Сарапшылардың пікірінше спам ендігі жерде Интернеттің өзіне де қауіп төндіре бастағандай. Европа одағы биылғы жылы осы түкке қажетсіз электронды пошта жүйесіне қарсы күресуді қолға алып отыр, алайда АҚШ және өзге де елдер осы күресті қолдап, осындай талап-арыздарға қосылмайтын болса, Одақтың бұл жолдағы барлық күш-жігері тиімсіз, нәтижесіз аяқталары анық.
Сіз егер Интернет пайдаланушы болсаңыз, электронды поштаңызға сіздің сұрауыңызсыз-ақ түрлі жарнамалық мазмұнда келіп жататын бұл хаттар тасқыны "спам" деп аталады екен. Бүкіл дүниежүзіндегі Интернет қолданушыларына артық салмақтан қалай тез арада құтылуға болады дегеннен бастап, мол ақша табудың жеңіл жолы тағы да басқа осындай қымбат уақытты алып, миыңызды ашытатын түрлі дүниелер осы спам жүйесімен келеді.
Мұндай жарнамалық хаттар легі осыдан екі жыл бұрын электронды поштамен жіберілетін барлық сәлем хаттардың 10 проценттейін құраған болса, қазір ол күн сайын жіберілетін бүкіл поштаның тең жартысы болатындай деңгейге жеткен. Сарапшылар егер спамға кедергі жасалып, бөгет қойылмайтын болса, онда ол электронды пошта жүйесін зақымдап, оны байланыс құралы ретінде істен шығарып тастауы да мүмкін дегенді айтады.
Британияның әйгілі Монти Питон пародия тобының консервіленіп қатырылған шошқа етіне арнаған әзіл әні бар. "Спам" сөзін ағылшын тілінен аударғандағы бастапқы мағынасы осы консервіленген ет деген ұғымды білдіреді. Әзіл әннің мазмұны мейрамханаға келген жұп консервіленген ет- спам тағамына тапсырыс береді, бірақ та олардың бұл өтініші мұнда толып отырған басқа да меймандар - викингтердің айқай-шуының астында көміліп, естілмей, елеусіз қалады. Осы әзіл әнде айтылған жәйтпен салыстыра келіп, сарапшылар спам электронды поштасы – заңды байланыс жүйесін дәл осылайша жаулап, басып алды деген пікір білдіреді.
Спамға қатаң шектеулердің қойылуын талап ететін арнайы топ құрылған. Ол өздігінен келетін коммерциялық поштаға қарсы Европа коалициясы деп аталады, оның төрағасы Джордж Миллс былай дейді:
- Егер сіз зер салып қарайтын болсаңыз мұнда миллиондаған хат жібершуілерді көре аласыз. Сіз бұған дайынсыз ба? Шындығында сіз күніне миллиондаған хатты оқып, таныса алар ма едіңзі? Сіз мүмкін спам поштасынан миллион хатты қабылдаймын деп ойлатын боларсыз, бірақ шындығында олардың жүздеген не мыңдағанымен ғана танысып үлгересіз.
Спам негізінен экономикалық себептен кең қанат жайып отыр. Компаниялар электронды пошта арқылы жаппай жарнамалық хаттар жібергені үшін көк тиын да төлемейді. Тіпті сол хаттардың мыңнан біріне ғана жауап келсе де, ол жарнама жібергендер үшін үлкен тиміділік.
Бүкіл әлемдегі компьютер қолданушылар мұндай спам хаттарға алаңдаушылық білдіреді. Олардың бірқатары сіздің сұрауыңызсыз поштаңызға келіп тұратын жарнамалық хаттардың мазмұны дөрекі, ақылға сиымсыз, өрескел жәйттарды суреттеп жазатындығына қынжылыс танытады. Кәсіпорындар басшылары жұмысшылардың мұндай хаттарды оқып немесе оларды жойып отыруға көп уақыт жұмсайтындықтарын, соның салдарынан еңбек өнімділігі төмендейтіндігін айтады. Үкіметтер болса жаңа заңдар қабылдауда, бірақ бәрібір де Интернеттегі қажетсіз спам поштасы ағынын қалай бөгеуге болатынын әлі ешкім білмейді.
Бұл ретте Европа одағы мақұлдаған бір мүмкіндік- компаниялардың осындай жарнамаларын оны қажет етіп, сұраныс түсірген, оларды қалбылдауға келіскен жекелеген Интернет қолданушылардың электронды поштасына ғана жіберуге рұхсат ету. Мұндай әдіс бұдан он жыл бұрын факс жүйесіне қолданылған болатын. Ол факстар енді өткен ғасырдың еншісі болып қалды.
Европа комиссиясы өткен жылы сұралмаған электронды поштаға байланысты бұл жүйеге "қатысу" жөніндегі заңды өткізген болатын. Европа одағының елдері бұл заңды қазан айының аяғына қарай мақұлдауы тиіс. АҚШ-та бұл жөнінде түрліше тәсілдер алынып отыр. Онда заңгерлер спам жөнелтуші компаниялар адамдардың келісім берген, бермегеніне қарамай –ақ жарнамалық хаттар жіберуді жалғастыра берсін дейді. Тұтынушылар онда спам жүйесіне қатыспауды өздері шешсін делінген.
Брюсселдегі үкіметтік емес ұйым- Европа маркентингі федерациясының директоры Аластаир Тимпест өз тобының қаптап кеткен спам жарнамалық хаттарына қарсылық бағытында екендігін айтады.
- Біз жақсы маркетинг, яғни тұтынушыларға қажетті деген сапалы тауарлар және халықтық атауы бар белгілі заттар жөнінде жіберілетін кәсіби жарнама мен ешқандай себеп-салдарсыз жаппай жөнелтіле беретін "спам" арасында айрықша өзгешелік бар деп білеміз, - деген Тимпест, спам жөнелтушілеріне тосқауыл қою үшін қатаң шаралар қабылдау керектігімен келіседі. Бұл тұрғыда ең қажеттісі- жұмыс істейтін, талаптары орындалатын заңның болғаны деген пікір жағында ол.