Алғашқы сәтте американдықтар бұл жаңа террорлық шабуыл деп ойлады.
Бейсенбі күні түстен кейін Нью Йорк және Американың солтүстік шығысындағы басқа да елді мекендерде аяқ астынан электр жарығы өшіп қалды. Бұл бір бірінен 500 шақырым жердегі қалаларда бір сәтте болды. Кливленд, Охайо, Детройт қатарлы ірі америка қалаларымен қатар көршілес Канаданың Торонто, Оттава іспетті қалалары да жарықсыз қалды. 20 миллионнан астам адам бірнеше сағат бойы электр қуатынсыз отырды.
Электр қуатының бұлайша бір сәтте жоғалуының себебі әлі де толық тексерілу үстінде. Алайда қазіргі мәліметтерге қарағанда, оқиғаға Америка мен Канаданы жалғап тұрған жоғарғы қуатты электр желілерінде болған ақау себеп болды. Десе де, электр қуаты жоғалғаннан кейінгі алғашқы сағатта АҚШ ресми орындары оқиғаға ешқандай түсініктеме бермегендіктен көптеген американдықтың ойына келген бірінші нәрсе бұл Американың электр қуаты жүйесіне қарсы ұйымдастырылған жаңа террорлық шабуыл деген ой болды. Ондаған мың адамның Нью Йорк көшелеріне бір сәтте қарбаласып шығуы екі жолаушы ұшағының Әлемдік Сауда Орталығының қос ғимаратына соғылысуы нәтижесінде 3 мыңға тарта адам құрбан болған 2001 жылдың 11 қыркүйегін еске салды.
Нью Йоркта биылғы жылдың ең ыстық күні ретінде аталып отырған бейсенбінің кешінде болған бұл оқиға салдарынан мыңдаған адам метро ішінде, биік ғимараттардың жоғарғы қабаттарында және лифтілерде тұрып қалған. Нью Йорк штатының әкімі Джордж Патаки аймақта төтенше жағдай жариялай отырып, Электр қуатының бұлайша аяқ астынан сөнуіне нендей себеп болса да, қыркүйектің 11ін бастан өткерген Нью Йорк тұрғындары бұған да қарсы тұра алады, - деп малімдеді.
Ройтерс ақпарат агенттігіне сұхбат берген Нью Йорк тұрғындарының бірі Джессика Ноутс электр қуаты жоғалған сәтте өзінің Нью Йорк ортасындағы ең биік ғимараттардың бірі Empire State Building-нің төбесінде болғанын айтқан. Біз 86 қабаттан жаяу түсуге мәжбүр болдық, - дейді ол, - Менің ойыма Әлемдік Сауда Орталығының қос ғимараты келе берді, алайда былайғы жұрт суыққандылық танытып, бірқалыпты төмен түсе берді.
Жаңа террорлық шабуыл деген қорқыныш бұқаралық ақпарат құралдары алдында Нью Йорк қаласының әкімі Майкл Блюмберг мәлімдеме жасағаннан кейін сейіле бастаған.
Көпшіліктің алғашқы кезекте түсінуі тиіс маселесі - әзірге террорлық шабуылдың болғанын растайтындай ешбір дәлел жоқ. Неліктен екені әзірге белгісіз, Нью Йорк штатының солтүстігі мен оңтүстік Канадада электр қуаты желілерінде үлкен ақау орын алған, - деді Нью Йорк қаласының әкімі Майкл Блюмберг.
Дәл осы сәтте Калифорния штатында сапармен жүрген АҚШ президенті Джордж Буш төтенше жағдайды мұқият тексертетінін мәлімдеді. Ұлттық теле арнаға шыққан ол былай деп мәлімдеді:
Бір нәрсені нақты айталамын бұл террорлық шабуыл емес.
Президент Буш бұл мәлімдемені жасап жатқан тұста кей елді мекендерге электр қуаты қайтып келе бастаған.
Мұндай жағдайлар бұған дейін де болған. Мәселен Нью Йоркте осыған ұқсас жағдай 1977 жылы орын алған.