Accessibility links

Арнольд Шварценегер Калифорния губернаторлығына сайлауға түспекші


Өзінің “Терминатор-3” деп аталатын даму механизмі тұрғысындағы соңғы киносынан кейін, Голливудтың әйгілі кино жұлдызы Арнольд Шварценегер саясат әлеміне бет бұрып, осы жаз айларында сайлауға түспекші. Австриялық культурист-актер енді Калифорния губернаторлығынан үміткер болып, оның мүддесіне орай, бүгінде оған ақпарат құралдары “Губернатор” деген атау да беріп қойды…

Құштарлық деген миға қонымсыз. Мен механизммін деп басталатын Арнольд Шварценегер ойнаған Т3 киносының басталуы.

Құмарлық деген роботқа тән болмауы мүмкін, бірақ осы “Терминатор 3” киносында басты ролді ойнаған 56 жасар кино жұлдызы Шварценегер үшін атаққа құмарлық барлық жерде болады. Оның қазіргі кино саласындағы мансабы Т3 киносынан кейін қайта асқақтап, американ кинотеатрларына бұл фильм алғашқы аптада-ақ 72 млн доллар кіріс әкелген. Шварценегер енді өзін саясат сахнасында сынап көрмек. Калифорния штатының губернаторлығынан үміткер әйгілі киножұлдызы осы штаттың қазіргі губернаторы Грей Дэвистің орнына келуге әрекеттеніп жатыр. Жергілікті халық Грей Дэвисті штаттағы бюджет дағдарысын реттей алмады деген айыппен оның орнынан кетуін талап еткен. Сөйтіп сайлауда демократтар мүшесі болып табылатын Дэвис штат көлемінде сайлау науқанын сәтті жүргізіп жатқан Шварценегер мүшесі болып табылатын республикашыл партиямен бетпе-бет келмекші. Сайлаушылар 38,000 млн –ға бағаланған бюджет тапшылығы мен энергетика саласындағы дағдарыс үшін ашулы. Сондықтан Дэвисті қолдағандар бар болғаны 21 процентті құрап отыр. Бұл Калифорния штатының тарихында бірінші рет кездесіп отырған жәйт. Белгілі Кеннеди әулетінің мүшесі, либералды демократ ретінде танымал Мария Шрайверге үйленгеніне қарамастан, Арнольд Шварценегер Республика партиясының бірнеше жылдан бергі мүшесі. Калифорния Беркли Университетіндегі үкіметтік оқулар институтының директоры, профессор Брюс Каин Азаттық радиосының тілшісіне берген сұхбатында оған сенім артатынын айтқан.

Ол сенім тудыратын үміткер болғандықтан оған жақсы мүмкіндіктер бар, егер ол өзінің ойнаған ролдеріндегідей атын таныта алса, оның соншалықты сәттілігін байқауға болатын еді. Мұның бәрі дәл осындай жағдайдағы Арнольд Шварценегер туралы біздің көп білмегендігімізден. Алайда оның негізінен бүгінде ақпараттық құралдары арқылы елге танымал болған есімімен мүмкін кандидат болуына болады. Және оның 90 жылдары губернатор Пит Вилсонды насихаттаған өте тәжірбиелі компаниясы бар. Сондай-ақ, ол бүгінде республика партиясына өте қажет болып отырғандай, өзін ұстамды республикашыл ретінде таныта білді.

Шварценегердің кинодағы карьерасы соңғы жылдары оның денсаулығына байланысты төмендей бастаған. Мотоцикльден құлап операцияға түсіп, ұзақ жатып қалған соң Шварценегер өзінің кинодағы дөрекілеу жігіт роліндегі имиджін өзгертіп, өткен жылы ол Республикандықтар мен Демократтықтардың да қолдауына бірдей ие болған елдегі мектепке дейінгі және кейінгі жағдайларды қаржыландыру бастамасына дауыс жинаған. Алайда, Брюс Каин оның саясат саласындағы ұпайы өте аз әрі оған сайлау науқанындағы психологиялық тартыстар ауыр болуы мүмкін дегенді айтады.

Бірақ, Арнольд қашанда атақ құмар болған, туған жері Австриядан Құрама Штаттарға келген ол алдына мақсат қойып, өзін әлемдегі ең үлкен қапсағай денелі культуристке айналдырды. Бірақ, ол Голливудттың үлкен жұлдызына айналса да онымен тоқтап қалған жоқ. Көптеген адамдар бұл 1983 жылы Американ азаматтығын алған Шварценегер үшін келесі саналы қадам болмақ деп отыр.
XS
SM
MD
LG