Астана қаласынан 18 шақырым жерде орналасқан Ильинка деп аталатын ауылда тұрғындардың бір бөлігі бие байлап, сауын сиыр ұстайды. Осы арқылы олардың көпшілігі өздерінің отбасын асырап отыр.
Солардың бірі 65 жастағы Күлпан апа аптасына екі-үш рет өзі дайындаған қымызды Астанаға апарып, қаладағы сауда орындарына тапсырады. Күлпан апаның өз айтуынша, оның шаңырағы үшін қолындағы бес-алты бас малдың берген өнімін сатудан түкен табыс отбасындағы жандардың азық-түлігі мен киім-кешегін айыруға көп-көрім сеп болып отыр. Күлпан шешей мен отағасы екеуінің үкіметтен алатын зейнетақысын қосқанда 100 долларды құрайды екен.
- Бие байлап, қымыз ашытуды бала кезімде шешемнен үйренгенмін. Қолымызда бие, ат және байтал бар. Оған қоса 4-5 сиыр, 3-4 қой, қаз-үйрек, тауық бар. Жағдайымыз жаман емес, - дейді ол.
Өз сөзінде Күлпан апа мал ұстаудың оңай еместігін, бірақ, малды ерінбей бағып, оның өнімін оқсата білгенге берер пайдасы барын айтады. Ауылда малды жайылымда бағу үшін тұрғындар бақташы жалдайды. Әйтпесе қараусыз малға сұғанақ көз бар дейді зейнеткер әйел.
Күлпан: - Түліктің түріне қарай әр бас мал үшін бақташыға 90 теңгеден 250 теңге төлейміз. Алғаш Арқалықтан осында көшіп келгенімізде қолымызда он шақты жылқы болған еді, қазір содан үш бас қана қалды. Малдың жем-шөбі қымбат, әйтсе де мал өзін-өзі ақтап отыр. Осы малмен күнелткендер сонау Ерейментаудан, Баршыннан, Көкшетаудан, сондай-ақ Қарағанды облысынан Астанаға сүт-майын, айран-қатығын әкеп сататынын білемін. Мысалы, біздің ауылда Моңғолиядан келген қазақтар тұрады, еті тірі, пысық жандар. Олар өз өнімдерімен қоса, ауылдағы өздігінен қалаға келіп сауда жасауға жағдайы жоқ кейбір тұрғындардан жаңағыдай құрт-майды көтерме бағамен сатып алып, қалаға әкеп үстіне баға қосып сатады, соның арқасында олардың тұрмыстары жаман емес. Мал ұстасын, жер өңдесін мейлі, әйтеуір ерінбей еңбек еткен адам аш қалмайды мына заманда.
Қазір Күлпан апа ақсақалы екеуі Ильинкадағы өздерінің жеке үйінде тұрып жатыр. Ол үйді осыдан жеті жыл бұрын Арқалық жақтан Ильинкаға алғаш көшіп келгенде бір жарым мың долларға сатып алыпты. Ал содан бері ондай үйдің бағасы 4-5 есе өсіп кетті дейді Күлпан апа.
- Біз келгенде үйіміз ауылдың шет шағында еді, енді қазір ортасында тұр. Ауылға келушілер көп – Қостанайдан, Арқалықтан, Алматы жақтан, түу сонау Ташкен жақтан осында қоныс аударып келіп жатыр, барлығы қазақтар. Сондықтан бұрынғымен салыстырғанда үйдің бағасы да қымбаттады. Қазір біздің ауылда екі пәтерлі үйдің бір жағы алты жарым- жеті мың доллар тұрады. Үй салып жатқандар да баршылық, естуімше аурухана, мектеп салады дейді жұрт. Біздегі мектеп қазақ тілінде оқытады.
Күлпан өзі дайындаған қымызды Астанадағы бір-екі дәмханаға әкеп тапсырады.
- Бұл кісінің қымызын тұрақты іздеп келетіндер бар. Көбінесе үлкен жастағы адамдар, - дейді дәмханадағы сатушылар.
Күлпан апаның осы қалада жақындары да бар көрінеді. Сөз арасында туыстары жайлы көңілде жүрген ренішін білдірсе де, егде әйел оларға деген туыстың қимастық сезімін де білдіріп қояды:
- Осы қалада інілерім тұрады, жағдайлары жаман емес – шетінен байып алған, қазір де ақшаның соңында жүр. Маған қарамайды, бірақ мен бәрібір оларды жақсы көремін. Әзір жас қой, түбінде менен ешқайда кетпес деп ойлаймын.
Қазіргі таңда Қазақстанда бір жарым миллионнан астам зейнеткер бар. Биыл үкімет Күлпан апа секілді ең төменгі мөлшерде зейнетақы алатын зейнеткерлер санын азайту мақсатында шілде айынан бастап олардың зейнетақысын орташа есеппен 20 пайызға көтерді. Әйткенмен де, ондай мөлшердегі зейнетақыға қарап отырып қалуды жөн көрмеген Күлпан шешейдің отбасы қолындағы малымен өз тіршілігін қамдап отыр.