Өзбекстан, Түркіменстан, Тәжікстан, Қырғызстандағы жағдай да өте қиын. Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Орталық Азияда феодализм қайта жаңғырып келеді деп сейсенбі күні ескерту айтты. Ортаазиялық аймақ жөнінде бұрын соңды мұндай нашар баға айтылмаған еді.
Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы адам құқықтары мәселесін сейсенбі күні Польшада басталған кең көлемді конференцияда талқылап жатыр. Жыл сайынғы дәстүрлі конференция 17-ші қазанға дейін жұмыс істейді. Күн тәртібінде негізінен сөз бостандығы мәселесі, адам саудасына тосқауыл қою мәселесі тұр. Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымында 55 мемлекет басқосқан. Олардың арасында Қазақстан да бар, Қазақстан үкіметі демократиялық халықаралық міндеттемелерге өз еркімен қосылған, әлемдік жоғары деңгейдегі талаптарды іске асыруға ынтызармыз деп өзі келісімге қол қойған. Басқа ортаазиялық үкіметтер де сондай үәде айтқан.
Алайда, іс жүзінде Қазақстан мен басқа ортаазиялық елдерде сөз бостандығы көтерем халге жеткен сайын, үкіметтердің тарапынан көзбояушылық пен ұрдажықтық тасып келеді. Ұйымның баспасөз мәселелері жөніндегі өкілі Фреймут Дуве германиялық "Ди Прессе" газетіне берген сұхбатында осылай сипаттайды. Орталық Азияда әсіресе коррупция тақырыбына қалам жүгірткен журналистер аяусыз езгіге салынады, деп жинақтап отыр "Дойче пресс" агенттігі. Мәселен, Өзбекстанда Руслан Шәріпов деген журналист мемлекет басшыларының сыбайласқан жемқорлығын зерттеп еді, өзі абақтыдан бір-ақ шықты. Ол қамауда отырған жерінен азапталды, істемеген масқара шаруаны мойнына алуға мәжбүрленді. Сөйтіп, ұзақ жылдарға кесілді.
Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының баспасөз мәселелері жөніндегі өкілі Фреймут Дуве Орталық Азияда феодализм қайта жаңғырып келеді деп қортынды жасады, бұрын-соңды ашық айтылмайтын ресми сипаттаманы осылайша жариялады. Жаңаша феодолизмнің ерекшелегі – ол заманауи техникалық мүмкіншіліктерді пайдаланып, мәселен, теледидарды пайдаланып, халықты бір шыбықпен айдау әдісін 21-ші ғасырда қайта жаңғыртты. Айталық, Түркіменстанда сталинизмнің өктемдігі және гитлеризмнің нәсілшілдігі енгізілді, азапталған қоғамдық қайраткерлер істемеген істерін мойнына алуға мәжбүрленеді, мемлекет басшысынан кешірім сұрап қорланады, мұның барлығы қалың жұртты үрейлендіру үшін теледидар арқылы көрсетіледі.
Баспасөз құралдарының ауызы жабылып, журналистер күнделікті өмірді боямасыз көрсетудің кәсіби мүмкіншілігінен айырылған соң, ортаазиялық үкіметтердің басшылары билікті халықтың мұқтаждығынан одан сайын ары әкетті. Әйтпеген жағдайда, ортаазиялық елдерде адам саудасы деген масқара мәселе ушықпас еді, сыбайласқан жемқорлық асқынбаушы еді. Адам саудасы, яки қыз-келіншектердің жезөкшелікке мәжбүрленуі, мал сияқты сыртқа сатылуы, көптеген жұрттың құлдық жағдайда қара жұмысқа салынуы ортазиялық баспасөз құралдарында жарияланудан қалып барады, себептері толық ашылмайды. Ортаазиялық елдер мен Европа төрінде отырған Беларусь мемлекетінде қоғамның өзекті мәселелерін көтерудің өзі журналистер мен датым бар деген кез-келген азаматқа қауіпті жағдайға айналды.