Қақтығыстардың барысында сегіз азамат қаза тапты, олардың арасында Дания сарбазы және "Рейтерс" агенттігінің телеоператоры бар. Осындай қақтығыстар мен зұлымдықтарды жасау тыныштық орнатуға бой бермеудің негізгі жолы болса керек.
Ирақ мұнайын әлемдік базарға Түркияның Жейхан порты арқылы шығаратын Киркөк құбыржолына өткен аптада бір емес, екі өрт қойылды. Жөндеу жұмыстарына шамамен әлі он күн кететін сияқты. Ираққа экономикалық шектеу қойылған жылдары бос тұрған құбыржолдың қайта жандануы енді Ирақ ішіндегі астыртын қарсылыққа тап болды. Сәрсенбі күні қайта ашылған мұнай ағымы , сөйтіп, жұма күні тоқтап қалды. Жексенбі күні, сондай ақ, Бағдадтың солтүстігіндегі су құбыры істен шығарылды. Халықаралық Қызыл Крест қоғамы шамамен 300 мың халық ауызсусыз қалды дейді. Ирақ әкімшілігі су құбырын мұнай құбыржолына қарағанда іске қосу әлде қайда оңай дейді. Ирақтың АҚШ тағайындаған әкімі Пол Бремер Киркөк құбыржолының ақауы кемінде 100 миллион доллар шығын әкелді дейді:
- Саяси өтпелі кезең мен саяси өзгерістің негізінде экономикалық қайта құру болғаны шарт екені әбден анық. Соңғы қырық жылда таңғаларлық бейбастық орын алған соң Ирақ кедейшілікке бой ұрды. Киркөк мұнай құбыржолына жасалған шабуылды ескергенде жалғасып жатқан саяси саботаждың Ираққа тиер шығыны мол. Ирақ халқы астыртын қарсылықтың салдарынан күніне 7 миллион доллар жоғалтып отыр.
Ирақта соңғы үш-төрт күнде астыртын қарсылық пен жеке қақтығыстар белсенді сипат алды. Сенбі күні Ирақ сыртындағы Абу Ғариб абақтысына үш мина атылып, алты ирақтық қаза тапты, 59 адам жараланды. Американдық сарбаздар күзететін осы түрмені "Рейтерс" агенттігінің телеоператоры Мазен Дана түсіріп тұрғанда қателіктен өлтірілді. Американдық сарбаз оның бейнекамерасын зымыранатқыш деп қабылдапты. Басра қаласында даниялық сарбаз тонаушыларды тоқтатпақ болғанда ирақтықтардың қолынан қаза тапты. Қарақшылар электржүйесіндегі сымды ағытып жатқан. Ал мұндай жаппай тонаушылық электржарығының жер жерде үзілуіне себеп.
Ирақта кең етек жайған астыртын қарсылықтың негізгі жолы – мейілінше үрей туғызу екені анық. Саботаждың ниеті – АҚШ бастаған одақтастарға ирақтықтарды қарсы қою. "Әл Жәзира" Қатар телекомпаниясы жексенбі күні "Ирақ ұлттық көтеріліс қозғалысы" деп таныстырылған топтың үндеуін жариялады. Таспада зымыранатқыш асынған, беттерін бүркеген бес азамат бейнеленді. Олардың біреуі АҚШ әскеріне қарсы күресті бастауға үндеу айтты:
- Ирақ көтерілісі ішкі майданда айтарлықтай алғабасу жасау мақсатында басталғаны белгілі. Дұшпанды шабуылдаудан көрі қорғануға мәжбүр етудеміз. Құдайға шүкір, сан алуан және жиі шабуылдардың арқасында басқыншыларды Ирақ жерінде біржолата қоныстанудан аулақ қылдық. Дұшпан күн сайын өте көп адам шығынын көріп отыр.
Нысанаға алынған мұнай құбыржолының сақтығы қиын шаруаға айналғанын АҚШ бастаған бірлестіктің қоғамдық қатынастар өкілі Чарлз Хиитли де айтып отыр. Мұнайды әлемдік базарға шығару тек Ирақты қайта құру шаруасына өте қажет емес, Ирақтың ішіндегі мұнай өнімдері тапшылығын өтеуге қажет:
- Бұрыңғы биліктің адамдары тарапынан астыртын қарсылық жан-жақты болып тұрған жағдайда негізгі инфрақұрылымның қауіптілігі күрделі шаруа болып қала береді. Сондықтан одақтастар әскері бұл адамдарды қолға түсіру жұмысымен айналысып отыр. Бұл мақсат осы аймақта ең маңызды болып табылады.
АҚШ бастаған бірлестік Ирақтың елді мекендерінде бақылауды күшейтсе де жүздеген километр шөл даладағы құбыржолды күзету қиынның қиыны. Құбыржолдың қауіпсіздігін қамтуға түптің түбінде ирақ сақшыларын қоса тартқан жөн, дейді Чарлз Хиитли.