Қазақстанда алғаш рет өткізілгелі отырған бұл форумға елдегі үкіметтік емес ұйымдардан сайланған 180 делегатпен бірге республика президенті Нұрсұлтан Назарбаев та қатысады деп жоспарланып отыр.
Қазақстанда үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатысуымен Азаматтық форум өткізу идеясын 2003 жылы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында республика президенті Нұрсұлтан Назарбаев көтерген болатын. Қазіргі таңда республика бойынша саны 5 мыңға жуық үкіметтік емес ұйымдар бар.
Бірінші азаматтық форумға келген делегаттар сейсенбі күні Астанада республиканың бірқатар орталық мемлекеттік мекемелерінде болып, олардың жұмыстарымен танысты. Қазақстаның ақпарат министрлігінде өткен кездесуде министр Сауытбек Әбдірахманов делегаттарды жақында ғана жаңадан қайта құрылған аталмыш министрліктің құрылымы мен атқаратын қызметі жайлы таныстырды. Министр қызметіне келгенге дейін республикада қазақ тілінде жарық көретін бас ресми газет «Егемен Қазақстанның» басшысы болған С.Әбдірахманов бұл жолғы кездесуге келгендер алдында орыс тілінде сөйледі. Оның айтуынша ақпарат министрлігі Қазақстандағы үкіметтік емес ұйымдарға қолдау көрсетудің мемлекеттік тұжырымдамасы мен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы заң жобасын әзірлеген.
Биылғы жылы Қазақстанның ақпарат министрлігі елдегі үкіметтік емес ұйымдардың әзірлеген жобалары арасында алғаш рет конкурс өткізген болатын. Оның қортындысы бойынша минстрлікке келіп түскен 100-ден аса жобалардың арасынан іріктеп алынған 20 жобаға мемлекет тарапынан 10 млн теңгеге жуық қаржы бөлу ұйғарылды. Министрдің айтуынша, алдағы уақытта бұл мақсатқа мемлекет тарапынан бөлінетін грант саны ұлғайтылатын болады.
Кездесу кезінде делегаттар тарапынан осы конкурстың өтетіні туралы хабарды дер кезінде естімегендіктен, конкурсқа жобаларды уақытында ұсынып үлгірмедік деген арыз-өтініштер де айтылды.
Қазақстан ақпарат министрінің бірінші орынбасары Олег Рябченко қазірде министрлікте әзірленіп жатқан үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы заң жобаларын бір заң жобасына біріктіру туралы сөз қозғады. Олег Рябченконың айтуынша бұл екі заң жобасына байланысты Азаматтық форум делегаттарының айтылған ұсыныстар мен пікірлер ескерілетін болады. Бұдан кейін заң жобалары жыл аяғына дейін парламент қарауына енгізіледі деді Олег Рябченко.