АҚШ президенті Джордж Буш Ирақтағы шаруаларды жақтай келе, Саддам Хұсейн биліктен кетірілген соң әлем қауіпсіздігі арта түсті деді. Ирақ билігінің орнығуы демократиялық жолмен асу керек деді Джордж Буш. Франция президенті Жак Ширак болса, Ирақ билігінің ирақтықтардың қолына өтуін созудың қажеті жоқ, шапшаңдық қажет деп, қайшы пікір танытты.
АҚШ президенті Джордж Буш Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясында сейсенбі күні сөйлегенінде Ирақтағы шаруаларды терроризмге қарсы соғыстың негізгі буыны, Таяу Шығыстағы тұрақтылықтың болашақ бұлағы деп түстеп, баршаның дипломатиялық қолдауын сұрады. Дегенмен, АҚШ және Франция сияқты Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесі көшбасшыларының арасында Ирақ мәселесінде халықаралық қауымдастықтың ынтасын арттыра алатын қаулының төңірегінде араздық басылмаған сияқты.
Саддам Хұсейн биліктен кетірілген соң әлем қауіпсіздігі арта түсті. Ирақты қайта құру жарты ғасыр уақыт алады деген есеппен, АҚШ өз бағдарламасын бастады, әлемнің барлық мемлекеттеріне Ираққа атсалысатын күн туды деді президент Буш:
- Ирақтағы жұмысымызға Америка Құрама Штаттары қосымша қаражат бөлсін деп, Конгреске ұсыныс кіргіздім. "Маршал жоспары" іске асқалы бері бұл ең қомақты қаржы міндеттемесі болмақ. Ирақтың азат етілуіне септігімізді тигізе отырып, Ираққа құрметімізді білдіретін боламыз. Ирақ халқына тұрақты және бейбіт ел құруға атсалыса отырып, өз елдеріміздің тыныштығын арттырамыз.
Ирақ билігі ирақтықтардың қолына толық өтсе, Ирақта тыныштық біржолата орнатылды деген сөз, АҚШ әскері қызметін атқарып болды деген өлшем талай мемлекетті мазалап отырғаны белгілі. Ирақ тәуелсізідігін қошеметтейміз дейтін Америка бұл құбылыс ұзақ уақыт алады, себебі Ирақта алдымен демократиялық қоғамды аяққа тұрғызу керек дейді.
Джордж Буш осы ұстанымын Бас Ассамблеяда тағы қайталағанда, Франция президенті Жак Ширак қайшы пікір танытты. Ирақ билігінің ирақтықтардың қолына өтуді созудың қажеті жоқ,Біріккен Ұлттар Ұйымының бақылауында нақты кесте қарастыру керек дейді Жак Ширак:
- Бұл құбылыс үш ай уақыт ала ма, алты ай уақыт ала ма, тоғыз ай уақыт ала ма, қаншалықты ұзаққа созылатынын сіздерге нақты айта алмаймын. Бірақ шешімді бүгін қабылдауымыз керек.
Дейтұрғанмен, Жак Ширак Америка мен Францияның қарым қатынасы қайта қалпына түсе қоймапты ғой деген алыпқашпа әңгімелерді қысқартуды естен шығарған жоқ. Франция мен АҚШ Ирақты бейбіт және демократиялық мемлекет ретінде көруге мүдделес, американдықтардың табысқа жетуіне тілектеспіз деді Жак Ширак.
Ирақ билігінің ирақтықтардың қолына өту кестесін жасауды Буш әкімшілігі Ирақ басқару кеңесінен сұрағаны белгілі. Бұл жердегі тағы бір жағдай - Ирақ басқару кеңесінің басшылары қаржы министрлігі және қауіпсіздік министрлігі сияқты аса маңызды мекемелерге бақылауды қоса жүргізгісі келеді. АҚШ ресми өкілдері бұл ұсыныспен келіспейді.
Ирақ егеменді билігінің аяққа тұруы біршама уақыт талап ететінін "Азаттық" радиосына Ирақ басқару кеңесінің жоғары өкілі Аднан Пачачи де айтқан болатын. Алдымен егеменді үкімет құрса болады, билікті содан кейін байыппен өзгертуге болады дейді Аднан Пачачи.