Ирақ тұрғындарының бірқатары, әсіресе солтүстіктегі күрдтер бұндай жағдайдан қауіптене бастады. Алайда американдық шенеуніктер Ирақтың адамдарын Түрік әскерлерін дұрыс қабылдайтындай ниетке жеткіземіз деген үмітте.
Түрік парламенті Ираққа әскер орналастыру мәселесін дауысқа салған кезде, Ирақтың тағайындалған Басқару кеңесі де бұл мәселені талқыға салып жатқан болатын. Басқару кеңесінің әзірге бұл тұрғыдағы ресми пікірі белгілі болған жоқ, бірақ оның құрамындағы кейбір адамдар Түркияның бұл шешіміне өкініш білдіріп үлгерген. Басқару кеңесінің қазіргі басшысы Лиад Аллауи кеңес Түрік әскерлерін орналастыру мәселесін американдық әкімшілік басшысы Пол Бремермен талқылауды жоспарлап отыр деп айтқан. Өзінің мәлімдемесінде Аллауи: "Біздің бұл жөнінде алаңдаушылық танытып отырғанымыз рас, бірақ коалицияның қосымша күштер қажет ететіндігін де түсінеміз" деген.
Шетелдік әскерлердің орналасуына деген наразылық көзқарастар Ирақта Түрік әскерлеріне ғана қатысты болып тұрған жоқ, басқа да елдерге де байланысты білдірілуде. Басқару кеңесінің мүшесі Моффад Әл-Рабаи мұндай алаң көңіл мен сақтық жәйттері ол елдердің Ирақ адамдарының мүдделеріне қарсы келетін қызығушылықтары бар деген ойдан туындап отыр дегенді айтқан.
Азаттық радиосына берген сұхбатында күрд жетекшісі Массоуд Барзанидің өкілі, сондай-ақ Ирақ басқару кеңесінің мүшесі Рош Нури Шауаис те жоғарыда Әл- Рабаидің айтқандарын қайталаған.
- Ирақта түрлі этникалық ұлт өкілдері тұрады және олардың бір-бірінен өзгешеленетін саяси көзқарастары бар. Олар көрші елдердің сыртқы саясат мүдделерінің ықпалында болуы да мүмкін. Бұның өзі қайшылықтар мен күрделі жәйттер туғызуы да ықтимал, - дейді ол.
Вашингтонда Буш әкімшілігі болса Ирақ адамдарын Түрік әскерлерін оң қабақпен қабылдайтындай дәрежеге жеткіземіз деген үмітте. Мемлекеттік департаменттің өкілі Ричард Баучер бұл пікір қайшылықтары бір байламға келетін болар, өйткені Түрік әскерлері тұрақтылыққа өзіндік үлес қосады деп білетіндіктерін айтқан.
- Біз онда бірқатар пікірталастар болады деп ойлаймыз. Біз Ирақ тұрғындарымен, Басқару кеңесімен жұмыс істейтін боламыз. Сөйтіп, Түрік әскерилері Ирақтағы тұрақтылыққа үлес қоса алады дегенге олардың көздерін жеткіземіз деген үміттемін, - деген Ричард Баучер.
Баучер мұнымен қатар Түрік әскерлерінің Ирақ жерінде орналасуы турасындағы мәселе коалиция мен Ирақ ресмилері арасында түсініспеушілік тудырған жоқ деп айтқан. Әл-Рабаи да Басқару кеңесі ынтымақтасып жұмыс істеуге, сөйтіп бір ортақ шешімге келуге дайын деген.
Солай бола тұрса да, Түрік әскерлері мен күрд көтерілісшілері арасында ондаған жылға созылған қақтығыстарға байланысты, енді Түрік жауынгерлерінің Ираққа келіп орын тебуі мұндағы күрдтер қатарында толқулар туғызуы мүмкін деген қауіп бар. Ирақ тұрғындарының қалған бөлігі де Түрік әскерлеріне соншалықты сенім арта қоймайтын сияқты. Қазір Нидерландыда тұратын Ирақ саясаты бойынша талдаушы Сафа Әл-Фалаки былай деп атап көрсетеді:
- Көптеген, оның ішінде тарихи себептерге, байланысты түріктер болашақта Ирақтың ішкі саясатында белгілі бір роль атқарамыз деп ойлауы мүмкін. Американдықтар Ирақты біртұтас ел ретінде ұстаймыз деп уәде еткен болатын. Менің ойымша олар бұны басқара алады. Біз Ирақтың келешегі жайында өте қатты мүдделі болмауымыз керек. Менің ойымша АҚШ Ирақ басшыларына Түрік әскерлері Ирақтан американдықтардан бұрын кететін болады немесе түріктер мұнда ешқандай саяси ролге ие болмайды деп түсіндіретін болар, - деген көзқарас білдіреді.
Ирақтағы Басқару кеңесінің мүшесі Махмуд Отман да Түрік әскерлерінің Ираққа орналасуына байланысты туып отырған бұл мәселені біржайлы етіп шешуге тырысатындықтарын айтқан.