Accessibility links

Еуропадағы жаздың аптап ыстығы экономикаға әсер етті


Күннің қатты ысуы Еуропа аймағында рекордты жағдайға жетіп, Англия мен Германияда жексенбі күні бұрын соңды болмаған ыстық болды. Ал, Оңтүстік Еуропада орманды алқаптардың жаппай өртенуі одан әрі жалғасуда. Төтенше жағдай туғызған ауа-райының тым жоғары қысымы осы аймақтағы ауылшаруашылық саласына ауыр салдарын тигізіп, тіпті инфрақұрылымның негізгі жолдары электр жүйесіне де әсер етуде.

Еуропадағы мыңдаған демалушылардың әдетте аңсайтынындай, осы жылдың жаз айларында ыстық күн мен бұлтсыз ашық-аспан ұзағынан болды. Скандинавия елдерінен Жерорта теңізіне дейінгі Еуропа елдері өте ыстық ауа райын бастан кешіп отыр. Германияның ауа райын болжаушылары жексенбі күні Мюнхен аймағындағы температура 40,4 градусқа жеткенін хабарлады. Сол сияқты, Англияның оңтүстігінде де термометр бұрын соңды болмаған 37,7 градус ыстықты көрсеткен. Және ұлттық тарихи жерлерінің алқапты ормандарын өрт жайлаған Португалия елінде күннің қызуы 50 градуске жеткен. Сондай-ақ, Испания мен Италия да алапат өртпен күресуде және Альпі тауларындағы мұз қабаттары ери бастауда.

Германияның ауа райын болжау орталығының өкілі Майкл Нобелздорф неліктен Еуропа елдері осындай ыстық ауа райына тап болып отырғанын былай түсіндіреді: - Бұған негізгі себеп - Орталық Еуропа бойынша жоғары қысымға әсер ететін жүйе бізде тұрақты, және бұл бір аптадай уақытқа сақталды. Тағы бір жәйт, бізге Африка елдерінен өте ыстық ауа келді.



Нобелздорф сонымен бірге, әдеттегі салқын теңіз суының температурасы да көтерілгені теңізге түсушілерге тиімді болғанын айтты:

- Балтық теңізінің шығысы мен солтүстігінде, және жерорта теңізінің кейбір жерлеріндегі судың температурасы 30 градусқа жақын болғанын айта аламын.

Күннің қатты ысуы мен жауын-шашынның жетіспеушілігі бұл аймақтың економикалық өміріне кері әсер ете бастады.

Ауылшаруашылығындағы дәнді дақылдар күнге күйіп, ал қалалық жерлерде энергия саласына қысым көп түсіп, егер жақын күнде ауа райы өзгермесе электр жүйелері істен шығуға шақ қалды. Британияда теміржолдар ауа райына байланысты сенімсіз жағдайда қалғаны үшін сынға ұшырап, ондағы темір жолдардың күннің қатты қызуынан қисайып кетуіне орай, олардың қызмет көрсету мүмкіндіктері төмендеген. Лондонның метеорологиялық орталығының маманы Доминик Вулларт айтқандай:

- Метеорологиялық орталық бүгінде темір жол саласына кеңес беріп отыру үшін олармен байланыс құрып, ондағы жолдардың температурасын анықтап, олардың пойыздар қаншалықты жерге дейін жүре алатыны жөніндегі шешімдеріне көмек беріп отырамыз.

Франциядағы электр жүйесі бойынша қоғамдық қызмет көрсету орталығының өкілдері, өзен суларының ысуы олардың өндірісіне кері әсер беріп отырғанын айтады. Министр Никол Фонтаин өндірістің бұл жағдайын өте күрделі деп атады. Себебі, электрстанциялар әсіресе ядролық бекеттер өте үлкен көлемдегі хладагент сияқты суды қажет етеді. Бұл сулар өте жылы болғандықтан, электрстанцияларындағы қажетті жағдайларды шектейді, бұл деген ол сулардағы балықтар мен басқа да жәндіктердің өліміне әкеледі. Табиғатқа төнетін қауіпке қарамастан, Франция өкіметі Ядролық қауіпсіздік үшін бірнеше атом электрстанцияларына әдеттегіден ыстығырақ суды өзенге ағызуға рұхсат берді. Германияда да дәл осындай жағдай орын алып, атом электр станциялары өздерінің электр өндірісін төмендететіндіктерін айтқан. Біз қоршаған ортаның апатқа ұшырау қаупі алдында тұрмыз ба деген сауалға Германияның ауа райын болжау орталығының маманы Нобелздорф:

- Бәлкім солай болады. Біз мұның нәтижесін тек ауа райы өзгерген соң ғана көре аламыз. Бүкіл Еуропа ең жаман құрғақшылықты көріп отырғаны белгілі, - деп жауап берген.

Британияның ұлттық фермерлер одағының сарапшысы Паул Иббот ең қиын жағдай егісті жерлерге тиді деді:

- Англиядағы ахуал тым жаман емес, дегенмен Германия мен Франциядағы жағдай үлкен қиыншылық тудырып отыр.

Олардың бәрі бидай өнімнің жылдағыдан төмендеп кететініне басты назар аударып отыр. Өйткені, ыстық ауа райынан астық жинау деңгейі Францияда 6 млн тоннаға дейін төмендеп кетуі мүмкін. Бұл елде қаңтар айынан бері жауын–шашын әдеттегіден 50 процент қана жауған. Италияндық фермерлер құрғақшылықтың ұзаққа созылғанына алаңдаулы. Сондықтан, Рим Папасы өзінің Римнің сырт жағындағы жазғы мекенінде жауынның жаууы үшін тілек тілеуде, және ол барлық фермерлерді құдайдан жаңбыр жаусын деп тілек айтуға, қазақтарша тасаттық жасауға шақырды.
XS
SM
MD
LG