Ал адам құқықтары жөніндегі ұлттық комиссияның шеңбері әу бастан тарылмақ. "Азаттық" радиосына талдау жасаған сарапшылар осы жайттарға алаңдаушылық танытады.
Ауғанстан Kонституциясының жобасы мыңдаған данамен басылып, елдің түкпір -түкпіріне жеткізілді. Президент Хамид Қарзай бұқараға осы дүйсенбіде ұсынған мәтін – жобаның ең соңғы сипаты емес. Жобаның қортынды түрін желтоқсан айында Лойа Жырға ақылдастар кеңесі бекітетін болады. Істің барысы осы нобайымен өтеді деген үмітті Ауғанстан сыртқы істер министрі Абдұлла Абдұлла "Азаттық" радиосына сейсенбі күні берген сұхбатында білдірді.
Дегенмен, жобаның қазіргі сипаты мәтінді ертерек көргендердің өзін таңқалдырды. Алғашқы жоба бойынша билік президент пен бас министрдің арасында үлестіріледі делінген еді. Бұл жөнінде "Нью-Йорк таймс" газеті 19 қазанда жазған, мысалы үшін. Ал бүгінгі мәтінде президентке үкіметтен гөрі әлдеқайда көп өкілеттік қарастырылды. Мысалы, президент парламенттің келісімімен министрлер кабинетін, орталық банктің төрағасын және жоғары соттың тоғыз төрешісін тағайындауға құқылы болмақ. Президент, сол сияқты, парламенттің жоғары палатасындағы депутаттардың үштен бірін тағайындауға мәртебелі делінген. Ал төменгі дәрежедегі төрешілерді, басқа да ресми тұлғаларды тағайындауда президент парламенттің пікірін сұрамайды делінген.
Ауғанстан президентінің болашақ өкілеттіктері Қазақстан президентінің билігіне ұқсастау. Әлбетте, Хамид Қарзайдың адамдары адамзаттың жетілген ойы деп Қазақстан Конституциясын басшылыққа алмаған болар. "Азаттық" радиосына талдау жасаған сарапшылар Конституцияны әкімшіл президенттің ыңғайына қарай кестелеу – авторитарлық биліктерге тән құбылыс дейді. Демек, не Ауғанстан Конституциясы жобасының авторлары, не Қазақстан Конституциясын жазған данышпандар жаңалық ашқан жоқ. Парламент пен үкіметтің билігін тұсау, сірә, ортаазиялық талай елді шалындырып келеді.
"Азаттық" радиосының аймақтық сарапшысы, Ауғанстан конституциялық заңдары бойынша маман Әмин Тарзи бас министрлік қызметке жол берілмесе де, вице-президент деген қызмет қарастырылатын шығар дейді. Алайда, Хамид Қарзайдан кейін басқа біреу президент бола қалса, ондай дара билік одан сайын қатыгез болады дейді Әмин Тарзи:
- Президент Карзай алдағы маусым айында қайта сайланса бұл жақсы болатын шығар. Бірақ билік басына басқа біреу келсе – Конституцияның мына сипаты оған ашықтан ашық диктатор болуға жол ашады.
Ауғанстан ресми өкілдері президенттік биліктің шексіз күшеюін өтпелі кезең мұқтаждығымен ақтайды, азаматтық соғыстың әсерін жоюға біраз уақыт керек деп сипаттайды.
Американдық "Хьюман райтс уотч" құқыққорғаушы ұйымның Ауғанстан зерттеушісі Джон Сифтон деген басқа сарапшы болса адам құқықтары жөніндегі ұлттық комиссияның шеңбері әу бастан тарылмақ деп алаңдайды:
- Адам құқықтары жөнінде жобада жақсы айтылған. Бірақ адам құқықтарын сөз қорғамайды. Мұны арнайы ұйымдар жасайды. Адам құқықтарын қорғау үшін мұндай ұйымдар құрылады деген анық сөзді бұл конституцияда көрмей отырмыз.
Мәселен, адам құқықтары жөніндегі комиссия не соғыс қылмыстары жөнінде тергеу бастатқыза алмайды, басқа да келеңсіз мәселелерде дәрменсіз болмақ, куәгерлерді шақырып, өзі зерттеу жүргізуге қауқарсыз болмақ.