Бұл жаңалық бұрынғы Совет Одағының кеңістігінде билікті әкеден балаға тапсыру үрдісін бастағандай. Жаңа тәуелсіз елдерде енді ортағасырлық кертартпалыққа шегініс болып жүрмей ме? Саяси талдаушылар бұл жайтқа алаңдаушылықпен қарайды. Ортаазиялық президенттер де биліктен ел қатарлы кететін емес сияқты.
Елді отыз жылдан астам басқарған Ғейдар Әлиев сексеннен асып, төсек тартып жатып қалғаннан кейін ғана тізгінді жастарға берді. Жастарға болғанда, деморатиялық жолмен билік басына келген басқа азаматқа емес, бас министрлікке алдын ала тағайындалған 41-жасар ұлы Ильхамға табыс етті. Ильхам Әлиев жоғарғы білімді Мәскеуде алған азамат, алғашқы кезде саудамен айналысты, соңғы жылдары мемлекеттік мұнай компаниясын басқарды.
Ильхам Әлиевтың қоғамдық келбеті, жалпы жағымсыздау. Әзірбайжан оппозициясы оны әйелқұмар, ойынқұмар деп суреттейді. "Чикаго трибун" сияқты кейбір батыс газеттері Ильхам Әлиевті бейсенбі күнгі парақтарында тіпті ашықтан ашық "премьер-плейбой президент болды" деп мазақтап отыр. Плейбой деген сөзді жұмсартып аударғанда сері, қызыққұмар деп айтса болады. Әлиевтердің үрім-бұтағы биліктен кетпейтіні саяси талдаушыларға айдан анық болды, себебі көптеген бұрынғы советтік елдердегідей демократиялық өзгерістер Әзірбайжанда сөз жүзінде, жартылай асырылып келеді. Билік пен оппозицияның текетіресі сайлау күні ашық қақтығыспен ұласты. Оппозициялық "Мусават" партиясын қолдаушылар полициядан таяқ жеді, қақтығыс партияның Бакудегі кеңсесінің алдында орын алды.
"Хьюман Райтс Уотч" ұйымы 16 қазан күнгі мәлімдемесінде қақтығыстарға наразылық танытты, Әзірбайжан үкіметін бейбіт шеруге шыққан адамдарға қарсы қол жұмсатпауға шақырды. Әізрбайжан президенттігіне, жалпы сегіз адам таласты. Ильхам Әлиев 80 процентке жуық дауыс алды, оның бас қарсыласы, "Мусават" партиясының төрағасы Иса Ғамбар 12 процентке жуық дауыс алды, деп ресми хабарланды. Оппозиция сайлауды әділ емес деп тауып отыр, сайлау заңы өрескел бұзылды деп балама баяндамасын дайындап жатыр.
Британиялық "Джейнс" институты талдап отырғандай, Әзірбайжандағы Әлиевтердің тірлігі енді Орталық Азия мемлекеттерін не династия, не демократия деген жолайрыққа қайта тіреді. Мәселен, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дәриға президенттшіл бағытта "Асар" партиясын құра бастады. "Джейнс" институты билік әкеден балаға Қырғызстан мен Өзбекстанда да өтуі мүмкін деп талдау жасап отыр. Президент Ислам Кәрімовтың қызы Гүлнара саяси өмірге соңғы кезде ерекше араласа бастады. Президент Асқар Ақаевтың ұлы Айдар былай тұрсын, әйелі Майрам асыра белсенділік танытып жүр.
Қырғызстандағы саяси жағыдай, жалпы өз алдына қиын. Қазақстанда президент сайлауы 2006 жылы өтуге тиіс. Президент Назарбаев болса Америка соттарында қаралып жатқан коррупциялық істерден бойын аулақ әкеткісі келеді. Батыс мұнай компаниялары Қазақстан басшыларына миллиардтаған доллардың келісімдеріне бола пара берген деген іс қазір тергеліп жатыр. Президент Назарбаев билікті қызына тапсырса, тергеуге алынбау иммунитетіне ие болып, тасада қалмақ, деп жазады "Джейнс" институты. Ал "Қазақгейт" шатағын көтеріп жатқан оппозиция қайраткерлері қазірдің өзінде қуғындалып, абақтыларға қамалды, оларға басқа да саяси сипаттағы айыптар тағылып жатыр.