Нобель сыйлығының комитеті Шырын Эбади ханымның құқыққорғаушы қызметін жоғары бағалап, демократиялық қызмет мұсылман дініне әбден сай деп ден қойды.
56-жасар Шырын Эбади ханымның үлкен олжасы көптеген болжамға сай келмей, кейбір жекелеген беделді қайраткерлер бұған өкініш білдірді. Мәселен, Нобель сыйлығының иегері, коммунистік Польша заманында қуғындалған Лех Валенса сыйлықты Рим папасы Иоанн Павел екінші алу керек еді, бейбітшілікке кім көп еңбек сіңірсе – осы Иоанн Павел екінші деп әттегенай айтты. "Шырын Эбади ханымға еш қарсылығым жоқ, бірақ Нобель сыйлығын Иоанн Павел екіншіге бермеу – білместік, қате", - деді Лех Валенса, " Дойче пресс" агенттігі 10-ші қазан күні Польшадан хабарлағандай.
Нобель сыйлығына әдетте ондаған беделді саясаткер, халықаралық ұйымдардың басшылары мен алдыңғы қатардағы өкілдері, мемлекет басшылары таласады. Сыйлықтың мөлшері шамамен 1 миллион 300 мың доллар. Бірақ сыйлық иегерлеріне ақшадан көрі ең жоғары мәртебенің мәнісі артық. Нобель сыйлықтары жыл сайын тағыда ең мықты ғалымдарға да беріліп жатады. Дегенмен, Бейбітшілік қызметі үшін берілетін Нобель сыйлығы барлығынан жоғары. Бұл сыйлыққа биыл 165 шақты саясаткер мен жеке ұйым дәмеленді. Үміткерлердің аты жөндері әдетте елу жыл құпия сақталады.
Нобель сыйлығы комитетінің төрағасы Оле Данбот Миойес Шырын Эбади ханым Иранның аса күрделі саяси жағдайында әйелдер мен балалардың құқықтары үшін күресіп келеді деп сипаттады. Шырын Эбади ханым заңгер, адвокат, мұғалім, жазушы және қоғамдық қайраткер ретінде жеке ерлік танытып келеді, басына төніп тұрған қауіпке қарамай ел тыныштығы үшін елеулі еңбек сіңіріп келеді, дейді Нобель сыйлығы комитетінің төрағасы Оле Данбот Миойес:
- Шырын Эбади – мұсылман дініндегі қарапайым адам. Ислам діні мен адам құқықтарының негіздерінің арасында ол ешқандай қайшылық көіп отырған жоқ. Шырын Эбади әр түрлі мәдениеттері мен әлемнің түрлі діндерінің арасында сұхбат болу керек деп біледі. Бұл оның аса маңызды ұстанымы.
Шырын Эбади – Ирандағы тұңғыш төреші әйел. Шырын Эбади Тегеран университетін тәмамдаған. 1979 жылғы Ислам төңкерісінен кейін елде қатаң діни тәртіп орнатылды, Шырын Эбади төрешілік қызметінен кетуге мәжбүр болды. Шырын Эбадидің қоғамдық келбетін "Азаттық" радиосының Иран редакциясына 2000 жылы қаңтар айында берген сұхбатынан аңғарса болады:
- Азаптау арқылы айтылған не болмаса қызыл сөзге бола айтылған мойындау қылмыс дәлелі деп қабылдана алмайды. Әлде кімнің кінәсін дәлелдеу үшін бір адамның не болмаса бірнеше адамның мойындауы жеткіліксіз. Демек, мойындауды айтқызумен шектелген тергеудің қабілеті жоқ, орынсыз.
"Франс пресс" агенттігі жұма күні хабарлағандай, Шырын Эбади Нобель сыйлығына қол жеткізгеніме ризамын, сыйлық Иранда демократия мен бейбітшілікке еңбек сіңіріп жүрген әр азаматқа тиесілі, тек қане маған тиесілі емес деп пікір айтты. Иран ресми мекемелері тарапынан жұма күні ешқандай ресми сипаттама айтылған жоқ.