Олар күнделікті іс қағаздары мен құжаттарды орыс тілінен қазақ тіліне және керісінше аударма жасайды. Аудармаға қатысты Қазақстан қоғамында айтылып жүрген сын-пікірлер аз емес дейді Астана қалалық тілдерді дамыту басқармасының бастығы, ақын Қонысбай Әбіл.
- Жасыратыны жоқ, аудармалардың сапасы төмен болып жатыр. Басқаны былай қойғанда заң актілерінің түпнұсқалары орыс тілінде жазылады да, кейін қазақ тіліне аударылған нұсқасы әлсіз болып жатады. Ал енді тілдің тазалығы болуы үшін аудармаға батыл бару керек. Әрине, неше түрлі аудармалар кездеседі, мысалы «балконды» - «қылтима» деп аударғанды мен де қолдамаймын. Алайда, бұған бола аудармадан қашпау керек. Бірақ осы аудармашылардың жұмысын үйлестіріп отыратын бір орталық болуы тиіс деп санаймын, - дейді Қ.Әбіл.
Ал, Қазақстанның қаржы министрлігіне қарасты қаржы бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша басқармасында 1992 жылдан бері аудармашы болып қызмет атқарып келе жатқан Жеңіс Әлжанов барлық терминдерді түгелдей қазақ тіліне аудару шарт емес деп санайды. Оның айтуынша бір сөзді әркімнің әртүрлі аударуы аудармашылардың өзін шатастырады.
Жеңіс Әлжанов, аудармашы: - Бір сөздің өзін терминологиялық комитет 2002 жылы бір басқа, ал биыл басқаша аударып ұсынады. Ал біз болсақ қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс екенін біле алмай дал боламыз. Шетелдік сөздерді шетінен қазақшалау дұрыс емес. Менің ойымша, олардың көпшілігін сол қалпында алып, орыс тіліндегі кейбір сөздерді аударған жөн.
«Астана бас жоспары» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынында аудармашы болып істейтін Бауыржан Мүсірепұлы аударма саласында әлі күнге дейін бірізділіктің қалыптаспай отырғанын атап, бұл істе терминологиялық комиссияның атқарып отырған жұмысына қанағаттанбайтынын білдірді.
Бауыржан Мүсірепұлы, аудармашы: - Терминологиялық комиссияның насихаттау жұмысы дұрыс жолға қойылмай отыр. Мысалы, басқа жұртты былай қойғанда аудармашы болып істейтін менің өзім терминкомның материалдарына әрең қол жеткіземін.
Астана қалалық денсаулық сақтау департаментінің маманы Әнуарбек Айтқазин өз мекемесінде мемлекеттік тілдегі терминдерді қалыптастыруды өз күштерімен атқарып жатқанын айтады.
Әнуарбек Айтқазин, аудармашы: - Қазір өзіміздегі мамандармен бірлесіп мемлекеттік тілдегі терминдерді әзірлеп жатырмыз, егер оны терминком бекітсе, өзімізде қолдана бастамақпыз.
Қазақстан Республикасы парламенті сенатының аударма, лингвистикалық сараптама және парламент актілерін шығару бөлімінің сектор меңгерушісі Орынбек Жолдыбай Қазақстанда мемлекеттік тіл мәртебесін алғанына он жылдан астам уақыт өтсе де қазақ тілінің әлі күнге дейін өз дәрежесінде қолданыс таба алмай отыруының бірнеше себебін атады.
- Біріншіден, көпұлттылық, екіншіден, мемлекеттік билік басындағы азаматтардың көпшілігі орыс тілінде білім алғандар болғандықтан осы тілден қол үзбей отырғандығы, және де мемлекеттік қызметке қабылдаған кезде олардан мемлекеттік тілді білуі талап етілмейді. Егер біз осы мәселеде тілді білуді міндеттемесек, жағдай осылайша қала бермек, - дейді О.Жолдыбай.
Астана қалалық әкімшілігінің іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу жөніндегі маманы Ғазиза Дүйсекованың пікірінше қазақ тілінің толыққанды мемлекеттік тілге айналуы үшін ең алдымен азаматтардың осы тілге деген көзқарасын өзгерту керек.
Ғ.Дүйсекова, аудармашы: - Адамдардың көпшілігі қазақ тілін шын мәнінде мемлекеттік тіл деп қабылдамайды, оған немқұрайлы қарайды. Мысалы, жұртта ағылшын тілін үйренуге талпыныс қалай болса, қазақ тілін де меңгеруге сондай ынта, насихат қажет. Онсыз тілді мемлекеттік дәрежеге көтеру қиын. Неге екені белгісіз, бізде тіл туралы заң кейінгі орында қалып жатады.
Сондай-ақ, аудармашылар мемлекетік тілді дамытуда кездесетін техникалық қиындықтар туралы да сөз етті. Қазақ тіліндегі компьютерік бағдарламаларды шығаруға мемлекеттік тапсырыс беру қажет, бұл істе ақпараттық технологиялардың мүмкіндігін барынша пайдалану керек дейді аудармашылар. Ал әзірге Қазақстан президентінің бүкіләлемдік Интернет жүйесіндегі сайтын тек орыс тілінде ғана оқуға мүмкіндік бар.