Талдаушылар бұл бір жағынан медициналық көмек пен дәрі-дәрмектік шығындарды еселеп арттырса, екінші жағынан жұмысқа жарамды жандардың азаюынан еңбек өнімділігі де төмендей түседі деген пікірлер айтады. Алайда шенеуніктер болса, бұған әлі де оншалықты терең мән бергісі келмей отыр.
1998 жылдың аяқ кезінен бергі уақытта Ресейде иммунитет жетіспеушілгі - СПИД дертінің деңгейі 20 еседей шарықтап өсіп кетті. Осы онжылдықтың соңына дейін аталған дертке шалдыққандар саны 1,4 миллионға жетеді, ал жыл сайын бұл кеселден көз жұматындар 100 мыңдай болады деген болжам жасалып отыр қазірдің өзінде. Бұл айтылғандар жалпы белгілі болған деректер ретінде мойындалса, осындай СПИД эпидемиясы дағдарысының қаншалықты экономикалық шығын келтіріп, қандай салдары болатындығына осы уақытқа дейін жеткілікті мән берілмеуде.
Нью-Йорктегі "СПИДке қарсы трансатлантикалық әріптестер" деп аталатын үкіметтік емес ұйымның өкілі Стивен Массей егер шын мәніне келсек, бұл кеселге қарсы жұмсалатын шығынның көлемі қазіргіден де әлдеқайда көп болуы керек дегенді айтады:
- 2010 жылға қарай Ресейдің ішкі ұлттық өнім көлемі бұл аталған вирус болмаған кездегіден 4 процентке төмен болады. Бұл көрсеткіш 2020 жылы 10 процентке дейін ұлғайып кетеді, демек ішкі ұлттық өнімнің үлес салмағы СПИД таралмаған уақытпен салыстырғанда, 10 процентке қысқарады деген сөз, - деп атап көрсетеді Стивен Массей.
Дамудың мұндай түрі Ресей елінің Европа одағының даму талаптарына жақындай түсеміз деген құлшынысына кедергі болары анық. Қазіргі таңда Ресей экономикасы жылына 5-6 процентке өсу үстінде, мемлекеттік билік өкілдері болса, бұл көрсеткіштің жылына 7-8 процентке жеткенін көргісі келетіндіктерін айтады.
Массейдің пікірінше Ресей тұрғындарының негізгі бөлігі қартайып келеді. Ал ВИЧ/СПИД дерті болса, бұл проблеманы одан сайын ұлғайта түседі деп атап көрсетеді ол:
- Ресей халқының басым бөлігі зейнеткерлік жас деңгейіндегі тұрғындар болғандықтан да, оларға көбірек медициналық қамсыздандыру қажет болады, ал оны негізінен жұмыс істейтіндер қамтамасыз етуі қажет болады. Міне сондықтан да кең етек алып отырған ВИЧ/СПИД оның қаржылық салмағын күрделендіре түсері белгілі, - дейді Массей.
Массейдің айтуынша Ресей билік басылары СПИД эпидемиясының қолайсыздығы мен қиыншылығын азайту үшін қажетті мөлшерде қаржы жұмсамай отыр. Биылғы жылы Ресей үкіметі СПИД-тен емдеу мен оның алдын алу шараларына шамамен 4 миллион доллар бөлді деген ол, бұл жайтты Бразилиямен салыстыра қарайды, ол мемлекетте СПИД-пен күрес шараларына 200 миллион доллар қаржы салынған.
Әлемдік банктің Ресейдегі кеңсесінің экономисі Христоф Рюл жаппай кеселге шалдыққан адамдардың жұмыс қабілеті азайып, олардың қайтыс болатын жас деңгейлері де жасара түсетіні айқын дейді. Ресейдің билік басылары болса, мәселенің мұндай күрделі жақтарын бүгінге дейін шын мәнінде сезініп отырған жоқ, өйткені олар ВИЧ/СПИД дертінің табиғатын толық түсінбей отыр деген пікір-көзқарасын айтады.
Егер толыққанды емдеп, қарамайтын болса, иммунитет жетіспеушілігінен басталып, СПИД дертінен адамның өлім халіне жетуіне 12 жылдай ғана уақыт керек болады екен. Алайда бұдан 12 жыл бұрын Ресейде ВИЧ/СПИД деген атымен болмайтын және өлім-жітім деңгейі қазіргіден төмен еді. Бұған қоса аталған дертке шалдығатындар негізінен есірткі қолданушылар, осылардың барлығы жинақталып келіп, бұл індеттің жайылуына тосқауыл қоюға мүмкіндік бермей отыр.
Жақында ғана Әлемдік банк жағдай осылай қалыптаса беретін болса, енді аз ғана уақыттың ішінде оның бақылауға бағынбай кетуі мүмкін деп ескерткен болатын.