақырын, біткенін көру үшін уақыт керек болатыны айқын. Әрине саудиялық экстремист Мохаммед әл- Масари және сол сияқты бұл елде босқын мәртебесін алып жатқан басқа да адамдар, бұл елге қарсы қимыл әрекеттерін жалғастырып қана қоймайды, олар Сауд Арабиясындағы тәрізді мұнда да жауынгерлік ісләм идеяларын жақтап жүргізеді, - дейді Рашид.

Бәлкім Британияда экстремист деп аты шыққан ен белгілі тұлға Лондондағы үлкен мешіттің имамы Абу Хамза Әл-Масри болуы да мүмкін. Ол Финсбури мешітіндегі уағыздарын Осама бен Ладенді мақтап-мадақтауға арнап келген. 11 қыркүйекте АҚШ-қа жасалған террорлық шабуылдарға қатысты деп айыпталған, екі бомбашабуылшысы Ричард Рид пен Закария Моуссауидың екеуі де осы мешітте Абу Хамза Әл-Масридің уағыздарын тыңдағандар. Финсбури бағындағы мешіт биылғы жылы қаңтар айында жабылған.

Британия парламенті Лордтар палатасының жетекшілерінің бірі, адам хұқтарын қорғаудың белсенді өкілі жане жақында жарық көрген İсләм мен Батыстың қарым-қатынастары жөніндегі кітаптың авторларының бірі Каролин Кокс Британияның бейбітшілікті сүйетін қарапайым мұсылмандар қауымдастығымен олардың жауынгерлік ісламистерге қарсылығына қолдау көрсету үшін жан-жақты әңгіме-диалог өте-мөте қажет деген пікрді айтады.
XS
SM
MD
LG