Бірақ олардың көпшілігінің БҰҰ-ның жаңа шешімі қабылданбайынша, бұл мақсатқа қосар үлес-салмақтары азғантай ғана болмақшы.
Ирақтағы АҚШ бастаған қауіпсіздік күштерін толықтырамыз деп келіскен 30 елдің бірқатарының жасақтары Парсы шығанағына келе бастады. Өткен аптада Словакия мен Болгарияның, Данияның әскерлері Ираққа келіп жетті. Олар мұнда бұдан бірер апта бұрын келген Польша мен Эстонияның, Латвия мен Литваның аз санды жасақтарының қатарына қосылатын болады. Польшаның басқаруында болатын жалпы саны 9,200 солдаттан тұратын бұл көпұлтты күштің барлығы алдағы қыркүйек айының аяғына дейін Ирақта толық орналасып болуы керек. АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Ричард Баучер осы мақсатқа қатысуға тілек білдірген 30 мемлекеттің аттарын нақты атады.
- Албания, Әзірбайжан, Болгария, Чех республикасы, Дания, Доминикан республикасы, Эстония, Сальвадор, Гүржістан, Гондурас, Венгрия, Италия, Жапония, Қазақстан, Латвия, Литва, Македония, Монғолия, Нидерланды, Никарагуа, Норвегия, Филиппин, Польша, Португалия, Румыния, Словакия, Оңтүстік Корея, Испания, Ұлыбритания және Украина бұлар қалпына келтіру науқанына қатысатындықтары белгілі болған елдер, - деген болатын Ричард Баучер.
Дегенмен де, кейбір әскери сарапшылар мен талдаушылар бұл аталған елдердің көпшілігінің Ираққа жіберетін жасақтарының нақты саны жөнінде түрлі пікірлер айтады. Көпұлтты күштерге ең үлкен үлес қосатын, шамамен 2,300 солдатымен Польша мемлекеті болады. Украинаның Ираққа жіберетін жасақтар саны - 1,800-дей болса, Испания 1,300 әскер жібермекші. Болгарияның Ираққа аттандыратын бейбіт күштер саны- 500-дей болады. Румыния мен Латвияның әрқайсысы 150-ден жасақ жібермекші, ал Венгрия болса бір-екі жүз әскер жіберуге уәде еткен. Словакия мен Литваның Ираққа аттандыратын әскер саны- 85-тен ғана болса, Қазақстанның үлесі - 25 жасақ болғалы тұр.
Жалпы қазір Ирақта тұрған коалиция күштері АҚШ-тың 150 мың солдаты жане Британияның 11 мыңдай жасағы болады.
Лондонда шығатын "Джейн қорғаныс апталығы" әскери басылымының редакторы Ян Кемптің айтуынша, талдаушылардың көпшілігі Ирақтың барлық аймағында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін, 100 мың жасақ қажет деп есептейді.
Ал кейбір сарапшылар болса, Вашингтон үшін нақты жасақтар санынан гөрі Ирақты қалпына келтіру науқанына қатысқысы келетін елдердің саны маңыздырақ көрінеді деген көзқарас жағында. Солардың қатарында жақында жарық көрген "Америка әскерилерінің соғыс жүргізу мен бейбітшілікті сақтау қызметі" деген кітаптың авторы, "Вашингтон Пост" басылымының тілшісі Дана Прист те бар.
- Біздің қазіргі көріп отырғанымыз, көптеген елдердің АҚШ бастаған күштердің Ираққа басып кіріп, НАТО ұйымындағы Британиядан басқа одақтастар қолдамаған Ирақты ұстап тұрушылығына, ең кемінде үстірт болса да, көпұлтты жасақтар арқылы қолдау көрсетуі. Сөйтіп олар кері шегініс жасады, сол арқылы Американың Европа немесе Европаның көпшілігі бұл мақсаттарды әлі де қолдап отыр деп айтуына мүмкіндік берді, - дейді Дана Прист.
İс жүзінде Европаның Франция, Германия сияқты негізгі елдері БҰҰ-ы Қауіпсіздік кеңесінің арнайы рұхсатынсыз Ираққа жасақ жіберуден бас тартуда. Көп санды әскерлерімен қаматамасыз ете алатын мүмкіндігі бар Үндістан да БҰҰ-ның мандаты болсын деген талап қойып отыр.
Түркияның премьер-министрі Абдулла Гүл жексенбі күні Анкара Ираққа жасақ жіберу үшін Американың өтінішін мұқият зерттеп- ойластыруы қажет деп айтқан. Түрік парламентарийлерінің көпшілігі БҰҰ-ның мандаты болуы керек деген пікір жағында. Баучер Ирақтағы күштер үшін БҰҰ-ның мандатының талап етілуі - Вашингтонды кейбір дәстүрлі одақтастарымен келіспеушіліктерге тірегенін мойындаған.
Бұл ретте туындап отырған екінші бір жағдай - ол қалпына келтіру мақсаттарына қатысушы елдердің өз жасақтарын жыл бойына немесе одан да көп мерзімде қаржыландыра алатындай қабілеті бола ма деген мәселе. Шілденің 29-ы күні "Вашингтон Пост" Пентангонның ресми бір өкіліне сілтеме жасай отырып, АҚШ бұл бағыттағы шығындарды, оның ішінде көпұлтты 9,200 адамдық күштерді әуе жолымен тасымалдауды қосқанда, соның бәрін жабу үшін, 200 миллион доллар жұмсауды көздеп отыр деп жазған. Польшаның қорғаныс министрлігі де бұл мәліметті растаған. АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Ричард Баучер бұл мәселе жөнінде былай дейді:
- Бұл елдердің кейбірі Ирақты қалпына келтіру ісіне қатысуды мәртебе, бақыт санайды, бірақ та оларда бұл шараларды атқаруға деген қаржы тапшылау. Міне сондықтан да біз оларға қалай көмектесуге болады деген жақтарды қарастырдық.
Хабарларға қарағанда мұндай көмекті қажет ететін, қорларының жоқтығын айтпағанда, әскери күштер саласы сыбайласқан жемқорлыққа душар болған Украина көрінеді. Ирақты қалпына келтірудегі көпұлтты күштер қатарына қосылуға ниет білдірген шығыс Европаның көптеген елдері тәрізді Украина да, НАТО-ға мүшелікке ұмтылып отырған мемлекеттердің бірі. Енді оның 1,800 жасағы осы мақсатқа қол жеткізуіне көмектесетін болар деген пікір айтады талдаушылар.
Ал саяси сарапшылар болса, Украина президенті Леонид Кучма Ираққа 1,800 жасақ аттандыруға уәде бергендіктен де, Вашингтон әкімшілігі Украиндағы реформалалрдың баяу жүргізілуін, ұйымдасқан қылмыстың орын алып, демократиялық алға жылжушылықтың болмай тұрғанын көпе-көрнеу сынамай, оған көзжұмбайлықпен қарап келеді деген де пікірлер айтқан.