Қазiргi уақытта республиканың бiлiм және ғылым министрлiгiнiң мамандары талапкерлердiң берген жауаптарын сұрыптап жатыр, ал оның толық қортындысы келесi аптада белгiлi болмақ. Бұл туралы дүйсенбi күнi бiзбен телефон арқылы тiлдескен Қазақстанның бiлiм және ғылым министрлiгiнiң баспасөз хатшысы Жанар Үсiпбекова хабарлады:
- Республикадағы 50 мемлекеттiк, 113 мемлекеттiк емес жоғары оқу орындарынан қазiр министрлiкке есептер түсiп жатыр. Биыл оқуға түсуге құжат өткiзген 160 мыңнан астам адамның 28 пайызының тест сұрақтарына жауап берген кезде бiлiм көрсеткiшi 40 баллдан төмен болғаны анықталып отыр. Биыл аппеляциялық комиссияға ата-аналардан, талапкерлердiң өздерiнен шағым айтып, түсiп жатқан арыз-өтiнiштер өте көп, қазiр министрлiкте олар да қаралып жатыр. Сол секiлдi тест сұрақтарының арасында да қателiктердiң бар екенi белгiлi болып отыр.
Бiлiм және ғылым министрлiгiндегi конкурстық комиссияның биылғы оқуға түсушiлердi тестiлеудiң нәтижелерiн қорытындылау жөнiндегi жұмысы тамыздың 12-iне дейiн жалғасады. Ал бiлiм гранттары мен несиелерiне ие болған адамдардың тiзiмi тамыз айының iшiнде республикалық басылымдарда жарияланатын болады.