Accessibility links

Бұрынғы коммунистік елдер Үндістанның ақпараттық технологиясымен бәсекелесе ала ма?


Бірқатар британиялық және европалық фирмалар өздерінің ақпаратттық технологиялары мен телефон байланысы бөлімдеріне жұмыс қолын сырттан шақырып отыр.

Олар негізінен Үндістанның компьютерлік дарыны мықты, әрі ағылшын тіліне қабілеті бар сондай ақ, елдегі жалақылары мардымсыз адамдары болып отыр. Қазіргі кездері көптеген үндістандық компьютерлік бағдарлама жасаушы фирмалар Британия мен Европа базарына сәтті еніп жатыр. Орталық және Шығыс Европа - Батыстағы өткен онжылдық барысында Үндістанның сәттілігіне еліктеп соңғы үлгі бола ала ма?

Британиялық компаниялар арасында Үндістаннан жұмыс күшін тарту мақсатындағы жекелеген келісімдер қатты экономикалық қарқын алып отыр. Андерсон Консалтинг компаниясы Үндістаннан аптасына кәсіби білікті 200 маман қабылдайды екен.

Хабарларға қарағанда, Рейтер ақпарат агенттігі технологиялары ең мықты дамыған басты үш шахар Бангалор, Хайдарабад, Ченайге бару үшін өзінің Үндістандағы іс-қимылын кеңейтіп отыр. Бұл фирмалар және басқа британиялық Телеком, HSBC Банкi, Бритиш эйрвэйз компаниялары Үндістанның жақсы ептілігіне, жоғары деңгейдегі өндірісіне сонымен қатар, бұл елдегі қоршаған орта мамандарының төменгі жалақысына назар аударып отырғанын айтады.

Кейбір сарапшылар, Қытай өзінің жеңіл өнеркәсібін дүние жүзіне жылдам шығарып отырған шақта, Үндістан көптеген ағылшын тілде сөйлеушілерінің арқасында, компьютерлік технология мен кәсіби қызмет көрсетудің ғаламдық орталығына айналуда деуде. Үндістанның кәсіби мамандарының сыртқа жұмыс жасауынан өте үлкен кіріс кіріп, қазіргі күнде ол жылына 12 млд долларға жетіп отыр.

Тағы бір сарапшылардың пайымдауынша, Ұлыбританияда компьютерлік бағдарлама жасайтын үндістандық компаниялар қатары көбейіп келеді. Бұл құбылыс бұрынғы коммунистік елдер Орталық және Шығыс Европа мен басқа да технология орталықтарының назарына ілінуі мүмкін. Себебі бұл елдер ең жақсы инфрақұрылым жасауға бағыт алып, жергілікті адамдары ағылшын тілін тез үйреніп жатыр.

Лондондағы компьютерлік бағдарламамен қамтамасыз ету жөніндегі фирманың директоры Punit Sureesh, Үндістан бұрынғы коммунистік елдерден тағы бір қадам алға шығу үшін жақын күндері жаңа стратегия жасауы әбден мүмкін деді.

- Мен кәсіби білікті жұмыс күші шығыс европалық компанияларымен бірдей мықты жұмыс жасайтынына сенімдімін. Бұл уақыт мәселесі, бағдарламалармен қамтамасыз ету үлкен қызығушылық туғызған соң, шығыс европалықтар үндістандық компанияларды қуып жетіп қалды. Және біз, алдағы күндері қатаң бәсекені күтудеміз - дейді үндістандық маман.

Қырғи- қабақ соғыс жылдарының соңында, Польша, Мажарстан, Чехия елдерінің үкіметтері өз елдерінде компьютерлік білім алуға көп қаржы салған. Балқаннан бастап Балтық елдеріне дейінгі әрбір ел Европа одағына мүше болу ниетімен аймақтағы ақпараттық технологияларын тез дамытуға тырысуда.

Румынияда компьютерлік бағдарламамен қамтамасыз ететін шамамен 2000 фирма бар. Сондай ақ, Чехия елі де Батыстан қалмай, өз компьютерлік бағдарламаларын жасап жатыр. Бағдарламамен қамтамасыз ету фирмасының директоры Ярослав Крайчек, егер Үндістан тез алға жылжып кететін болса, чех фирмалары үшін қашан деген мәселені тудырады.

- Менің білуімше, әрине олар жасай алады. Мен тіпті бұл қазірдің өзінде орын алған деп ойлаймын.

Бірақ, көп адам бұл туралы білмейді. Бұл тағы да Чех елінің сәтсіздігі, еркін еніп кете ме деген сақтануы. Менің пікірімше, жақсы өнімдері бар өте көп жақсы фирмалар бар. Бірақ, мен тек өзіміздің өнімдерімізге қарасам, ол 1992 жылдан бері дамуды игеріп келеді.


Крайчектің айтуынша, құрал-жабдық өндірушілер мен оларды пайдаланушылар арасында тікелей байланысты жеңілдететін оның жүйесі сәтті болды. Және ол Чех елі Европа одағына енгенше өзінің ағылшын тілін жақсарту үшін жұмыс істеп жатқанын айтқан.

Ал, Лондондағы Британ достастығының бас хатшысы Амитав Банержи Үндістаннан кәсіби мамандарды тарту ісі басқа аймақтарда да жалғасып жатқанын көре бастағанын айтады.

- Менің ойлауымша, ғаламданған әлемнің түпкі жолы қатаң жарыс. Егер Үндістаннан жұмыс сұранысы болмаса, ол басқа жерде жақсы жүрер еді. Негізінен, бұл тиімді әрекеттер мен саналы қимылдармен бірге жүретін шарттар, - дейді Британиялық достастық елдер мекемесінің басшысы.
XS
SM
MD
LG