Биліктен кетпеудің амалын қарастырып жүрген ортаазиялық президенттерге қандай да бір өнеге табылғандай. Ғейдар Әлиевтің президенттікке ұлы Ильхамды ашықтан - ашық өткізіп жатқанын Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қайталап жүрмей ме? Британдық "Экономист" басылымы бұл әбден мүмкін дейді. Мұндай жорамалға Назарбаевтың үлкен қызы Дәриғаның "Асар" партиясын асығыс құрып жатқаны негіз болып тұр.
Туысқандық қатынастың құдіретінен Қазақстанда кейбір өлшемдер ғана іске асып тұр деп сипаттайды британдық "Экономист" басылымы 2 қазан күнгі мақаласында. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бірде- бір ұлы жоқ. Назарбаевтың екі күйеу баласы мемлекет басқаруына және мұнай бизнесіне қатыстырылған жағдайда. 63 жасар Назарбаев Қазақстанды 13 жыл басқарып келеді, енді міне ол саяси сахнадан шығудың амалын қарастыра бастағандай.
Билікті жақын серігіне тапсыру үрдісін жаңа тәуелсіз елдерде алдымен Ресей президенті Борис Ельцин қалаған-ды. Борис Ельцин мұрагері ретінде Владимир Путинді таңдап, кете берді, сөйтіп Ресейде билік оңай ауысты. Назарбаевқа Путин сияқты ыңғайлы азамат табылмай тұр, сондықтан Назарбаевтың қырық жасар қызы Дәриға өткен айда "Асар" партиясын құрамын дегенде оған ешкім таңқалған жоқ:
- Жаңа саяси партияны әкемді, президент Назарбаевты, саяси қарсыластарының шүйлігуінен қорғау үшін құрып отырған жоқпын. Ол оны қажет етпейді. Әкем шынайы берілген іске ниеті түзу барлық қазақстандықтардың қолдауы қажет, - деді Дәриға Назарбаева бірнеше аймақты аралап, қортынды сөзін елдің рухани астанасы болып есептелетін Түркістан қаласында жариялағанда.
Міне осы тұста Қазақстанның теріс салтынан авторитарлық билігі аумайтын Әзірбайжанда билік Әлиев атадан - Әлиев балаға өтіп жатыр. 15 қазанда елде президент сайланбақ. Әкелі-балалы Әлиевтер үміткер ретінде қатар тіркелді. Ильхам Әлиев ешбір бюрократиялық дайындықсыз бас министрлікке тағайындалғанда, Ғейдар Әлиев билікті баласына ресми түрде тапсырғаны, көптен бері күтілген ауыс-түйіс іске аса бастағаны анық болды. Сайлауға бірнеше күн қалғанда 80 жасар Ғейдар Әлиев президенттікке енді таласпаймын, шаршадым, демалысқа кетемін деді. Осы екі ортада Ильхам Әлиев Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясында сөйлеп және таза ағылшын тілінде сөйлеп, халықаралық жиында төбе көрсетіп үлгерді.
Ильхам Әлиев осылайша әлем аузын өзіне қаратып жатқанда, президент Назарбаевтың қызы Дәриға әзірше тек Ресей астанасы Мәскеуде жеке концерттерде ән шырқаумен шектелді. Ильхам Әлиев ауырып жатқан әкесінің орнына ТМД басқосуларына да қатысты. Дариға Назарбаеваның мұндай жолмен өрлей қоюы мүмкін бе?
Британдық "Экономист" басылымы бұл әбден мүмкін дейді. Президент Назарбаев шетелдік басшыларды қабылдағанда Дәриға қазірдің өзінде әкесінің жанында жүреді. Дегенмен, саяси партияны әйел басқарса да, әйел азаматтың елбасына келуін қазақстандықтардың көпшілігі қабылдамауы мүмкін. Мұндайда елдің құлағына өлшенген сөзді құятын тұлғалар да табылып жатады. Күні кеше оппозицияның алдыңғы қатарында жүрген Мұрат Әуезов әйел азаматтың басшы болғаны қазақстандық дәстүрге әбден сай деді Дәриға басқаратын "Хабар" телекомпаниясының хабарында. Мұрат Әуезовтың бұлай бал ашуына тағы бір себеп - ол Дәриға басқаратын "Асар" ұйымының құрылтайшыларының бірі боп шықты.