Accessibility links

Кербала қаласы тұрақтылық орнату күштерін күтеді.


Алдағы аптада Ирақтың орталығындағы поляктардың бақылауына берілген жаңа секторға Болгария мен Литва әскерлері жеткізіледі. Жасақтар Саддам Хуссейн режимі құлаған көкек айынан бері айтарлықтай тыныш жағдайда отырған, шийтердің қасиетті қаласы Кербала аймағына орналаспақ.

Болгария мен Литва жасақтары Польша бастаған көп ұлтты әскерлердің бақылауына берілген, Ирақтың орталығындағы Кербалаға алдағы апталарда келмек. Бұл көп ұлтты жасақ 1-ші қыркүйектен бастап, наурыз көкек айларында басталған Саддам Хуссейнді биліктен кетіру соғысынан бері орталық Ирақты бақылауда ұстап отырған АҚШ әскерлерінің орнына келеді. Орталық аймаққа Бағдадтың оңтүстігінен Басраға дейінгі шийтердің төрт елді мекені және шийтердің қасиетті қаласы Кербала мен Нажаф кіреді. Кем дегенде 9,000 әскері бар бұл тұрақтылық орнату күштері қазірге дейін американ-британ жасақтарының қолында отырған осы елдегі АҚШ бастаған күштердің бір бөлігі болып саналады. Ондағы ең үлкен контингент Польшадан 2,400 әскер, Украинадан 1,640 сондай-ақ Испания 1,300 әскерін жібермек. АҚШ-тың мемлекеттік департаменті жақында бұл тұрақтылық орнату күштеріне 30 елдің жасағы қатысады деп хабарлаған. Олардың ішінде Албания, Әзірбайжан, Болгария, Чехия, Эстония, Грузия, Венгрия, Қазақстан, Латвия, Литва, Македония, Румыния, және Словакия елдері бар. Бұл елдерден келетін әскерлердің саны жүздіктен болады. Жалпы саны 150,000 болатын американдық күштер Бағдадпен бірге, Ирақтың солтүстік жағындағы өз бақылауларын одан әрі жалғастыратын болады. Және 11,000 британ әскері де Басраның оңтүстігін өз қадағалауында ұстай береді.

Азат Ирақ радиосының тілшісі Борқан Шекарчи тұрақтылық орнату күштері келмес алдын, Кербаладағы қауіпсіздік жағдайын біліп қайтқан. Оның айтуынша, соғыс аяқталғаннан бері елдің басқа аймақтарында, әсіресе Бағдад маңында одақтастар әскеріне шабуылдар жасалып жатқан тұста, бұл қалада айтарлықтай тыныштық болған. Сонымен бірге, Шекарчи Кербаланың тұрғындары осыған дейін Ирақ шийттерін басып-жанжып келген Саддам режимінің құлағанын оң қабылдағанын айтады. Содан бері, бұл жерде Америка әскерін оккупация кезеңін тезірек аяқтауға шақырған шерулер болғанымен, шетелдік жасақтарға қарсы шабуылдар болмаған.

Кербала қаласы шынымен де Саддам режимнінің құлағанына қуанып, АҚШ әскері қалаға кіргенде оларды оң қабылдады. Олар американдық әскерлер Ирақтағы барлық жағдай толық қалыптасқанша осында қалғандары дұрыс деп ойлайды. Бірақ, әрине соңында Ирақ үкіметі қалыптасқан соң олардың кеткенін қалайды.

Шекарчи сонымен қатар, бұл жердегі халық американдық әскерлердің болғанын дұрыс көргенімен, жұрттың көбісі олардың орнына көп ұлтты тұрақтылық орнату күштері болса деген тілекте екенін айтады. Себебі олар Құрама Штаттар мен Ұлыбританияның Ирақта қалуға ниет танытпағандарын құп көреді.

Олар өздерін американдықтар мен британдықтардың басқыншылығында қалдық деп сезінгеннен гөрі, одан да мұнда басқа елдердің әскерлері тартылғанын дұрыс көреді. Және олар осындайда өздерін жақсы сезінеді.

Болгария бұл аймаққа бейбіт жағдай қалыптастырып, қалада тұрақтылық орнату міндеттерін алған өзінің 500-ге таяу жаяу әскер отрядын жөнелтпекші. Литва болса 45 жасағын жіберіп отыр. Шекарчидің айтуынша, қазіргі кезде Кербаладағы қауіпсіздік ахуалы жақсы, өйткені жергілікті діни жетекшілер Саддам билігі құлатылған соң, елдегі жаппай тонауды тоқтатып, қоғамдық тәртіп қалыптастыруға тырысты. Ирақтағы АҚШ әкімшілігінің бастауымен қалада полиция қызметі құрылды. Шекарчи сонымен бірге, қасиетті Кербаладағы қоғамдық талқылауларда шетелдік әскерлер жайында жиі сөз болатынын да тілге тиек етті.

Кербаладағы адамдар қасиетті діни жерлерде өте сезімтал келеді әрі олар ондай жерлерді құрмет тұтады. Олар американдық немесе басқа әскерилердің бұл қасиетті жерге келгенін қаламайды.

Көкек айының соңында Ирақтың әр аймағындағы шийттер жиналып, қасиетті Кербалада Имам Хуссейіннің өлген күнін еске алған болатын. Бұл шийт мұсылмандарының Саддам режимі кедергі болып келген бірнеше жылдардан кейінгі кең көлемді жиыны болды. Көптеген сарапшылар, Саддам билігі құлатылған соң, шийтердің басты саяси рольді алып, діни бағытта жетекшілік етуін нақтылайтын ереуілдерін байқап отыр. Американдық өкілдер біздің Кербаладағы тілшімізге берген сұхбатында олардың міндеті қалада жетіспей отырған жылумен, электр жарығы мәселесін шешу екенін айтты. Жанар-жағар майдың жетіспеушілігінен өткен аптада Басрада көтерілістер болып, екі күнге созылған бұл шеруден БҰҰ-на жұмыс істейтін бір күзетші мен қоса тағы екі адам қайтыс болған.
XS
SM
MD
LG