Еуропа Одағына мүше болудан үміткер үлкен елдердің бірі-Польша сәрсенбіден бастап, өзінің шығыстағы көршілері Украина, Белорусь және Ресейдің анклав қаласы Калининградқа виза тәртібін енгізеді. Онда Калининград пен Украина тұрғындары виза үшін төлемесе, ал белорустықтар Польшаға бару үшін визаға төлейтін болады. Бұл қадам осы елдердің Польшамен шекаралық саудасына нүкте қояды деп күтілуде.
Қазан айының бірінен бастап, Польша шығысындағы Украина, Белорусь пен Ресейдің анклавы Калининградқа виза тәртібін енгізбек. Бұл әрекет Польшаның келесі жылы Еуропа Одағына кіруге дайындығы барысында жасалып отыр. Украина мен Калининград өз тұрғындарының тегін виза алуы үшін Польшамен келісімдерге қол жеткізді. Ал, Белоруссия басшылығы ондай келісім Белорусь елінің егемендігіне нұқсан келтіреді деп одан бас тартқан. Киевтегі сыртқы саясат, қайта құру және бейбітшілік атты орталықтың директоры Олександр Сушко өз елінің Польшамен арадағы виза тәртібін оң қабылдайтынын айтады.
- Мен Украина арасында өткен жылы қол қойылған келісімге сәйкес, виза тегін болады. Сол сияқты Украинада поляктарға виза тәртібін енгізген жоқ. Сондықтан Польша украиндықтар үшін ақысыз виза тәртібін жасап отыр. Ассиметриялық тәртіп деп аталатын бұл ұйғарым Украина үшін бірінші рет әрі бұрын болмаған жағдай, өйткені осы келіссөздердің алдында барлық виза тәртіптері тең құқықтық негізде құрылды.
Және де Олександр Сушконың айтуынша, Украина мұндай келісімдерді келесі жылдың мамырында Еуро одаққа қосылатын Мажарстан, Словакия, Литва елдерімен де қарастыруда. Ресейдің Калининград қаласы да осындай шешімді қабылдап отыр. Калининград әкімшілігінің өкілі Александр Каретский де жаңа енгізіліп отырған виза калининградтықтар үшін ешқандай мәселе емес деген.
- Калининград тұрғындары үшін виза тегін болады. Олар бір жыл бойы бірнеше мәрте Польшаға еш шақыру қағазсыз кіріп-шыға алады. Бұл өзара қарым-қатынасқа жақсы жағдай жасап отыр. Меніңше, бұл шекарадағы іскерлік байланыстарға кедергі болмайды.
Польшамен жасалған виза тәртібі барлық ресейліктер үшін емес тек Калининград тұрғындарына қатысты болмақ. Ал, поляктардың ассиметриялық тәртібінен Белоруссия бас тартып отырғанын Белорус елінің сыртқы істер министрлігінің өкілі Андрей Савиных былай деп түсіндіреді.
- Біз халықаралық байланыстарда өзара теңдік пен екі жақты мүдделер негізі сақталуы керек деп есептейміз. Екі егеменді елдің тұрғындары үшін теңдей емес жағдай жасалмауы керек, тіпті виза мәселесінде де.
Савиныхтың айтып отырғаны, поляктар Белоруссияға визасыз кіріп жүргенде, белорустықтар Польшаға тегін болса да виза алуға міндеттеледі.
Минскідегі әлеуметтік-экономикалық және саяси зерттеулер жөніндегі тәуелсіз институт директорының өкілі Александр Соснов, осы мәселеде Белоруссия өкіметі тәуелсіздік дәйегін болашақта белорустықтарды сыртқы әлемнен шектеп қалу үшін пайдаланып отыр деп есептейтінін айтты.
- Мен визаға байланысты проблемаларды, әсіресе виза үшінгі төлемдерді Белоруссия билігінің өзі жасап отыр деп ойлаймын. Егер олар арзан виза алу жағдайын көтерген болса, біздің көршіміз яғни екінші тарап бұл идеаны қолдаған болар еді.
Жаңа виза тәртібінен қиыншылық көретіндер әсіресе Белоруссияда, шекаралық аймақта тұрып, еларалық саудамен айналысатын мыңдаған саудагер болуы мүмкін. Белорустықтар, украиндықтар мен Калининград тұрғындары осыған дейін өздерінің темекі, ішімдік және ішкі өнімдері сынды тауарларын сату үшін Польшаға визасыз кіріп-шығып жүрген болатын. Польшаның экономика министрлігінің мәліметіне қарағанда, өткен жылы Белорусь пен Польша арасындағы сауда айналым 700 млн долларды құраған. Сосновтың пікірінше, енді жаңа енгізілген виза тәртібі белорустықтар үшін де тиімді болған мұндай саудаға нүкте қоятын болады.