Бірақ, шетелдік инвесторларды Қазақстандағы заңдық-сот жүйелерінің әлсіздігі шошытады.
Қазақстан өзінің имиджін Орталық Азиядағы экономикалық белсенділігі арқылы қалыптастырды. Қазақстанның мұнай-газ саласының сыртындағы оқиғалар шындығында, елдің беделін түсіріп енді Қазақстан Орта Азиялық көршілері сияқты шетелдік инвестицияларды тартуға күш салуы керек. Бүгінде сарапшылар, Қазақстандағы әлсіз заңдық сот жүйелері әлеуетті инвесторлардың елдің даму жобасынан қашуына жол беріп отыр деп айтады.
Қазақстан басшылығының ұйымдастыруымен 29 тамызда болатын БҰҰ –ның инвестициялар жөніндегі конференциясы кезінде, Қазақстанның шетелдік капиталды өзіне тарту мәселесі сөз болмақ. Бұл кездесуде Орта Азия республикалары оның ішінде Ауғанстан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Түркіменстан және Моңғолия елдеріне ғаламдық сауда және стратегия кезеңіндегі инвесторлардың қарым-қатынасы қаралмақ. БҰҰ-дағы дамушы елдердің жоғары өкілі Ануар-ул-Кәрім Чоудхури конференцияға төрағалық етеді.
Ол экономикалық даму жобаларын қарау кезінде басты назар, теңізге жақын емес елдерге аударылады деді. Және бұл елдер өздерінің географиялық аулақта жатқандығы үшін жоғары баға төлеуге мәжбүр деген Чоудхури мырза. Қазақстан мұнай мен газ қоры жетерлік Түркменстанды айтпағанда, Орта Азия елдерінің ішінде айтарлықтай экономикалық басымдылығын таныта алады. Дегенмен, Қазақстанның инвестициялық ахуалы оның көрші елдеріндегі жағдаймен ұқсас.
Соңғы жылдары Қазақстан экономикалық өсудің жоғары көрсеткіштеріне жетіп отыр. 2003 жылдың алғашқы жартысында жалпы ішкі өнім 10,4 процентке көтерілген. Сарапшылар, көп қаржының мұнай-газ саласына құйылып жатқанын айтады. Әзірге энергия бағасы жоғары деңгейде қалса, Қазақстан қазіргі өсу бағытын ұстап тұра алады дейді сарапшылар. Егер мұнай бағасы төмендесе, үкімет негізгі саясатын өзгертпейінше, келесі екі еселенген өсім туралы ұмытуға тура келеді.
Инвесторларды қорғап жүрген ұйымдардардың дәрменсіздігі - Қазақстанның мұнайға қатысты емес жобаларына айтарлықтай қаржы салуды қаламайтын шетелдік компанияларға меншік иелері мен басым тараптар әлі де кедергі жасап отырғандығында деген, Euriasia View интернет парақшасындағы мақалада. Көптеген шетелдік компаниялар Қазақ үкіметі еркін базар жүйесін қолдау міндеттемелеріне қарамастан, орта жолдан-ақ, бағалар мен тәртіпті өзгерте салады деп шағымданады. Кейбір өзгерістер жағдайдың ақырындап жақсарып келе жатқанын көрсетеді.
Маусым айының соңында, Қазақ елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз еліндегі мұнай- кен орындарындағы инвесторлар үшін экономикалық сенсация болады деп уәде берген, ал маусым айында жаңа үкіметке басшы болып келген Даниял Ахметов жүйелі реформалар құруға сөз берді. Өз айтқандарын нақтылай түсу үшін үкімет басына келе сала Даниял Ахметов парламенттің қарауына жекешелендіру жөніндегі заң жобасын ұсынған.
Сонымен қатар, ол телефон байланысы қызметіне бақылауды тоқтатып, электр жүйесі мен тасымалдауға бағаны түсіруге тырысатынын хабарлаған. Бірақ, Қазақстандағы өнеркәсіп саласындағы бәсекеге қарамастан, сарапшылар мұның бәрібір үкіметтің дегеніндей болады деп есептейді. Манхэттендегі Паттерсон компаниясының әріптесі әрі базар экономикасының дамуы жөніндегі сарапшысы Скотт Хортон қазақстандық соттар инвесторларды келіспеушілікті шешудің әділетті жүйесімен қамтамасыз етпейді деді.
Және қазақстандық соттардың сараптамалар мен заңды білу мүмкіндігі әсерлі дей келе осы елдегі тыңдауларға куәгер болған Хортон, өкінішке орай олар шығарған шешімдердің қандайда бір іске немесе заңға қатысы жоқ болады деген.
Ал, Парижде орын тепкен “Саланс” деп аталатын халықаралық заң компаниясының Алматыдағы жетекшісі Айгүл Кенжебаева конференцияға келгендерге, қазақстандық соттар шетелдіктердің сотына шешім шығарудың орнына есіктерін пара үшін ашық қалдырғанды дұрыс көреді деген. Қазақстандағы инвестициялық мүмкіндіктердің тиімділігін айтып, жақында ғана Вашингтонға барып қайтқан энергетика министрі Владимир Школьник пен қаржы министрі Ерболат Досаев екеуі де, Қазақстан мұнай секторынан тыс инвестицияларды тарта алады деп айтқан.
Президент Назарбаев 2015 жылға дейінгі өнеркәсіпті дамыту бағдарламасын мақұлдады енді біз Қазақ экономикасынын толығымен өзгерткіміз келеді деген қаржы министрі Досаев. Өз кезегінде энергетика министрі Владимир Школьникте арнайы салық тәртіптері арқылы нақты бір басымдылығы бар секторларға шетелдік инвесторлар тарта аламыз деді.
Жоғары техникалық өндіріс саласын дамыту үшін біз, Қазақстанды бәсекелес бола алатындай жағдайға жеткізуіміз керек деп толықтырған өз сөзін, Школьник мырза. Және ол ұлттық даму банкін құру қажеттілігін де көтерген. Ал, адам құқықтарын қорғау жөніндегі халықаралық бюроның жетекшісі Евгений Жовтис, сыбайлас жемқорлық жайлаған бұл мекемелер инвесторларды қатты үркітіп отыр деген. Қазақстан өзінің инвестициялық мақсаттарын бір аптада–ақ анықтап, бір ай ішінде инвесторларды тарта алуы мүмкін. Бірақ инвесторлар салған капиталды қорғайтын заң жүзеге асқанша біраз жылдар өтеді – дейді, Евгений Жовтис.