Қыркүйектің 18-күні түстен кейін Астана қаласындағы ауданаралық мамандандырылған әкімшілік сотта ақпараттық парақша таратқандардың ісін қарау басталды.
Әкімшілік заң тәртібін бұзған айыпкер ретінде сотқа тартылып отырған 30 жастағы Болатбек Біләловтің айтуынша, әуелі полиция қызметкерлері оған қарсы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 106 бабы бойынша іс қозғаған. Бұл бапқа сәйкес сайлау науқаны кезінде аты-жөнін көрсетпей үгіт-насихат материалдарын таратқаны үшін жауапкершілікке тарту көзделген. Бірақ, кейіннен заң орындары әкімшілік құқық бұзу ісін Әкімшілік кодекстің 373-бабына орайластырып қайта құрастырады.
Яғни, енді оған жиын, шеру, митинг және пикет өткізу тәртібі туралы заң талабын бұзды деген айып тағылып отыр. Бейсенбі күні түстен кейін басталған әкімшілік сотта айыпталушы Болатбек Біләлов өткен тамыз айының 27-күні Астананың орталық стадионы маңында, футбол ойыны басталар алдында, жұртшылыққа ақпарат парақшаларды таратқанын және ол парақшаларда Қазақстанның демократиялық таңдауы қозғалысы мен оның жетекшілері Ғалымжан Жақиянов пен Мұқтар Әбілазов жөнінде, сондай-ақ биылғы жылы ақпан айында өткен Европарламенттің отырысы туралы ақпарат жазылғанын растады.
- Мен бұл ұйымға мүше емеспін, бірақ осы парақшаларда жазылған ақпаратты басқа жұрттың да білгені дұрыс деген оймен тараттым. Мен өзімнің Қазақстан Республикасы Конституциясының 20-бабында көрсетілген құқымды пайдаландым. Жоғары білімді азамат ретінде мен қазіргі Қазақстандағы қоғамдық-саяси процестерді жіті қадағалап отырамын, - деп мәлімдеді сотта Б.Біләлов.
Ал, істі қарап отырған судья Сәуле Сәменбетоваға азамат Б.Біләловтан алынған ақпарат парақшасында «Қазақстан түрмесінде саяси тұтқындар отыр» деген сөз жақпай қалды.
- Қазақстанда саяси тұтқындар жоқ, ол екі адам [М.Әбілазов пен Ғ.Жақиянов] қылмыстық істері үшін сотталған болатын. Сондықтан сіз мұндай арандату сөзіңізбен мемлекетке адал ниет білдірмей отырсыз, - деп шұқшиды судья С.Сәменбетова айыпталушыға. Судья қызметі сот шешімімен тоқтатылған ұйым туралы ақпарат таратудың өзі заңға қайшы екенін айтты.
Ал сот ісіне қатысып отырған прокуратура өкілі Азамат Еңсепов айыпталушыдан «Қазақстанда көптеген саяси партия, қозғалыстың ішінен неліктен Сіздің бүйрегіңіз Қазақстанның демократиялық таңдауы ұйымына бұрып тұр» деген сауалды бірнеше қайтара сұрады. Б.Біләлов бұл сұраққа: «Менің көзқарасым - өзімнің жеке басымның шаруасы, оған конституция кепілдік берген» деген жауап берді. Ол полиция қызметкерлері өзін ұстаған кезде заң талаптарының бұзылғанын, оған хаттаманың бір данасының берілмегенін айтып, сотқа шағым жасады.
Бұдан соң Болатбек Біләлов өзімен бірге стадион маңынан ұсталған үш жігіт пен бір қыз балаға ақпарат парақшаларын берген және оларды таратуға көндірген мен едім деп мойнына алды. «Бірақ, біз ол жерде заңсыз жиын, шеру немесе митинг ұйымдастырған жоқпыз, бар болғаны ақпарат парақшаларын тараттық» деп, оны дәлелдейтін фотосуреттерді судьяның қолына тапсырды. Судья С.Сәменбетова Б.Біләловтың жанындағы төртеуінің де жастары 20-дағы жас азаматтар екенін анықтады. Бір жарым сағатқа созылған сұрақ-жауаптардан соң сот ісінде жұма күнге дейін үзіліс жарияланды.