Accessibility links

Поляк әскері Ирақта


Ираққа жіберілген Польшаның бітімгершілік жасағы бұл елде қауіпсіздік пен бейбіт ахуал қалыптастыру үшін арнайы оқу-жаттығулардан өтті.

Поляк қоғамында Ираққа өз әскерлерін жіберуді қолдайтындар аз. Бірақ, бейбіт жағдайды қорғауға дайын тұратын Польша елінің әскерлері өздерінің Ирақ тұрғындарына қол ұшын беру арқылы әскери шеберліктерін көрсете алатындықтарын айтады. Біз ол жерде өмір сүрудің шынымен де қауіпті екенін білеміз, дегенмен біз сол үшін жаттықтық дейді 23 жасар поляк әскері Яцек Гербот. Бізге Араб әдет-ғұрпына үйреніп, олармен тіл табысып түсінісу қиын болады. Мен, олар бізге қас жауындай қарамайды деп үміттенем дейді тілшіге берген сұхбатында поляк әскері. Польша бастаған 22 елдің 9,000 әскері Ирақтың оңтүстік орталығындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты. Басқарушы штаттың 250-дейі бүгінде Ирақта және 2,000 поляк жасағы сейсенбі күні Таяу шығысқа кетті. Олар өз міндеттемелерін 1-ші қыркүйектен бастамақ. Біздің мақсатымыз әдеттегідей, бақылау мен қалқалау, транспорт және ғимараттарды тексеру- деді, 420 поляк 100 латвия 45 литва жасағына қолбасшылық ететін, майор Зенон Щыбыло. Бірақ ол, егер бізге оқ атылса бізде оларға солай жауап беруіміз керек деген. Басында поляктықтар халықаралық аренадағы әскери миссиясын мақтанышпен қабылдаған еді, соңғы кезде тіпті күн сайын американ әскерилеріне қарсы жасалып жатқан шабуылдардан кейін, халықаралық миссиямен жүрген көптеген азаматтар қауіптің ушыққанын сезіне бастады. Шілде айының басында жүргізілген сауалнамада 952 поляк әскерінің 55 проценті өздерінің Ираққа әскер жіберуге қарсы екенін танытса, 36 проценті халықаралық миссияны қолдаған.

Халықаралық әскери миссияны орындауда поляк әскер- екінші дүниежүзілік соғыстан бері Польшаның ең үлкен әскери дайындығы қаншалықты дамығанын көрсете алады. Бұрынғы советтік блоктағы елдердің біразы 1999 жылы НАТО-ға қосылып, өз әскерінің деңгейін қаржы тапшылығына қарамастан, батыстық талаптарға сай көтеруге тырысқан. Дегенмен, көп бақылаушылар олардың жасағы әскери мақсаттарға дайын тұр деп біледі. Ирақтағы миссия үшін әскери басшылық ең мықты жасақтарды таңдап алып, оларды соңғы үлгідегі құрал-жабдықтармен қамтамасыз еткен. Олар талаптанып жақсы жұмыс жасау үшін бәрін істейді- дейді, НАТО-ның Щецин портындағы поляк, дат және неміс жасақтары тобының өкілі лейтенант полковник Ув Семприч. Осы аптада Ираққа бет алатын польшаның әскери жасағының басым бөлігі Щециндегі 12-ші әскери бөлімнен шығады. Поляк армиясы өте жақсы жабдықталған әрі соңғы үлгімен жаңашаланған. Және НАТО-ның жаттығулары үшін жоғары деңгейдегі маркалармен қамтылған. Екі батальон мен бір басшылық штаты бар бұл бөлімше Бағдадтан оңтүстікке қарай 60 шақырымдай жердегі Хилла аймағында жұмыс істейді. Бұл жасақтар аймақта бейбіт ахуал қалыптастыру үшінгі дайындықтарын мамыр айынан бері жүргізді. Сонымен қатар, олар Ирақтан алынған хабарлар негізінде кең жерлерде жаттығулар жасап дайындалды. Американдық кеңесшілер поляк әскеріне түнгі мезгілде бұл аймақта үнемі ирақтықтар әскерилерге шабуыл жасап, колонна соңындағы мәшине артына жармасып алатын оқиғаларын ескертті. Оқу-жаттығу шараларымен бірге әскерлер Польшадағы Шығыс оқулары деген орталықтың мамандарынан дәріс алып, онда ирақ өміріне икемделіп, болуы мүмкін текетірес пен басқа да мәселелерді шешу үшін жергілікті тіл мен әдет-ғұрыпты үйренді. Полковник Валдемар Чарнецки өздерінің осы бітімгершілік міндеттерімен қатар, Ирақтағы жергілікті жетекшілермен жақсы қарым-қатынас орнату, елдегі соғыс кезінде қираған инфрақұрылымдарды қайта қалпына келтіру екенін айтты. Осы жерде біз тәртіп бойынша жүрсек бұл қарсы реакция тудырады деп ойламаймын. Бірақ, Сіз террорлық әрекет болмайды деп айта алмайсыз –дейді, поляк полковнигі.
XS
SM
MD
LG