Кең етек алған азаптау мен қорлау әскери жасақтар мен полиция тарапынан да жасалынады дейді "Хьюман Райтс Уотч" ұйымы. Рубасылары мен қолбасшылардың белден басқанына Америка Құрама Штаттарының әкімшілігі көз жұмып отыр дейді американдық құқық қорғаушылар.
"Хьюман Райтс Уотч" құқық қорғау ұйымы 101 беттен тұратын баяндамасын жариялап, Ауғанстандағы жағдайдың тұрақсыздығына дала қолбасшыларының әсіре сілтеу билігі қауіп төндіріп тұр деп сипаттады. Дала қолбасшылары тек билікке таласқандарды емес, жергілікті журналистерді, студенттерді, саяси белсенділерді, кәсіпкерлерді, жалпы кез-келген азаматты азапқа салуды әдетке айналдырды.
- Лойа Жырға ақылдастар кеңесі осы күзде жаңа Конституцияны мақұлдаса, келесі жылда Ауғанстанда жалпы сайлау өтеді. Бірақ жергілікті рубасылары мен қолбасшылардың әсіре сілтеу билігі тоқтатылмаса, еркін қоғамның негізін қалау мүмкіншілігі далада қалады, сондықтан шұғыл түрде шара қолдану керек, - дейді "Хьюман Райтс Уотч" ұйымы.
Рубасылары мен қолбасшылардың белден басқанына Америка Құрама Штаттарының әкімшілігі көз жұмып отыр дейді американдық құқық қорғаушылар. Қолбасшыларға сонымен қоса Пәкістан мен Иранның мекемелері тікелей көмек жасайды, қолбасшылардың ел билеу тәсіліне олар тұсау салғысы келмейді.
Терроризмге қарсы соғыста одақтас болып табылған жергілікті қолбасшылар жиырма жылдан аса азаматтық соғыстың кезеңіндегі билігін қазір одан сайын кеңейтті. Талибан үкіметін құлатуға қолбасшылар көмектескенімен, олар енді демократиялық қоғамды орнатуға кері әсерін тигізіп отыр дейді "Азаттық" радиосына "Хьюман Райтс Уотч" ұйымының өкілі Ванесса Саенен:
- Терроризмге қарсы соғысты алға қою және бұл науқанда дала қолбасшылармен одақтас болу - Ауғанстанда демократияны ұмыту деп білеміз. Бұл жағдай нағыз апат тудырып отыр, себебі Америка Құрама Штаттары бұл жұртты, яки дала қолбасшыларын қолпаштап келеді. Дала қолбасшылары болса жантүршігерлік азаптауларды бүкіл Ауғанстанда әдетке айналдырды.
"Хьюман Райтс Уотч" баяндамасында нақты деректер хатталды деп жазады "Азаттық" радиосының тілшісі Джереми Бранштен. Мәселен, наурыз айында қорғаныс министрі Қасым Фахимді сынаған газеттің кеңсесіне бір топ қарулы азамат келіп, редактордың кеудесін отыз оқпен тесеміз деп қорқытқан. Баяндамада өлтірулер мен азаптау жөнінде көп дерек айтылады. "Азаттық" радиосы баяндама жөнінде Ауғанстан қорғаныс және ішкі істер министрліктерінің пікірін білуге әрекет жасады, алайда олар оған ықылас-ынта танытпады. Ал Ауғанстан абақтыларын басқаратын ең үлкен басшы, генерал Салам Хан Бақшы өткен аптада "Азаттық" радиосына былай деп айтқан болатын:
- Біздің абақтыларда азаптау деген болмайды. Кейбір жұрттың айтқаны – біздің жүйемізге қарсы нәсихат болып табылады. Мұнда ешбір азаптау жоқ. "Әмнести интернешнл" мен "Хьюман Райтс Уотч" сияқты ұйымдардың өкілдері Ауғанстанға келіп, абақтыларымызды өз көздерімен көргені жөн. Біз оларға кез-келген провинцияда кез-келген абақтыны көрсетеміз. Мазар, Қандағар, Жалалабад не болмаса Ғерат болсын бәрібір. Бірде бір полиция не болмаса прокуратура кеңсесінде азаптау, қинау деген бізде жоқ. Әлбетте, абақтылардағы тұрмыс жағдайы біркелкі емес. Бірақ азаптау деген бізде жоқ.
Дегенмен, "Хьюман Райтс Уотч" баяндамасындағы нақты деректер Ауғанстан абақтылары басшысының сөзін жоққа шығарады. Кең етек алған азаптаулар өз алдына, қарапайым азаматтардың қауіпсіздігі әлі қамтылатын емес. Әсіресе әйелдер мен қыздарға қатер басым, олар көшеге жалғыз шыға алмайды, зорлықтың қаупі көп. Әсіре сілтеу де шашетектен. Мәселен, Жалалабад және Лагхман провинцияларының басшылары әйел-қыздарға көшеге паранжасыз шығуға тиым салған. Әйтпеген жағдайда, олар соққыға жығылады не өмірімен қоштасады деп ескертілген.