Алайда, бұл мемлекеттер контрабандалық саудаға тосқауыл қоялмай отыр. Ол олма, заңсыз саудамен айналысатындар контрабандалық тасылымның жаңа түрлерін тауып жатыр.
Қазақстан, Өзбекстан, және Қырғызстан шекараларын мойындамайтын контрабандашы саудагерлер бензин, дизелдік отын, алкоголді ішімдіктердің, темекі өнімдерінің бара-бара жаңа тасымал әдістерін тауып жатыр. Қырғызстан сияқты шағын мемлекеттің қазнасы контрабандалық саудадан расында да тұншығып отыр, деп жазады "Еурейже Вью" интернет басылымының Бишкектегі тілшісі Вячеслав Гончаров. Ешбір салық төлемей, тауарларды заңсыз өткізетін саудагерлер нағыз экономикалық дағдарысты туғызды. Бір ғана Қырғызстан емес, аймақтағы барлық мемлекеттің қазнасы контрабандалық саудадан жүздеген миллион доллар жоғалтып отыр.
Көршілес елдер шекара қатынастарын күн талабына сай реттеудің орнына кедендерін тас бекітуге шейін барады. Бұл өз кезегінде шекараны жаппай бұзу көрінісін тұғызды. Ош облысы полициясы бастығының орынбасары Еркін Есеналиев "Азаттық" радиосына берген сұхбатында бұл мәселе кең етек жайғанын айтты:
- Бір топ жұрттың осындай аспа көпір жасап алып, сым, арқан тартып, резеңке қайықтармен өзендерден ары-бері өтіп, "сауда қылып жатырмыз, тіршілік қылып жатырмыз, арғы жақтағы туысқандармен қатынасып жатырмыз" деген әр түрлі сылтаумен шекараны бұзып жатқаны өте көп. Бұл бойынша өзіміздің азаматтарымыздың үстінен қылмыстық істерді қозғауға шейін мәжбүрміз.
Қырғызстан үкіметі контарабандалық саудаға қарсы бірнеше шара қолданып көрді. Көкек айында, мысалы, үкімет бензин мен дизельдік отынның акциздік салықтарын 50 және 37,5 процентке шейін төмендетті, реттелетін бағаның бәсекелестігін арттыруға жағдай жасады. Дәл осы кезеңде парламент контрабандалық саудаға қарсы заң қабылдап, айыпты деп табылған азаматтарды ұзағырақ абақтыға жабуға келісім айтты.
"Еурейже Вью" интернет басылымының тілшісі Вячеслав Гончаров жазып отырғандай, бұл шаралардан кейбір нәтиже шықса керек. Заңды түрде мамыр айында әкелінген бензин мен дизельдік отынның көлемі көкек айындағы көрсеткіштен үш есе асты, деп жариялады Қырғызстан үкіметі. Бірақ, арақ өндірісі сияқты басқа салалардағы жағдай бақылауға көнетін емес. Биылғы жылдың алғашқы тоқсанында арақ өндірісі 34 процентке асты, мұндай көрсеткіш соңғы жылдары байқалмаған. Бірақ дәл осы кезеңде Қырғызстан азаматтары сатып алған арақтың 38 проценті, шарап пен сыраның жартысы елге заңсыз кіргізілген екен.
Жағдайдың осылайша қалыптасуына, әлбетте, Орталық Азия аймағындағы шекара ынтымақтастығының жүдеу халі әсер етті. Совет Одағы құлаған соң бас көтерген контрабандалық сауда жаппай сыбайласқан жемқорлықтың қорына айналды. Мемлекеттердің арасында бірауыз саясат,бірауыз іс қимыл жоқ. Айталық, Қырғызстан жағы заңсыз арақтың өндірісі көршілес Қазақстанда тоқтатылмайынша, арақтың жолына бөгет қою мүмкін болмайды дейді. Қазақстан жағының да Қырғызстанға айтатын реніші шаш етектен.
Кеден қызметінің жаппай сыбайласқан жемқорлығы да контарбандалық сауданың қанатына су сеуіп отыр. Ал контрабанда саудагерлері өздерінің қара шеберлігін барған сайын арттырып жатыр. Мәселен, олар тауарды аздаған бөліктермен кіргізуді игеріп алды, жұмыссыз азаматтарды соқыр тиынға жалдап, ашық-шашық жатқан шекарадан керек заттарын өткізіп алады. Аздаған ақшаға көнген азаматтар тіпті тауардың иесін жеке танымайды, ұсталып қалса өздері жауапкершілікке тартылады. Демек, арақ, бензин не болмаса басқа қымбат затты арқалатып жіберген контрабандашы тасада қалады.